Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Пішуден кейінгі асқынулар



Pdf көрінісі
бет83/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   129
оперативтік хир 8 н

Пішуден кейінгі асқынулар. Қан кету сыртқы айналма бүйір артериясы 
зақымдалғанда пайда болады. Қан кетуін операция кезінде тамырды торзирлеп 
немесе лигатура салып тоқтатады.
Аналық без будасына салынғанның лигатура әлсіреуі себебінен күшті 
ішкі қан кетуі мүмкін. Ол жағдай келесі күндерде байқалады, малдың жалпы 
жағдайы жабыраңқы, кілегейлі қабықтары бозарған, дене температурасы 
төмендеген, аяқтары суық екені анықталады. Жара арасын ашып, қан кету 
көзін тауып лигатураны екінші қайтара салу қажет. Құрсақ қабырғасының 
жарасын тігіп қояды. Операцияны дөрекі жасаған себептен, жатыр 
мүйіздерінің жарылуы нәтижесінде, жатырдың орта артериясынан қан кетеді. 
Қан кету орынын тауып, қанаған тамырды байлайды. 
Іш пердесіне дұрыс перфорация жасамағанда немесе құрсақ қуыстың 
аналақ безді іздегенде дөрекі жасағанда, ішек ілмектеріне зақым (жарылу) 
келеді. Зақымдалған ішек ілмегін байқап сыртқа шығарады, құрсақ қуысын 
салфеткалармен бөлектейді, зақымдалған ішек орынына ішек қысымдарды 
салуымен бөлектейді. Ішек үстіне төгілген ішек мазмұнын 1:1000 
қатынастағы риванолмен дымқылданған анжымен тазартып алып, ақауды 
ішектік тігіспен тігіп қояды. Ішек қысқыштарын алып, ішек ілмектерін 
дымқыл анжымен екінші қайтара риванол ерітіндісімен жуып, құрсақ 
қуысына салады, қуыстың ішіне антибиотиктердің ерітіндісін енгізеді. 
Операциялық жарада ішек ілмектері қысылғанда, жараны ашып, ішек 
ілмегінің жағдайын тексеріп анықтайды; маңызды емес өзгерулерде ілмекті 
шыққан орнына салады, некрозға айналған кезде резекция жасап ішектерді 
біріктіру тәсілдермен тігіп жалғастырады. Сепсиске қарсы ем жүргізіледі. 
Перитонит белгілері анықталғанда (құсу, азықтарды қабылдамау
қарынның ауырсынуы, дене қызуы, күйзелу) Мосинның плевра үстінен 
новокаин тежеуін және антибиотиктермен ем жасайды. Егер жақын арадағы 
тәуліктерде жақсару болмаса, сою ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет