98
Қанды мол жіберу керек болса күретамырды алдын - ала арқан немесе
резеңке жгутпен қысады. Содан соң күретамырды бойлай, ұзынына теріні 1-
1,5 см бойлай кесіп, ашып қояды (жіңішке теріні кесуге болмайды).
Бордақылауды жақсарту мақсатымен 2
жастағы ірі қара малдан қан
жіберуді жүзеге асырады. Малдың қанын алу мөлшері әр 1 кг салмаққа 10 мл
20 - күндік аралықтарда алынады (немесе 13 мл 1 кг салмаққа 1 айлық
аралықтарда алынады).
Гипериммундалған малдан қанның сары суын алу үшін, қанды бір ай
ішінде төрт мәрте алуға болады. Алу мөлшері 14 - 15 мл 1 кг
тірі салмақ
есебімен, үзілістері: бірінші және екінші аралығы, үшінші және төртінші
аралық 2 күн, екінші және үшінші аралық 10 - 12 күн.
Шошқадан мол мөлшерде қан алу үшін, құйырығының үшын
кесіп
алады, алынып болған сон қан ағуын тоқтату үшін резенке шығырық (сақина)
салады. Қаның аз мөлшерін құлақ күретамыран алады.
Құстардан қанды айдарын немесе сақалшасын кесу арқылы жеңіл алуға
болады.
Емдік мақсатпен бір рет алынатын қаның мөлшерлері:
жылқыларда 2 - 6 л, ірі қара малда 3 - 8 л, ұсақ мүйізді малда 200 - 400
мл, шошқада 200 - 600 мл, итте 50 - 200 мл, тауықта 10 - 40 мл және ірі
құстарда 40 - 60 мл.
Достарыңызбен бөлісу: