Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Жылқының жыныс мүшесін шапта бекіту



Pdf көрінісі
бет93/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   129
оперативтік хир 8 н

Жылқының жыныс мүшесін шапта бекіту 
 
Көрсетуі. Жыныс мүшенің салдануы. 
Жансыздандыруы. Хлоралгидратық наркоз (немесе рометар, калипсол, 
ромпуп және т.б.) және жыныс мүше мен шап жүйкелердің өткізгіштік 
жансыздандыруы немесе аласа сакральді жансыздандыруы жасалады. 


188 
Операция техникасы. Операцияны тек қана егер жыныс мүшеде ісік, 
домбығу, қабыну құбылыстары және мерезденуі жоқ болса ғана жасайды. 
Малды арқасына жатқызып бекітеді. Пішуден кейінгі тыртықтың (немесе 
ұманың) соңынан 3 см ара қашықтықта теріні көлденең бүрмеге алып және 
оны бойлай 8-10см ұзындықпен тіледі. Онан әрі фасцияны кеседі. Содан соң 
доғал тәсілмен жыныс мүшені қоршаған борпылдақ ұлпалардан азат етіп, 
оны иілген доға сияқты бөлім түрінде жараға шығарады. Борпылдақ 
ұлпаларды препаровка барысында ірі тамырларды зақым келтірмеу үшін
мұқият қадағалауы қажет. Егер қан кетсе лигатура салынады. Жыныс 
мүшенің суырылған бөлімін жараның жағына иілген инемен жапсыра тігеді 
(сурет 143). 
Түйінді байлау алдында жіптің астына дәкелік кішкене білік салады. 
Екінші жақ тігуі тура осылай жасалады. 
Жараға антибиотик немесе іріңдетпейтін эмульсияны енгізеді.
Сурет 143. Жылқының жыныс мүшесін шапта бекітуі (Больц тәсілімен):а - күпекке 
асу орыны; б - жараның шеті; в – бекіту 
Жыныс мүшенің шыққан ілгерілеген бөлімін жараға абайлап салады
теріні бүйірлерден тартып және күрмеу тігістермен тігеді. Тек қана бөлінетін 
ағынға арналған үмеген тесік қалтырады. Барлық тігістерді 10 - 12 күннен 
кейін алады. Сол уақытта жылқыға күн сайын жарты сағаттық жүргізуді 
тағайындайды. 
Несеп-жыныс каналын ашу (urethrotomia) 
 
Жылқы. Көрсетуі. Операцияны қуыққа еніп ондағы тастарды алу 
мақсатымен орындайды. 
Жансыздандыру. Төменгі сакральді жансыздандыру немесе жыныс 
мүшені және шапты өткізгіштік жансыздандыруы жасалады. 


189 
Операция техникасы. Малды станокта бекітеді, артқы аяқтарын қайыс 
жіптермен бекітеді. Жансызданудан кейін жыныс мүшесі күпектен 
көрінгенде қуыққа катетерді енгізеді. Содан соң, катетерды бағыттап, 
шаптық орта сызықтан, шонданай доғадан төмен ұзындығы 6 см кесуді 
істейді. Теріні, шаптық фасцияны, жыныс мүшенің ретракторын, уретраны 
және оның кілегейлі қабығын жарып тіледі (сурет 144). Сол кездегі мол қан 
ағуын гемостатикалық іскекпен тоқтатады. 
Сурет 144. Жықының шаптық уретротомиясы: а - жыныс мүшенің ретракторы; b – 
пиязкөпіршік бұлшық еті; с – уретраның көпіршік денесі; d – уретра 
Катетерді тартып, қуыққа кіруге жол босатады. Жасалған тесікпен 
уретраға содан соң қуыққа арнайы қысқышты енгізеді (сурет 145, а). 
Операция жасаушы тік ішек арқылы қуықтағы тастарды сипалап табады 
оларды қысқыштың ашылған бранштарына келтіріп онымен қысып ұстап 
сыртқа шығарады. Ірі тастарды алу үшін арнайы қуатты бұрандасы бар 
қысқышты - литотрипторды пайдаланады (сурет 145 б). Сол аспаппен 
тастарды бөлімдеп және уатып шығарады. 
Катетер немесе резеңке түтік арқылы қалған құмды этакридиннің 1:100 
ерітіндімен жуып тазалайды. Жараны жіңішке кетгутпен түйінделген қос 
қабатты тігіспен тігіп қояды. Бірінші қабаты кілегейлі қабық, уретра денесі 
және екінші қабаты тері мен фасция. 
Бұқа. Көрсетуі. Сигмотәрізді бүгіліс аумағында несеп тастардың 
кептелуі. 
Жансыздандыру. Нейролептик. Жыныс мүшені жамбас ішінен 
өткізгіштік жансыздандыру. 
Операция техникасы. Бұқаны арқасына жатқызып бекітеді, барлық 
аяқтарын бірге қосып байланыстырады. Ұманың артқы жағы аумағынан 5 см 
қашықтықта, дезинфекциялағаннан кейін орта сызықпен 10 см ұзындықпен 


190 
кесуді істейді. Борпылдақ дәнекер ұлпаны қайшымен кесіп алып, жыныс 
мүшені оңашалап, оның астына саусақты салып жарадан шығарады. Тас 
байқалған орынды, қатал медиандық сызықпен ұлпаларды уретраға дейін 
жарып тіледі, тасты алып шығарып, зондымен уретрдың өткіштігін 
бақылайды. 
Сурет 145. Қуықтың тастарын шығаруға арналған қысқыш – а; литотриптор – б 
Жара әдеттегідей дербес жазылады. Уретра денесінен қан кетуін 
тоқтату үшін, оған жіңішке кетгуттен тігіс салынады. Теріні тігіп қояды. 
Төбет. Жиірек төменгі уретротомияны, жоғарғыны сирек орындайды.
Көрсетуі. Төменгі уретротомияны несеп тастары жыныс мүшенің 
сүйегінде кептелгенде, жоғарғыны уретротомияны тастар қуықта болғанда 
жасайды. 
Жансыздандыру. Наркоз немесе сакролюмбальдық жансыздандыру. 
Операция техникасы. Итті арқасына жатқызып бекітеді. Уретраның 
ішіне түйме тәрізді зонд енгізіп оның тірелген жерімен тастың жайылуын 
анықтайды. 
Егер зонд жыныс мүшесінің сүйегінің артқы бөлім деңгейінде тасқа 
тірелсе, онда төменгі уретротомияны (urethrotomia inferior) орындайды. Егер 
мүшенің діңін күпек арқылы саусақтармен қысып алып оны үстіне тартса, 
теріні керіп, ұлпаларын жылжытпай операция уақытына ұстап тұрады. 
Жыныс мүшені орта сызықпен, зонд арқылы қадағалап уретраның кілегейлі 
қабатына дейін жалпы ұзындығы 3-4 см көлемде тіледі. Тасты іскекпен 
абайлап шығарады. Несеп-жыныс каналдың өткізгіштігін қуық жаққа жұмсақ 
катетерді кіргізіп бақылайды. Жараны тікпейді. Ол өзі 3 апта ішінде 
жазылады. 
Жоғарғы уретротомияны (urethrotomia superior) тастар немесе несеп 
құмы қуықта жиналғанда орындайды. Жұмсақ катетерді қуыққа дейін 
енгізеді. Қатал орта сызықпен, шонданай доғасы мен ұма арасында барлық 
аралық ұлпаларды катетерге бағдарлап жарып тіледі. Қанаған тамырларды 
байлайды. Тесік арқылы катетер көмегімен қуықты физиологиялық 
ерітіндімен жуып тазартып, ұсақ несеп тастар мен құмды шығарады. Жараны 
тікпейді. 


191 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет