Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Жылқы парафимозында болатын манжетканы кесіп алу



Pdf көрінісі
бет91/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Жылқы парафимозында болатын манжетканы кесіп алу 
 
Көрсетуі. Парафимозда, жыныс мүшеде циркулярлық склероздалған 
ісік (манжетка) дамуында. 
Жансыздандыру. И.И. Магда тәсілімен жыныс мүшенің өткізгіштік 
жансыздандыруы. 
Операция техникасы. Операцияны түрегеп тұрған малға жасауға 
болады. Жыныс мүшені тазалап дезинфекциялағаннан кейін, сол қолымен 
манжетка ісігін ұстап алады. Сол қолдың сұқ және үлкен саусақтарымен оны 
түбінен қысып, қысу орынына инені төмен жағынан жоғары қадай кетгуттан 
ілмек тігіс салып, барлық манжетканы айналдыра тігіп шығады. Әрбір ілмек 
тігістің ені 1,5-2 см. Әрбір тігіс келесі тігістің алдындағы каналынан немесе 
одан таяулықта жүру керек. Тігістерді салудан кейін жіптерді күшпен тартып 
қысып байлайды. Содан соң тігістен жақын маңда манжетканы кесіп 
тастайды (сурет 140). 
Сурет 140. Жылқы парафимозында болатын манжетканы кесіп алу 


185 
Жылқының жыныс мүшесінің ампутациясы 
Зақымдалудың сипатына, дәрежесіне және көлеміне тәуелді жыныс 
мүшесіне төменгі немесе биік ампутацияны қолданады.
Жыныс мүшенің соңғы бөлімінде несеп-жыныс өзегін жасайтын болса 
төменгі ампутация (шеткілік уретростомия)деп атайды.
Көрсетуі. Некроз, мерездену, ісіктер, салдану, парафимоз, езілген 
жаралар. 
Жансыздандыру. Жалпы наркоз және өткізгіштік жансыздандыруды 
қолданады. 
1. М. Оливков өзгерткен Байер тәсілі. Операцияны жылқыны бүйіріне 
жатқызып жасайды. Жыныс мүшесінің басын қолмен немесе Мюзе 
қысқышымен бекемдейді. Операция кезінде қан кетуін алдын алу үшін 
жыныс мүшесін күпекке кіретін орынында резеңке лигатурамен тартып 
байлайды. Уретраның өзегіне доғал тік немесе түйме тәрізді қайшыны енгізіп 
жыныс мүшенің барлық қабаттарын жарып тіледі (сурет 141). Кесуді 
висцеральдық күпек жыныс мүшенің жапырақшасына асу орынында 
аяқтайды. Сол орыннан бастап жыныс мүшенің шетіне бөліміне бойлап 
несеп-жыныс каналының кілегейлі қабығын жеке тігістермен ұзындығы 7 - 8 
см көлемде, терісіне жапсырып тігеді. 
Сурет 141. Жыныс мүшенің ампутациясы (шеткілік уретростомия) 
А - уретраны қайшымен кесу; Б - уретра кілегейлі қабығын жапсыра тігілген және 
оның соңы тілініп ашылған; жыныс мүшені кесіп тастауы; В - үңгірлі дене кесігінің 
қалдығы және тігіс салынған уретраның түрі; Г - жыныс мүше кесігінің қалдығын екі 
жағынан тігіспен қысып тартылғаны; Д - операциядан кейінгі жыныс мүшенің кесік 
қалдығының түрі. Уретраның үңгірлі денелері (1), жыныс мүшенің денесі (2) және жыныс 
мүшенің басы (3) 


186 
Бірінші тігісті жара бұрышынан бастап алады, ал келесілерін оң және 
сол жағынан ара қашықтықтарын 0,5 - 0,75 см қылып тігеді. Соңғы тігістің 
маңайынан жыныс мүшені жуан жібекпен таңады, одан 2 - 3 см төмендеп 
жыныс мүшені кесіп тастап оның кесігін йод ерітіндісімен домдайды. 
Лигатура тайып кетпеу үшін, жыныс мүшенің терісін үстінен тіледі. 
Операция тамамдалғанан кейін резеңке лигатураны шешеді. Тігіс жіптерді 
жыныс мүше кесігінің қалдығы бөлініп түскенше 12 - 15 күнге дейін
қалдырады. 
2. Жабық керең тігіспен жыныс мүшенің кесігін жасау ампутациясы. 
Операцияны алдындағы тәсілдегідей жасайды. Несепжыныс каналы бойлай 
кесіліп, уретраның кілегейлі қабығы терісіне жапсыра тігілгеннен кейін
жыныс мүшенің шеттік аймақтық бөлімін 2 см ұзындыққа, маңайындағы 
қоршаған ұлпалардан бөліп, кесіп алады.
Сол кезде кесіктің қалдығынан уретраның бөлектелінген аумағы 
сыртқа щығып тұрады. Жыныс мүшенің кесігінің дорсальды беттеріндегі қан 
тамырларын таңып байлайды. Үңгірлі денесін түйінделген тігістеп тігеді. 
Кесіктің қалдығының үңгірлі денесіне уретраның қалған кілегейлі 
қабығымен жауып, терісі және фасциясымен бірге тігеді (Б - Д). 
Жыныс мүшенің биік керең ампутациясы. Көрсетуі. Жыныс мүшенің 
салдануы, некроздануы, күпекке дейін жеткен ісіктер. 
Жансыздандыру. Биік сакральді жансыздандыру, торбуджик, рометар, 
ромпун. 
Операция техникасы. Операцияны 2 кезеңмен орындайды. Алдымен 
шап аумағында жасанды несеп шығаратын канал (шаптық уретротомия). 
Одан кейін жыныс мүшесін мұқият тазалап, жуып, йод ерітіндісін жағады. 
Ампутация учаскесінде (әдетте күпектің білігінен жоғарырақ) теріні 
циркулярлық тіліп кесудің науасына жуан жібек жіптен лигатура салады. 
Лигатурадан 2 - 3 см төмен зақымдалған жыныс мүшесі аумағын толық кесіп 
тастайды. Кесіктің қалдығына йод ерітіндісін жағады. Ол 12 - 15 күн 
аралықта бөлініп түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет