Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет44/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
 
 
 
 


101 
ДЕСМУРГИЯ 
 
Десмургия - таңғыштар туралы ілім (грек. desmos – таңғыш, байлам, 
ergon – іс). Таңғыштарды салу әдістерін, таңатын материалдардың қолданылу 
түрлерін және қасиеттерін зерттейді. 
Таңу деп - таңғыш материалмен жүзеге асатын және келесі мақсатта 
қолданылатын механикалық тәсілдерді айтамыз:
а) жаралардан қан кетуді тоқтату үшін, жараны қысып таңады 
(басатын таңғыш)
б) жараларды емдеу және оны сыртқы зиянды әсерлерден шектеп 
қорғау үшін (жаралық таңғыш); 
в) дене бөлімдерін қатайтқызып қимылдатпау үшін сынықтарда, буын 
шыққанда, созылғанда және басқа да құбылыстарда (қозғалтпайтын, 
иммобилизациялық таңғыш);
г) жабық зақымдарда немесе жұмсақ ұлпалардың әртүрлі қабыну 
процестерінде емдеу үшін (компресс - таңғыштар). 
Таңғыштардың көпшілігінің ішкі (тікелей ауырған орынға таңылатын 
қабаты), сыртқы (бірінші қабатты бекітіп ұстап тұратын) және негізгі таңғыш 
деп ажыратады. 
Жалпы таңатын негізгі материалдарға: дәке, мақта, лигнин, ал 
қосалқыларға - талшық қалдығы, джут, шымтезек, мүк, целлофан, ағаштың 
жүні, гранулеза, клеенка, байка, фланель және т.б. жатады.
Дәке - әлсіз ширатылған жіптерден дайындалған сирек мата. Дәкенің 
ағартылған (химиялық майсызданған) және сұр (майсыздалмаған) түрлері 
болады. 
Мақта - майсызданған (ағартылған) және майсыздалмаған (сұр немесе 
ақ) болып бөлінеді. 
Лигнин - жұқарған ұсақ саңылаулы қағаз түрінде болады. Оны ағашты 
химиялық жолымен өңдеу арқылы әзірлейді (қышқылдарда қайнату). 
Лигиннің сорып алушы қабілеттілігі өте үлкен. Жарық әсерінен ол сынғыш 
болып, сарғыш түске айналады. 
Шымтезек мүгі - мүк сабақтарынан мақта немесе престелген 
пластинкалар түрінде даярланады. Жоғарғы сорып алушы қабілеттілікке, 
сонымен қатар дезодорирациялық және дезинфекциялайтын қабілеттілікке 
ие. 
Целлофан - жасанды жібек өндірісінде жіңішке мөлдір жапырақтар 
түрінде қосымша өнімдерден алынады. Беріктікке, жұмсақтыққа және 
өткізбейтін қасиетке ие, ол компрестер үшін және таңғыш материал түрінде 
жақсы қолданылады. 
Гранулеза - дымқыл мақтаны өңдеуіден кейін қалатын фабрикалық 
қалдықтар, қара түсті талшықты материал, барқыт сияқты - икемді 
консистенция түрінде болады. 
Талшық қалдығы – сабақтардың қатты бөліктерінен тазартылған зығыр 
немесе сора талшығы. 


102 
Джут - түрімен қалдық талшыққа ұқсас, үнді сорасының жас 
қашуларынан әзірленеді. 
Ағаш жүні (ағаштан жасалған мақта) - ұсақ жұмсақ үгінділерге 
ұқсайды. Хирургияда сирек қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет