Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Қошқарларды және текелерді пішу



Pdf көрінісі
бет75/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   129
оперативтік хир 8 н

Қошқарларды және текелерді пішу 
 
Бұқалардың пішумен бірдей, қошқарларда және текелерде қансыз 
(перкутандық) және қанды пішу әдістерін қолданады. 
Бекіту. Хирург 0,5 м биктікке отырады, көмекші оған қарама-қарсы 
орналасып, пішетін тоқтыны (лақты) құйымшақ - арқалы жайын келтіріп, 
оның барлық төрт аяқтарын бірге бекіте ұстап опрерацияға даярлайды (сурет 
125). 


160 
Қансыз (перкутандық) әдіс. Қысқыштарды қолданып пішу. 
Операцияны жасау үшін Бурдиццо, Телятниковтың немесе Ханин – 
Тыныбековтың қысқыштарының біреуін пайдаланады.
Бурдиццо қысқышын пайдалану кезінде сол қолдың саусақтарымен
ұма мойынын басып, терінің арасынан ен бауын тауып алып, оны 
латеральдық жаққа апарып оған қысқышты салып
 
 
 
а 
 
 
 
 
 
б 
Сурет 125. а - ұсақ күйіс қайырушыларды пішуге бекемдеу, 
б - лигатура салып жабық тәсілмен пішу 
қысады. Қысқышты 30 секунт ұстап оны басқаша 1 см төмен орналастырып 
қайтадан қысып, ен бауын екінші қайтара мыжыйды. Екінші ен бауын дәл 
осындай әдіспен күйретеді. Келесі күні ұма бірталай домбығады, 1 аптадан 
кейін бірте-бірте орнына қалыптасады, 5 – 7 айдан кейін ендер толық семеді. 
Телятников және Ханин - Тыныбековтың қысқыштарымен операцияны 
дәл бұқаларды пішкен әдіспен жасайды. 
Перкутандық әдіспен пішілгендердің тірі салмағы ендерін толық алып 
тастаған тоқтылармен салыстырғанда 10-15%-ға дейін үлкейеді, ұшалары 8-
12%- ға ауыр тартады. 
Эластрация – ұма мойынына резеңке сақина салу арқылы пішу. 2 - 
апталық тоқтыларға қолданады. Арнайы қысқыш - эластратормен резеңке 
сақинаны (сыртқы диаметры 2 см, ішкі 1 см) созып ұманың мойнына 
кигізеді. 12-15 күн өте ұманың барлық құрамы некроздалып, резеңке 
сақинамен бірге бөлініп түседі. Шетелде осы эластрация өндіріс 
тәжірибесінде миллиондаған тоқтыларға тиімді қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет