137
Кеуде қабырғаларын жансыздандыру
Көрсетулері. Кеуде қабырғаларына операция ірі малға жасалады.
Негізінде қабырға аралық жүйкелерді және вентралдық кеуде жүйкесі
тежеленеді. Нейролептикті қолдануы міндетті.
Қабырға аралық жүйкелерді тежеуі дорсальды кеуде жүйкелердің тері
бұтақтарымен қатар жасалады. Тежелетін қабырға аралық жүйкелердің саны
операция жасалатын көлемінің мөлшеріне тәуелді болады.
Бірақ операция
орынынан краниальды және каудальды кесілетін ұлпалар сыртынан, тағы бір
жүйке тежеледі.
Ине шаншу нүктесінің орыны әрбір қабырғаның артында, арқаның
ұзын және мықын қабарғалық бұлшық еттермен құрылатын ойыста жатады.
Кеуде жүйкесінің дорсальды діңін, тері бұтағын тежеу үшін,
алдымен тері
астына 10 мл 3%-дық новокаин ерітіндісін инъекциялайды. Содан соң инені
қабырғалардың артқы жақ шетіне сәл жылжытып оны 0,5- 0,75 см тереңдіке
жеткізіп, тағы сол мөлшерде новокаин ерітіндісін инъекциялайды.
Кеуде ветральдық жүйкесін тежеу 6-шы қабырға деңгейінде терінің
астына және үстіңгі фасцияға, сыртқы кеуде венасының үстінен, паралельді
кеуде ветральдық жүйкесі орналасқан орынға 10 мл 3 %-дық новокаин
ерітіндісін инъекциялау арқылы жүргізіледі.
Плевраны тесу ( рlеurосеntеsis )
Көрсетуі. Плевралық
қуыста қан немесе экссудат бар, жоғын тексеру
үшін диагноздық, сонымен қатар емдік мақсатпен орындайды.
Пневмоторакста ауа сору үшін тесу жасалады.
Құралдар. Троакар немесе резеңке түтігі бар қан алатын жуан ине.
Бекемдеу. Ірі малдарды түрегеп тұрған түрде, ұсақ малды үстелде
жатқызып бекітеді.
Операция техникасы. Тесу орны, мүйізді малда оң жақта 5-6- шы сол
жағынан 6-7- ші
қабырғалар арасы; жылқыда оңынан 6-7- шы қабырға
аралығы, сол жағында 7- 8-ші; ит және мысықта оңынан 6-7- ші, сол жағында
7-8-ші қабырғалар арасы.
Троакар (немесе инені) оң қолмен ұстайды, тесу тереңдігі ірі малда 4 -
6 см, ұсақ малда 2 -3 см. Сол қолмен теріні бір жағына жылжытып,
кеуде
сыртқы тамырынан жоғарырақ, тамыр – жүйке шоғына зақым келтірмеу үшін
қабырғалардың алдыңғы қатарына бағыттап, кеуде қабырғасын жылдам
теседі (сурет 108).
Егер кедергілер сезілмесе, троакардың гильзасынан
қанжарын шығарып, сұйықтықты шығарады.
Плевралық қуысына ауа кіргізбеу үшін, резеңке түтікті шприцтен
ажырату алдында оның тесігін саусақпен немесе
қан тоқтататын іскекпен
қысады.
Плевралық қуысын босатқаннан кейін троакар гильзасына қанжарды
салып (инеге мандренді) тесу орын саусақпен басып аспапты шығарады.
138
Тесу каналы алдында жылжытылған терімен жабылады. Тері тесігін
йодоформды коллодий анжысымен жабады.
Сурет. 108 Плевроцентез
Достарыңызбен бөлісу: