Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет74/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   129
оперативтік хир 8 н

Қанды әдіс. Техникалық атқаруы бойынша және алатын нәтижесінің 
ерекшелігімен оның бірнеше түрлері болады. 
Лигатура қолдануымен пішу. Ұманы сандардың арасынан, ішіндегі 
енмен қоса ұстап, артқа карай керіп тартып алып, оның каудальдық немесе 
латеральдық жағынан ен сыртқа шығатындай көлемде тік тілік жасайды. 
Тілгенде ұманың барлық қабаттарын және жалпы қынаптық қабықты (сурет 
124 а) толық ашады. Жараның төменгі бөлімінде қынаптық буданы 
проксимальды және онан әрі жыртып ен бауының жіңішкертілген учаскесі 
деңгейіне жетіп оны ашып алады. Ен бауына № 8–10 жібек немесе лайықты 
жуандықтағы синтетикалық жіптен лигатура салып, оны пішулік тәрізді 
түйінмен байлайды (сурет 124 б). 


159 
Сурет 124. Бұқаны қанды тәсілмен пішу: (а ) ұманы кесу орыны
(б) пішу түйінін салу әдісі
Ен бауын лигатурадан 2 – 2,5 см төмен қайшымен кесіп алады. Ен 
бауының тұқылына 5% йод ерітіндісін жағып, жара жақтарын 
дезинфекциялайтын маймен жабады немесе асептикалық күрделі ұнтақ 
(йодоформ, ақ стрептоцид және бор қышқылы) салады. 
Ен қосалқысының құйрығының резекциясы малдың гормондық 
функциясын сақтап, тек қана жыныс клеткаларын өндіруі мен шығару 
қабілеттілігінен айырады. Бұл тәсіл негізінде жыныстық стерилдеуге келеді. 
Операцияны тұрған малға орындайды, кейін ұманың төменгі бөлімінің 
терісін әсіресе түп аумағын мұқият зарарсыздандырып, операция жасаушы 
сол қолмен оны енмен бірге төмен тартады. Ұма терісінің бүрмелері толық 
түзелуі тиіс. Ұма тігісіне перпендикуляр, тікелей оның сол және оң жағынан 
ұманың түптер қабаттарын жалпы қынаптық қабықпен қоса жарып тіледі. 
Кесу ұзындығы әрбір жақта 1,5 - 2 см болады. Жара қуысы арқылы ен 
қосалақысының құйрықтарына жеңіл салмақ салумен сыртқа шығарып 
оларды қайшымен кесіп тастайды. Жаралардың шеңберін йод ерітіндісімен 
домдайды. Жара жақсы жазылады. Пішілген малды сиырлардан бөлек 
ұстайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет