219
Тері асты прекарпальдық синовиальдық
қапшықтың экстирпациясы
Көрсетуі. Операцияны ірі қара малда синовиальдық қапшықтың
созылмалы сірлі - фибринозды қабынуда, тері индурациясы құбылыстарында
жиірек орындайды.
Бекітуі. Сау аяғы жағына жатқызады.
Жансыздандыруы. Үйлескен наркоз, бұлшық ет – тері, шынтақ және
кәрі жілік жүйкелердің тері бұтақтарын
жансыздандыруын қолданады
(Артмейер тәсілімен).
Операция техникасы. Білекке икемді жгут салынады. Ісік бүйірлерінін
терісін айналдыра тіліп оны бурсаның жуандатылған қабырғаларынан
ажырата алады. Тері бурсаның барлық жақтарынан сыпырылғаннан кейін,
оны Мюзе қысқышымен тартып алып, түбінен қайшымен кесіп алады. Мына
жайда кәрі жілік сіңірінің немесе жалпы саусақтың жазғышының қынабын
байқамастан зақымдаудан мұхият сақтану керек.
Сондай қауып болған
жайында бурсаны жартылай экстирпациялайды. Бурсаның ішкі қабырғасын
қалған бөлімдерін өткір қасықпен қырып алады. Бурсаны алғаннан кейін
артық
қалған теріні кесіп тастап, қан ағымын тоқтатады, жара қуысына
антибиотик немесе сульфаниламидтердің ұнтағы мол салады.
Теріні
түйінделген немесе ілмек тігіспен тігеді. Тартып таңады. Тігістерді 14 күннен
кейін шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: