Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет96/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   129
оперативтік хир 8 н

АЯҚТАРҒА ОПЕРАЦИЯ ЖАСАУ 
Кеуде аяқтары 
 
Жалпы анатомо - топографиялық деректері. Кеуде аяқтарда келесі 
аумақтарды айырып таниды. 
Жауырын-иық аумағы (regio scapulohumeralis): жоғарғы шекарасы - 
жауырының жоғарғы және үшінші орта аралығы, алдыңғы шекарасы - 
бұлшық еттермен жабылған жауырының, жауырын иық буынының және иық 
сүйектің алдыңғы жақтары; Төменгі шекарасы - шынтақ төбешіктің жоғарғы 
бөлімдеріне тең горизонтальдық жазықтық; артқы шекарасы - шынтақ 
сызығы. Ірі малда ол аумақта сыртқы бұлшық ет төбесінің, дельта тәрізді 
бұдырлық және иық сүйектің үлкен төбесінің айдарының сүйек шошақтары 
жақсы байқалады және ұстағанда білінеді. 
Шынтақ және білек буыны (regio cubitalis et antebrachialis): 
жоғарғы шекарасы алдындағы аумақтың төменгі шекарасына сай келеді
төменгі шекара – білек сүйектерінің дистальдық байлам төбешіктерінен 
жүрген жазықтық. 
Жылқыларда білектің медиальдық беттеріне оның ортасына жақын 
маңда, терісінде бойлаған каштан атты мүйіз құрамы болады. Шынтақ 
төбешектің төбе аумағында үстіңгі фасцияның астында, жылқы мен иттерде 
жиі жарақаттанып қабынатын терінің астындағы синовиальдық дорбасы 
орналасады. Білек медиальдық беттерінде (итте дорсальдықта) үстіңгі 
фасцияның астына жақсы байқалатын білек терісінің қан тамырлары 
орналасады – негізгі және қосымшасы; соңғысы кәрі жілікті жазғыш бұлшық 
еттің медиальдық бетімен бойлай орналасады. Жылқыда осы екі 
тамырлардың аралығында тері - бұлшық ет жүйкенің жіңішке тері бұтақ діңі, 
кейде саусақтармен басып байқап қарауға болады. 
Бұлшық еттерге киілетін білектің терең фасциясы волярлық бетінде 
жуандайды. Ол білек бұлшық еттеріне және олармен бірге өтетін 
жүйкелермен қан тамырларына арналған екі үлкен фасциальдық қап 
құрастырады: дорсальдық жазғыштарға және пальмарлық бүктеулерге 
арналған.
Қанмен қамтамассыз етуі орталық, коллатерлік шынтақ және кәріжілік 
тамырлардың бұтақтармен жүзеге асады; жүйкеленуі - қолтық асты, орталық, 
шынтақ, кәріжілік және тері - бұлшық етті жүйкелердің бұтақтармен
атқарылады ( сурет 148). 


195 
Латеральдық 
Медиальдық 
Латеральдық 
Медиальдық 
Сурет 148. Жылқының (а) және ірі қара малдың (б) кеуде аяқтардың дистальдық 
бөлімнің аумағындағы терісінің жүйкеленуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет