Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Мес қарынды тесу (rumenocentesis)



Pdf көрінісі
бет63/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   129
оперативтік хир 8 н

Мес қарынды тесу (rumenocentesis) 
 
Операция көрсеткiштерi. Мес қарында өте жіті және аса көп газ 
жиналғанда, күйіс қайтаратын малдың кеудесі қысылып, тұншығып өлiп 
кетуден сақтандыру мақсатымен мес қарынды теседi. 
Жансыздандыру. Малдың тiршiлiгiне қауiп туғызатындай аса кеуiп 
кеткен жағдайда, уақыттың тығыздығына байланысты (экстрендік жағдай) 
тесетiн жердi жансыздырмайды. Аса қауiптi жедел жағдай болмағанда 
тесетiн орынды тиісті тәсілдермен зарасыздандырып, 5 мл 0,5% новакаин 
ерiтiндiсiн енгізiп жансыздандырады. 
Операцияның техникасы. Тесетiн жердi мүмкіндігінше жүнiн қырқып, 
онан соң қырып, терiсiне йодтың спирттегi ерiтiндiсiн жағады. Тесу орнын 
малдың бел аумағында (сурет 109), соңғы қабырғамен сербектiң шетiн 
қосатын сызықтың ортасынан, омыртқалардың өсінділерінен алақан бойы 
төмен, аш бүйiрден белгiлейдi.
Сурет 109. Мес қарынды тесу орны: а – троакар; б – тесу орны 


139 
Мес қарынды әдетте арнайы аспап – троакармен теседi ол жоқ болғанда 
өткір скальпель, кәдімгі пышақ т.б. жарамды аспаптарды қолданады. Тесу 
үшiн троакардың өткiр ұшын белгілеген орынға қойып, малдың оң жақ артқы 
аяғының тілерсек буынына қарай аспаптын ұшын бағыттап, троакардың 
тұтқасы үстiнен алақанымен тесетiндей күшпен қатты және жылдам ұрады. 
Егер терi тесiлмесе, оны алдымен скальпельмен кішкене тiледi. Құрсақ 
қуысының қабырғасын және мес қарынды тескен соң, троакардың тұтқасын 
сабына дейін енгізеді. Троакардың гильзасын басып тұрып, оның стилетін 
суырып алады. Тесікті саусақпен жауып, жиналған газды аз мөлшерде 
баяулап шығарады. Гильзаның түтігі кесек заттармен бiтелiп калса, оны 
троакарды қайтадан тығып тазартады. Газды толық шығарып болғаннан 
кейін гильза арқылы қарын iшiндегі жіті ашуды тоқтатату мақсатымен 
дәрiлерді (тимпанол, белседелген көмір, эспумазан т.б.) жiбередi. Гильзаны 
малдың терісіне тігіп қойып оны 5 – 6 сағатқа дейiн ұстайды. Газ пайда 
болуы тоқтағаннан кейін, троакардың гильзасын терiнi саусақпен баса тұрып, 
қарыннан суырып алады. Жараны жуып тазартып тесік орныны 5 – 10% 
йодтың спирттегi ерiтiндiсiн немесе 5% бриллианты жасылдың спирттегі 
ерітіндісін жағады, мүмкіндік болғанда желімдермен желiмдейдi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет