221
беттеріне істейді (плантарлық), сонымен қатар олар медиальды және
латеральды алдындағы кесулермен қосады. Саусақтың сыртқы беттеріндегі
тері қиықтарын, тұсамыс сүйектің проксимальдық бөліміне дейін ажыратып,
үстіне қайырып қояды;
дәл осылай медианалық бетпен, тұяқаралық
саңылаудың жоғарғы шекараға дейін істейді. Препаровканың нәтижесінде
тәждің дорсальды бетінде кішкентай үшбұрышты тері кесегі қалады. Қан
тамырларын лигильдейді. Пышақ немесе қайшымен крест түрлес
байламдарды саусақ аралық майлы ұлпаны, тұсамыс сүйектің дистальдық
деңгейге дейін жарып тіледі. Содан
соң сым немесе басқа арамен, үстіңгі
жағынан төмен және сырттан ішке қиғаш, жабысып тұратын сіңірлермен
бірге тұсамыс сүйекті кеседі (сурет 162
б). Операция аяқталуында
ұлпалардың үзіктерін алып тазартады, қан
тамырларын байлайды және
кемікті өткір қасықпен сүйектен қырнайды. Жараға антибиотик ұнтағын
себеді, содан соң терінің сыртқы қиығын ішкісіне қосып тігеді (сурет 162
в).
Сурет 162. Ірі қара малда бақайдың ампутациясы:
а - тері қиығының препаровкасы;
б - I
фаланганың препараовкасы аяқталғаны;
в – ампутациялық қалдыққа тігіс салуы
Қара маймен дымқылданған таңғыш таңылады.
Егер саусақ сіңірінің
терең бүккішін қынабы инфицизацияланбаса, жазылу алғашқы бітіммен
жүреді. Таңғышты 2-3 күнде аралықта жара толық жазылғанша алмастырады.
Сіңірдің қынабы инфицияланған жайында (лайлы синовидан білінеді)
Роде ұсынысымен ампутацияға қосымша, саусақтың терең бүккіш сіңірін,
қынаптың проксимальды бөлімінен резекциялайды.
Тері астына, рудиментті тұяқтан проксимальды,
алақан кеңдігі
аралыққа ашылған сіңірдің қынап қуысына зонд немесе корнцангіні енгізеді.
Осы орынның жүнін қырып, теріні дезинфекциялайды. Зондты бағдарлай,
сіңірге паралельді, саусақтың үстіңгі бүккіш сіңірінің қынап қуысына дейін
5-8 см ұзындықпен ұлпаларды тіледі. Содан соң кесу қуысына қосылған
иілген қайшыны енгізіп, онымен жігерленіп, терең бүккіш сіңірдің қалдығын
сыртқа шығарады. Мына кезде инфицизацияланған
лай синовии мол ағуы
мүмкін. Сіңірді іліп алып кесіп тастайды. Сіңірдің қынап қуысын
222
антисептикалық ерітіндімен жуып, дәке ынжасымен құрғатады. Мына
жараны тікпейді. Тігілген қалдыққа және ашық жараға таңғыш таңып, оны
жара толық жазылғанша алмастырады.
Достарыңызбен бөлісу: