Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Өңеш дивертикуласына операция жасау



Pdf көрінісі
бет61/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Өңеш дивертикуласына операция жасау 
 
Көрсетуі. Өңештің мойын бөлімінде азықтық түйірі өту кезеңде оның 
қабырғасы жүйелі қампиып және кейіннен оның тығындалуында болады.
Операция техникасы. Жалпы наркоз, жергілікті жансыздандыру. 
Дивертикул аумағында өңештің барлық бойын бұлшық ет қабаттына жарып 
ашылады. Созылған кілегейлі қабықты жалаңаштап іскекпен ұстап, бұлшық 
ет қабықты шығарып оны қайшымен кесіп алады. Әр қабатпрға жеке тігістер 
салынады. 
Кілегейлі қабықты кесіп алған орнына дивертикуланы тарылтып тігуге 
болады. Бұл кезде өңештің жалаңашталған қабырғасына көлденең бағытта 
тек қана адвентацияны және дивертикула орындағы бұлшық ет қабатын тесе 
3 - 4 тігіс салынады. Жіптердің ұштарын байланыстыра дивертикулды өңеш 
қуысына ығыстырады. Кейіннен ығыстырған ұлпалар және дивертикула 
бірте-бірте жоғалады. 


136 
КЕУДЕ АУМАҒЫНДА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР 
Кеуде қабырғасына жаслатын операциялар 
 
Анатомо - топографиялық деректер. Шекарасы: алдыңғысы – 
жауырының артқы бұрышын шынтақ төмпешігімен қосушы тік сызық; 
артқысы – соңғы қабырға; жоғарғысы - арқаның ұзын бұлшық етінің төменгі 
шеті; төменгісі - кеуденің сыртқы күре тамырдың аумағы. 
Қабаттары. Тері және тері асты шеліне – бірге қосылған үстіңгі 
фасция болады. Оның жапырақшаларының аралығында кеуде тері бұлшық 
еті орналасқан (m. cutaneus trunci). Оның жоғарғы шекарасы ірі қара малда 
соңғы қабырғаның сызығына барады, төменгі шекарасы доға түрде, ақ 
сызыққа жақын маңда өтеді. Жылқыларда ол үшбұрышты түрде болады, 
үстіңгі жағынан шоқтықпен мықын-тізе бүкпеге қосылған сызықпен 
шектеледі. Теріні қабырға аралық тамырлар қорктендіреді, кеуде дорсальды 
және вентральды тері бұтақ жүйкелері жүйкелендіреді. Тері асты бұлшық еті 
қосымша вентральдық кеуде жүйкесінің бұтақтарымен жүйкелінеді. 
Арқаның кең бұлшық еті (m. Latissimus dorsi) - оның төменгі жағы иық 
сүйектің ортасынан, мықын сүйектің ішкі төбесіне дейін сызықпен 
жобаланады. 
Терең кеуде-құрсақ фасциясы (fascia thoracoabdominalis рrofundus) – 
беларқа фасцияның кеуде қабырғасына жалғасы. Шөп қоректілерде ол сары 
құрсақ фасциясы деп аталады. 
Тісті дорсальды бұлшық ет (m. serratus dorsalis) дем алатын және дем 
шығаратын бұлшық еттерден түзеледі. 
Тісті вентральдық бұлшық ет кеуде бөлімі (pars thoracalis m. serratus 
ventralis) өз тістерімен 1 - 9- шы (жылқы) және 1-8- ші (мүйізді мал) 
қабырғалардың төменгі сыртқы беттеріне бекітіледі.
Сыртқы қиғаш қарын бұлшық еті (m. Obliguus abdominis externus) өз 
тістерімен сербекті шынтақ адырмен қосушы сызықта қабырғаларға бекінеді.
Қабырғалар, қабырға аралық бұлшық ет және тамыр-жүйке 
будалары. Ең кең қабырғалар, әсіресе олардың төменгі жағы мүйізді малда 
болады. Қабырғалардың артқы ішкі жағында қабырға аралық тамырларға 
арналған ойыс болады. Қабырға аралығы сыртқы және ішкі қарбырға аралық 
бұлшық еттермен толтырылған.
Тамыр-жүйке будалар (а. v. еt n. intercostales) ішкі қабырға аралық 
бұлшық еттің медиалдық беттеріне орналасады. 
Ішкі кеуду фасциясы (fascia endothoracica) қабырғалардың ішкі 
беттеріне, қабырғааралық бұлшық еттеріне, кеуде сүйектеріне және көлденең 
бұлшық етке қосылады. 
Париенталдық плевра (pleura parietalis) кеуде ішіндегі фасциямен 
тығыз бірікен, кеуде қабырғасын ішінен жабады. 
Кеуде қуысы құрсақ құысынан диафрагмамен бөлінеді. Кеуде 
қабырғасының ішіндегі қуысты плевра жабады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет