129
үлкен артериясынан шүйде айдарынан 0,5-1,2 см алда өтеді және бастың
медиалды сызығына бағытталады.
Ірі қара малда бас миының жартышарларын
алдыңғы және артқы
бөліктерге бөлу керек. Себебі малдың бұл түріне көбіне операция аурудың
үшінші сатысында, балаң құрттар толған қап 100-150 мл көлеміне жеткенде,
бас миының біраз бөлігін зақымдағанда жасалады. Алдыңғы бөлік маңдай
аумағына, обиталардың артқы қырларын біріктіретін сызық және сыртқы
маңдайлы айдарларының ортасынан өтетін сызық болып бөлінеді.
Бас сүйек қуысының хирургиялық шекаралары:
алдыңғысы
анатомиялық шекарадан 2,5 см артта: қырлы сагитальды тігістен 2 см
латеральды, ал мүйіздердің алдыңғы қырларын біріктіретін артқы сызықтан
1,5 см қашықтықта орналасқан. Маңдай сүйегінің қалыңдығы алдыңғы
хирургиялық шекара аумағында бұқада 1,6-1,8 см, сиырда 0,9-1,0 см. Ал
алдыңғы және артқы хирургиялық шекаралар арасындағы қашықтық бұқада
1,2-1,4 см, сиырда 0,7-0,8 см. Бас сүйек қуысы проецирленетін аумақтың
жұмсақ
ұлпалары теріден, тері асты клетчаткасынан, шелден және сүйек
үстінен түзіледі (В.Р.Тарасов). Алатау тұқымында осындай шелде маңдайдың
сыртқы бұлшық еті жатады (А.А.Домбровский).
Артериялық ірі тамырлар бас аумақта болады. Ұсақ тамырлар астыңғы
қабақ артериядан, самай және маңдай артериялардан кетеді, бастың ортаңғы
сызығының бағытына көлденең бағытталады. Бұлардың бәрі тармақты
шашыраңқы типті түрде болады, сонымен
бірге қарама-қарсы жақтағы
тамырлармен ұштасады. Жұмсақ ұлпалардың жүйкеленуі негізінен блокасты
жүйкемен жүзеге асады, оның 2-3 тармағы орбита шетінің маңдай аумағына
қатысады және тармақтарын барлық жұмсақ ұлпаларға артқы маңдай
айдарына бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: