187
Қанмен қамтамассыз етуі шаптық, жапқыш және бульбоуретральдық
тамырлардың бұтақтарымен жүзеге асырылады. Иннервацияны шаптық
жүйкелермен (бөксе жүйке бұтақтары) қамтамассыз етіледі.
Жылқы шабының анестезиясы (сурет 142)
.
Көрсетуі. Уретротомия, уретростомия
және шаптағы басқа
операциялар.
Жансыздандыру техникасы. Төменгі шонданай-тікішек бөліміндегі
шонданай доғасының үстінде шұңқыршақтың
терісін мұқият тазалап
зарасыздандырады. Жіңішке инемен анустың оң жағынан шонданай доғадан
саусақ ені ара қашықтығында тері астына 5 мл 3%-дық новокаин ерітіндісін
инъекциялайды, содан соң инені тағы 0,5 см тереңдете ерітінді сол мөлшерде
қайтадан енгізеді. Инъекциялау кезінде инені оңға және сол жаққа бұрады.
Осы екі инъекциямен шаптық жүйкенің үстіңгі және терең бұтақтарын
тежейді.
Сурет 142. Жылқы шабының анестезиясы. Инені енгізетін нүктелер.
Жансызданатын аймағы
Тура осы тәсілмен шаптың сол жақтарын жансыздандырады.
Уретротомия немесе уретростомия жасағанда жыныс мүшесіне қосымша
өткізгіштік жансыздандыру істейді .
Достарыңызбен бөлісу: