127
а
б
Сурет 101.
а - резеңке сақинаны кигізуге арналған қысқаштар;
б - мүйіздің түбіне
резеңке сақинаны кигізу
Қанды тәсіл. Есейген малға жоғарыда
айтылған клиникалық
көрсетулерде жиірек қолданады.
Бекіту және жансыздандыру. Операцияны танауға қысқаш салуымен
және мүйіз жүйкесін тежеумен, станокта тұрған малдарға орындайды.
Мүйіз жүйкесін тежеу техникасы (n. cornus). Мүйіз бен көз
орбитасының артқы жағынан орталық ара қашықтығын анықтайды. Сол
нүктеде инені маңдай сүйек сыртқы тарағы жағына қадайды. Шаншу
тереңдігі 1,5 см, 10 мл 3% - дық новокаин ерітіндісін инъекциялайды.
Ампутация техникасы. Мүйізді йод ерітіндісімен екі мәрте өңдеп, сым
немесе жапырақты арамен кесіп алады. Маңдай кеңсірігіне шығатын қуысқа
қан кетпеу үшін, малдың басын операция жасалатын мүйіз жағына еңкейтеді.
Қан кетуін алдын алу үшін мүйіз түбіне резеңке трубкадан жгут салынады.
Жгутты әлсіретіп сүйектегі қанаған
тамырларды скальпель ұшымен
нығыздап тоқтатады және босаған ұшына (культясына) антисептикалық
маймен немесе эмульсиямен таңғышты орайды. Мүйіздің
«жабық түрді
»
ампутациясы тері пластикасын қолданумен жасалады.
Көрсетуі. Ампутациядан кейін, әсіресе бұқаларда операциялық жазылу
құбылыстарын тездету үшін қажет.
Бекіту және жансыздандыру.
Малды алдыңғы жағдайдағыдай
бекемдейді. Жалпы тыныштануға қалың етке нейролептик қолданады.
Жансыздану мақсатымен бір уақытта маңдай астындағы және мүйіз
жүйкелерін тежейді. Қосымша мүйіздің артқы түбінен терінің астынан
кішкене білік түрінде инфильтрациялық анестезия істейді (мойын
жүйкелердің дорсальды діңдердің бұтақшаларын тежеу). Ромпунды
қолдануында тек қана мүйіз жүйкесі тежеумен шектеледі.
Григореску тәсілімен операция жасау (авторлармен бірлескен).
Нейролептик қолдануынан кейін мүйіз жүйкесін тежеумен шектеледі.
Мүйіздің түбінен, сыртқы маңдай тарақ бойымен 3-4 см ұзындықпен кеседі
және мүйіздің артынан жүйкеге бағыттап тура сондай екінші тілімді
жасайды. Мүйіздің түбін екі жарты ай тәрізді тілімді кесулер жасайды және
теріні 2–3 см препарациялайды. Препарациялаған теріні іскектермен ұстап
128
тұрады. Содан соң сымның арасымен мүйізді ең түбінен кесіп алады. Жараны
түйінделген тігістермен тігіп қояды оларды 10 - шы күні алады (сурет 102).
Сурет 102. Мүйіздің «жабық» ампутацияның кезеңдері (Григореску әдісімен)
Достарыңызбен бөлісу: