162
Операцияның техникасы. Ұманы сол қолмен мықтап ұстап оның
терісін тігіске паралельді бар ұзындығымен
қынаптық қабықты ашылғанша
тіледі. Қынаптық буданы қайшы немесе скальпельмен кесіп, жалпы
қынаптық қабығынан және ең бауынан ажыратып алады. Содан соң ең бауын
гемостатикалық іскекпен берік қысып немесе саусаққа орап алып, оны
жұлқып немесе бұрап үзіп алады. Іскекті шешіп, ен бауының кесегіне 5% йод
тұнбасын жағып, жаранының қуысына
антисептикалық ұнтақ немесе
эмульсия салады.
Лигатура қолдануымен пішу тәсілін көбінде жасы үлкен қабандарға
жасайды.
Операцияның техникасы. Ашық тәсіл.
Ұма қабаттарын және жалпы
қынаптық қабығын тілгеннен кейін, қынаптық буданы кесіп, енді және ен
бауын жалпы қынаптық қабықтан бөліп алады. Ен
бауының жіңішкерген
бөліміне жібек лигатураны кіші түйінмен салады. Одан 1,5 - 2 см төмен ен
бауын қайшымен кесіп, енді бөліп алады. Жараны алдындағы пішу
тәсіліндегідей өңдейді.
Жабық тәсіл. Скальпельмен еннің үстіндегі
кернеулі ұма терісін ен
ұзындығымен байқап тіледі. Жалпы қынаптық қабық бүтіндігін бұзбай
бұлшық ет серпімді қабығын және фасцияны қосымша жарып тіледі. Жігерлі
қозғалыспен жаранын ішінен сол қол саусақтарымен жалпы қынаптық
қабықпен жабылған енді сыртқа сығып шығарады. Ұма шеттерін шаптық
сақина жағына жылыжытып, енді жарадан ен бауына дейін тартып шығарып,
оған жабылған жалпы қынаптық қабықпен бірге лигатураны байлайды.
Лигатурадан 2 см төмендеп ен бауын кесіп тастайды.
Кәрі қабандарды пішу. Жатқызып немесе тұрған жайда пішуге болады.
Операцияны союға дейін 1,5 - 2 ай бұрын істейді.
Бекіту және жансыздандыру. Қабанның денесінің жоғарғы жағына
берік арқаннан құрық салып, сол жіп арқылы бағаналарға жақын тартып
байлап қояды. Жатқан жайда пішу алдында интратестикулярлық наркозын
тиопентал немесе пентатал – натриймен жасайды.
Мал жатқаннан кейін
дереу операцияға кіріседі. Түрегеп тұрған жайда пішкенде жергілікті
жансыздануды қолданады еннің әрбір қалыңдығына немесе ен бауына 10 мл
3% новокаин ерітіндісін инъекциялайды. Қосымша ұманың кесетін орнына
тері астына новокаин ерітіндісін енгізеді. Қабан ашуын азайту үшін
жергілікті жансыздануының алдында бұлшық етке нейролептиктер
тағайындайды (рометар, ромпун, аминазин, азаперон және т.б.).
Операцияның техникасы. Сол қолмен енді ұмамен бірге мықтап ұстап,
ұманы жалпы қынаптық кабығымен бірге барлық қабаттарын жарып кеседі.
Содан сон саусақтарымен қынаптық
буданы жыртып тастайды, ол
қабандарда жеңіл сәтте орындалады. Енді жалпы қынаптық қабықтан бөліп
алып оның жіңішкертілген бөліміне (сурет 126) жуан жібектен №8 - 10
немесе кетгут жіптерінен лигатура салынады. Лигатурадан 2 см қашықтықта
ен бауын кесіп ен алынады. Ен жарасы өте үлкен болғанда оның барлық
қабаттарын біріктіріп құрық тігіспен жабу қажет. Тігер алдында пішу жарасы
қуыстарының ішіне асептикалық ұнтақ салынады.