193
а
б
Сурет 147.
а - жылқының цистотомиясы, сол қол тік ішекке енгізілген, ал оң қол
параректальды аспабымен қуыққа жеткізілген; б – цистотомиия
жасау алдында қуықты
лигатуралармен бекіту
Тесікке арналған қысқышты енгізіп, тасты тұтас немесе оны
ұсақталғаннан кейін бөлшектеп шығарады. Қорыта келгенде, қуықтың тесігі
ретроперитонеальдық орында болады. Жараға антибиотиктер немесе
антисептикалық эмульсияны енгізеді. Жараның
қуыс каналын бір тәулік
ішінде стерилденген дәкемен бітейді. Операция нәтижесінде уақытша несеп
қаяу тесігі құрылады, ол 2 апта аралықта өзі жабылады, бірақ біздің пікіріміз
бойынша тігіп қою дұрыс болады.
Ұсақ күйіс қайырушы және ет қоректілерде қуыққа жету операциясын
шат қырының алдынан құрсақ арқылы жиірек орындайды – құрсақ арқылы
цистотомия (cystotomia antepubica transperitonealis).
Малды арқасына жатқызып қойып бекемдеп, операциялық орнын
дайындап, құрсақ қабырғаны жарып тіледі.
Еркек малға лапаротомияны
күпектен 1 см шетке алып оны сол жаққа жылжытып істейді. Тері астында
өтетін сыртқы бөксе артериясын және басқа қан тамырларын бойлап кесіп
өтеді. Лапаротомияны құрсақтың тік бұлшық етін айналып шығып жүргізеді;
шат қырының алдыңғы жағынан бастап 8 - 10 см ұзындықпен тіледі.
Құрсақтың көк етін іскекпен басып алып, теріге айналдырып шығарады.
Жараны дәкелік салфеткалармен айнала қымтайды.
Саусақты қуықтың
астына, жара деңгейінен аздап жоғары көтереді, оның дорсальды беткейлігін
операция жасаушыға келтіріп, шприцке немесе резеңке түтікке қосылған
инъекциялық инемен тесіп, зәрді шығарады.
Одан кейін қуықтың кесетін бүйірлеріне (кілегейлі қабығын теспей) бір
бірден лигатура өткізеді – ұстағыштар деп аталады. Олармен қуықты жара
сыртына шығара бекітеді. Қуықтың қабырғасына
саусақ ұшын енгізуге
болатындай көлемде скальпельмен тіліп ашады. Корнцангпен, арнайы
194
қасықпен немесе саусақпен қуықтың ішіндегі тастарды және зәрдің
құмдарын алып тастайды. Опрерация аяқталуы
барысында несеп-жыныс
каналына катетер арқылы физиологиялық ерітіндіні немесе 0,25%- дық
новокаин ерітіндісін енгізіп оның толық өткіштігінін тексереді.
Қуық жарасын Черни - Ламбердың тігісімен, құрсақ қабырғасын үш
қабатты тігіспен: алдымен іштің көк етін құрсақтың түзу бұлшық етінің ішкі
қынап қабырғасымен бірге, содан соң оның сыртқы пластинкасын
(құрсақтың түзу бұлшық етін қоса алумен), соңғысында теріні тігіп қояды.
Достарыңызбен бөлісу: