Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Мүйіздерге жасайтын операциялар



Pdf көрінісі
бет55/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   129
оперативтік хир 8 н

Мүйіздерге жасайтын операциялар 
Анатомо - топографиялық деректері. Маңдай мүйіз сүйек өсіндісі 
мүйіз терілері негізімен жабылған, ол сүйек тысымен бітеседі. Сыртқы мүйіз 
тері негізі қабаты, эпидермистің өндіретін қабатымен жабылған еміздікті? 
қалыптастырады. Өндіретін қабат тығыз мүйіз қабатын өндіреді, ол мүйіздің 
сыртқы қабатын (чехолын) қалыптастырады. 
Маңдай сүйектерге келешекте мүйіз өсінді құру орнында, сүйек қабығы 
астында экзостоз көрінеді. Ал терілердің жуан қабаттарында, мүйіздің 
басталуы бікетіліп тасталады. Оның барлығы мүйіз төбешігін жасайды. 
Басында экзостоз және мүйіз сүйегінің бастапқысы бірінен бірі сүйек 
қабығымен бөлінген болады, ал содан соң біте келе қосылады. Бір уақытта 
мүйіз төбешікте үмеген қуыс көрінеді, кейіннен маңдай кеңсірігімен 
қосылады. Мүйіз өсу шегі өсіп келе жатқан мүйіз қуысына созылып өседі. 
Мүйізді қанмен самай үстіңгі артериядан сол аттас артерия 
қамсыздандырады (a. cornus). Ол сыртқы маңдай тарақты бойлай жүреді 
аттас жүйке дениисі және қабырғада болу және медианалық бұтақтарға мүйіз 
негізінде тармақталады. 
Жүйкеленуі. Ең басты жүйке – көз жүйкесінің бұтағы - мүйіз жүйкесі 
(n. cornus). Ол орбитадан шыға, сыртқы маңдай тарақты бойлай жүреді, 
терімен, фасциямен, маңдай - қалқаша бұлшық, етпен және май қабатымен 
жабылады. Мүйіздің негізінде маңдай және блокастындағы жүйкелердің 
бұтақтары жақын келеді, өз ара қосыла тармақтанады.
Ірі қара малды мүйізсіздендіру (декорнуация) 
Көрсетуі. Байламай ұстауға арналған табын құруы үшін, сынулар, 
мүйіздердің дұрыс өспеу және ісіктер пайда болған кездерде, сүзегендікте. 
Ірі қара малды мүйізсіздендірудің екі әдіс болады:


126 
1) мүйіздердің дамуынын тоқтату және
2) мүйіздерді кесіп алып тастау. 
Мүйіздердің дамуын тоқтату 1-3 апталық бұзаулардың мүйіз 
төбешіктерінің аумағында тері негізін және эпидермисты қиратуға 
негізделген. Ол үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. 
Химиялық тәсіл ең көп таралған. Бұзаулардың мүйіз төбешіктерін 
күшті әсер ететін химиялық заттармен күйдіру: натрий (NaOH) немесе 
калийдің гидроокисі (KOH), азот немесе үшсіркесуының қышқылы және т.б.
Өңдеуден кейін 2 апта бойы бұзаулар мазасызданады. 6 - 8 күннен 
кейін домдалған орнында құрғақ қабыршақ құралады, ол 2 - 3 аптадан кейін 
бөлініп түседі. 
Когер (1976) сол мақсатпен 3-15 күндік бұзауларға мүйіз төбешігінің 
терісі негізінің астына 5–10% кальций хлориді ерітіндісін айнала 
инъекциялайтын. 
Химиялық заттарды жағуда бұзаулар бірі – бірінің мүйіз төбешіктер 
жалап, тілдерін күйдіруі мүмкін. Ондай жағдай негізінде бұзаулардың 
азығында минералды заттар жетіспегенде кездеседі. 
Термиялық тәсіл ең бір жақсы әдіс болып келеді, 3 апталық жастағы 
бұзауларға қолданады. Темір немесе электрлік күйдіргіштерді пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет