181
және шонданай-тікішек шұңқыршақ деңгейінде болады. Жансыздандыру
үшін бағыттайтын және инъекциялық екі инелер қажет. Бағыттау үшін
Бобровтын инесін қолданады. Инъекциялық үшін №10120 немесе №12120
инелер бағыттайтын иненің каналына азат кіруге тиіс. 2%-дық
новокаин
ерітіндісін қолданады.
Операция алаңын дайындаудан кейін бағыттайтын инені теріге шаншу
орнына қойып, оны краниовентральды шынтақ төбесіне бағыттайды. Теріні
тескенен кейін, әр уақытта үзбей құймышақ-шонданай будасын иненің
үшымен сезе тұра оны жамбас қуысқа бағыттап жылжытады. Инені жамбас
қуысқа бар ұзындығымен енгізеді.
Содан
соң бағыттайтын ине каналына, құймышақ-шонданай
будасының артқы жақ ұзындығына барлық тереңдікке инъекциалық инені
кіргізеді. Инъекциялық инеге шприцты қосып жеңіл қысыммен 40 мл
новокаин ерітіндісін енгізеді. Инъекция кезінде
ине ұшын сагитальдық
жазықтыққа сәл жылжытады, онымен жансыздандыратын ерітінді арқылы
жамбас клечаткасын кең бүруге болады. Онымен жыныс жүйкесі және
жамбас жүйке өрімінің бұтақтарының бөлімдерін
тежеумен қамтамасыз
етіледі. Кейін инелердің екеуінде (сол шаншу нүктелерінде) горизонтальдық
жайға келтіріп қосымша 20 мл жансыздандыратын ерітінді инъекциялайды.
Инъекциялау уақытында инелерді бірте-бірте жамбас қуыстан шығарып
фронтальдық жазықтықпен жылжытады. Бұл инъекциямен тік ішек және
жамбас өрім бұтақтары жүйкелері тежелуі жүзеге асады (сурет 137),
ұқсас
тәсілмен оң жақ жүйкелерді тежейді.
5-10 минут өте ұманың көлденең бүрмелері жазылады, ен төмен түседі,
шап терілерінің және ұманың сезгіштігі жоғалады. Жыныс мүшенің сигма
тәрізді бүгілісі түзуленеді, жыныс мүшесі сырқа шығады немесе күпектен
жеңіл шығарылады. Жыныс мүшесі және күпек ауырсыну сезімінен 1,5 – 2
сағатқа жоғалтады.
Сурет 137. Иненің сол жақтағы жыныс және тік ішек жүйкелерін тежеу кезіндегі
орналасу схемасы: 1 жыныс жүйкесі; 2, 3- орта және каудальды тік ішек жүйкелері