164
Төбеттерді пішу
Көрсетуі. Еннің жазылмайтын аурулары, либидосын жою немесе
жуастату үшін.
Жансыздандыру. Нейролептик және жергілікті жансыздандыру.
Операцияның техникасы. Ең қарапайым түрі
пішуді жабық тәсілмен
жасауы. Малды арқасына жатқызады. Опрерация орыны даярлағаннан кейін
шаптың аумағында ұманың мойыны көлемінде сипалап, ен бауларын табады.
Сол орынға, тері астына 2% новокаин ерітіндісін инъекциялайды. 5-10
минуттан кейін ен бауының бойымен оның үстінен, теріні 3 - 5 см мөлшерде
тіліп, жалпы қынаптық қабықпен жабылған, сарғыш - көгілдір түсті ен
бауының денесін ашады. Содан соң қайшыны ен бауының астына әкеліп оны
жара ішінен сыртқа шығарады. Жіңішке инемен интравагиналды 2 мл 2%
новокаин ерітіндісін енгізіп енді жараның сыртына алып шығады.
Жалпы
қынаптық қабықпен жабылған ен баудың, жіңішкерілген бөліміне кетгуттың
лигатурасын салып, оны төменінен кесіп енді алады. Жараны тігіп қояды.
Достарыңызбен бөлісу: