Мұсылман ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне берген жауаптары


«Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына



бет7/10
Дата10.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#126830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына84 бұрамыз да, тозаққа саламыз. Ол - нендей жаман орын!» (ән-Ниса сүресі, 115-аят).

Білімге ие адамдарға айдай айқын болған себептерге байланысты Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ «Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса...» деген сөздермен ғана шектелмеді, алайда елшіге бағынбауға нұсқаумен бір қатарда мүміндердің жолынан өзге жолға ілесуді де атап: «Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жолға ілессе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, тозаққа саламыз. Ол - нендей жаман орын!» - деді.

Сөйтіп, мүміндердің жолымен жүру немесе одан бас тарту маңызды роль атқарады, өйткені мүміндердің жолынан өзге жолмен жүрушілерді тозақ тосып тұр. Бұл дегеніміз, бұрыңғы және қазіргі топтардың көбі тура жолдан адасты, өйткені Құран мен Сүннетті түсіндіруде мүміндердің жолына ілеспей, өздерінің ой-тұжырымдарына немесе тіпті әуестеріне жүгінді, олардың негізінде оте маңызды қорытындылар жасады, ал осылары оларды біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдеріміз ұстанатын жолдан өзге жаққа бұрып жіберді. Міне сондықтан көптеген сахих хадистерде Аллаһтың «мүміндердің жолынан басқа жолға ілессе» деген сөздерінің мағынасы ерекше сызылып айтылады.

Мен атап тұрған және бір бөлігін мүмкіндігінше мен әлі келтіретін хадистер тек білім иелеріне ғана емес, қарапайып мұсылмандарға да мәлім. Адамдарға осы жоғарыда аталған хадистердің Құран мен Сүннетті түсінуде мүміндердің жолына ауытқымай ілесу қажеттілігіне нұсқайтыны ғана беймәлім. Бұл жөнінде, өзгелерді күпірлікте айыптауға кіріскендерді айтпағанда, көптеген білімдарлар да ұмытады.

Адамдар өздігінше ізгі және ықыласты болуы мүмкін, алайда тек осы ғана адамның Аллаһтың алдында жетістікке және құтылуға жетуі үшін жеткіліксіз, өйткені, мұсылманға екі нәрсе міндетті болып табылады: ықылас және Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұстанғанына ауытқымай ілесу. Сөйтіп, оған тек ықыласты болу және іс-жүзінде Кұран мен Сүннеттің нұсқауларын ұстанып, осыларға өзгелерді де шақыру жеткіліксіз, өйткені бұдан тыс ол тура жолға ілесуі де керек.

Мен алдын атаған хадистердің қатарына жетпіс үш топ туралы хадис те жатады. Бірде Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Яхудилер жетпіс бір топқа бөлінді, христиандар жетпіс екі топқа бөлінді, ал менің үмметім жетпіс үш топқа бөлінеді, және олардың барлығы отта болады, біреуінен басқа», - деді. Адамдар (сонда): «Оған (құтылған топқа) кім кіреді?» - деп сұрады, ол: «Келісімді ұстанушылар», - деп жауап берді. Хадистің басқа нұсқасында Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Мен және менің сахабаларым ұстанғанды ұстанатындар», - деп жауап берегені жеткізіледі. имам Ахмәд «Муснәд», №11798 хадис; Ибн Мәжәһ «Сунан», № 3993 хадис. әт-Тирмизиде де осыған ұқсас хадис келтіріледі, «Сунән», №2641 хадис.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жауабы жоғарыда біз келтірген «мүміндердің жолынан басқа жолға ілессе» деген Аллаһтың сөздеріне толық сәйкес келіп тұрғанын көріп тұрмыз. Ең алдымен айта кететін жәйт – мүміндердің жолы деп аталған жол - Аллаһтың елшісінің сахабаларына қатысты айтылғандығы, ал ол (Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын,) өзі ұстанғанды ұстану қажеттілігін нұсқаумен шектелмеді, өйткені бұл - Құран мен Сүннеттен терең түсінігі болған мұсылманға жеткіліксіз болар еді. Бұдан тыс, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, іс жүзінде Аса Құдыретті де Ұлы Аллаһтың: «...мүміндерге өте аяушы, ерекше мейірімді», (әт-Тәубә сүресі, 128-сүре) - дегеніне ілесті.

Ерекше аяушылық пен мейірімділік таныта отырып, ол өзінің сахабаларына және ізбасарларына құтылатын топтың сипаты болып - пайғамбардың өзі тірі шағында ұстанғанына және ол өлгеннен кейін оның сахабалары ұстанатынына ілесу болып табылатынын түсіндіріп берді. Демек, Кұран мен Сүннетті түсінумен ғана шектелмеу керек, ал оларды түсунудің қажетті құралы болып араб тілін және көптеген басқа нәрселерді білу табылады. Бұдан тыс, сондай-ақ, Аллаһқа ғибадат етуде бізден көбірек ықылас танытқан, Құран мен Сүннетті бізден жақсы түсінген және өзге де көптеген өздеріне лайықты сипаттарымен ерекшеленген (мұны олардың өмірбаяндары дәлелдейді) пайғамбардың сахабаларының өнегесіне ілесу керек. Біз жоғарыда келтірген хадис өзінің мазмұны бойынша ізгі (шыншыл) халифалар туралы хадиспен ұқсас келеді.

Абу Наджих әл-Ирбад бин Сарийа, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «Бірде Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге жүрегімізді қорқынышқа бөлеген, ал көзімізден жас төктірген өсиет айтты. Ал біз: «О Аллаһтың елшісі, бұл қоштасып жатқан адамның өсиетіне ұқсап тұр, ендеше бізге насихат бер!» - дедік. Ол сонда былай деді: «Мынау менің сендерге берген өсиетім: Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһтан қорқыңдар және сендерге (эфиопиялық) құл әмірлік етсе де - тыңдаңдар және мойынсыныңдар. Ақиқатында, (сендерден) кім (менен кейін) өмір сүрсе, көптеген араздықтардың күәгері болады, сондықтан сендер менің Сүннетімді және менен кейін дұрыс жолмен ілесіп жүретін салиқалы (шыншыл) халифалардың Сүннетін (мығым) ұстануларың керек...» Абу Дауд «Сунан», №4607 хадис; әт-Тирмизи «Сунән», №2676 хадис.

Бұл хадис, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, осыдан алдыңғы сұраққа берген жаубы нұсқаған нәрселерге нұсқайды. Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, өз үмметіне өзінің ғана Сүннетін ұстануды бұйырмады, өйткені ол: «...менен кейін дұрыс жолмен ілесіп жүрген салиқалы халифалардың Сүннетін (мығым) ұстануларың керек...», - деді.

Сөйтіп, егер біз шариғатымыздың және ғибадатымыздың мәнін түсіңгіміз, өзімізде қандай адамгершілік сипаттарын тәрбиелеуіміз және өзімізді қандай ұстауымыз, әрбір мұсылманға не қажет екендігін білгіміз келсе, онда үнемі біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдерінің өнегесіне жүгініміз керек, бұл әрбір адамға өзінің құтылған топқа жататынын не жатпайтынын түсінуге мүмкіндік береді. Бұрыңғы және қазіргі топтардың адасуының себебі – олардың осы аятқа да, ізгі халифалар туралы хадиске де лайықты мән бермегенінде, міне сондықтан осындай адамдардың, оларға дейін де өмір сүргендердің көбі сияқты, Құраннан және Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінен, біздің алдыңғы салиқалы буын өкілдерінің жолынан ауытқандай, ауытқығаны - әбден табиғи. Олардың қатарына бұрыңғы және қазіргі хауариждер жатады, өйткені, біздің заманымызда да күпірлікте айыптауға «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар қарсы болушылар.» (әл-Мәидә сүресі, 44-аят) деген олар үнемі келтіретін аят негіз ретінде қолданылуда.

Осыған ұқсас сөздер Құранның басқа да екі аятында айтылатынын біз бәріміз білеміз. Сол сияқты Аллаһ Тағала: «Және кім Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар», - деді. (Әл-Мәидә сүресі, 45-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар». (Әл-Мәидә сүресі, 47-аят).

Аллаһтың «солар қарсы болғандар» деген сөзін дәлел ретінде пайдаланатындардың надандығына олар тым болмағанда күпірлік туралы айтылатын басқа да аяттармен таныспағандығы, және: ««Күпір» сөзі дінді теріске шығаруды білдіреді және мұндай күпірлікке түскен адамдардың христиандардан, яхудилерден және басқа дінді ұстанатын адамдардан болған көпқұдайшылардан еш айырмашылығы жоқ», - деген тұжырымға сүйенуі куә болады. Алайда, Құран мен Сүннетте «күпір» сөзі олар бұған еш қатысы болмаған адамдарға қатысты үнемі айтатын қате мағынада қолданылмайды. Шын мәнінде, «зұлымдық» және «бұзақылық» сөздері сияқты, «күпір» сөзі де жалғыз мағыналы емес. Егер адам залым және бұзақы деп сипатталса, бұл міндетті түрде оның өз дінінен шығып кеткендігін білдірмейді. Бұл (ереже) адам кәпір деп сипатталатын жағдайларға да қатысты. Сөз көпмағыналы болуы мүмкін, бұған тіл де, шариғат та нұсқайды, өйткені Құранның тілі болып араб тілі табылады. Міне, сондықтан да, мұсылмандарға, олар әмірлер немесе қоластындағылар болуына қарамастан, пәтуа беруге кіріскен адам Құран мен Сүннетті жақсы білуі керек және біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдерінің жолы туралы хабардар болуы керек. Алайда, Құранды, Сүннетті және оларға қатысты болған барлық нәрсені түсіну, тек араб тілін жақсы меңгеру және өткеннің ғалымдарының, әсіресе Исламның алғашқы үш ғасырында өмір сүрген ғалымдардың еңбектеріне сүйену арқылы ғана мүмкін болмақ.

Енді «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар қарсы болушылар» деп айтылатын аятқа оралайық. Бұл аятта күпірлік деп не айтылады? (Аятта) діннен шығу меңзеліп тұр ма, әлде басқа нәрсе ма? Бұл аяттың мағынасын дұрыс түсіну үшін (мәселенің) кейбір бүге-шегесін ескеру керек, өйткені бұл жерде амалдардағы күпірліктің көрініс табуы, яғни адамдардың амалдары шариғаттың кейбір заңдарына қайшы келетін жағдай меңзеліп тұрған болуы мүмкін.

Осы сөздің мағынасын бұл аяттың контекстінде түсінуге бізге мұсылман үмметінің ғұламасы әрі Құран тәпсірлеушілерінің имамы Абдуллаһ бин Аббас, Аллаһ оған разы болсын, көмектеседі, өйткені ол адасқан топтарға ілесушілерден басқа барша мұсылмандар мойындайтын сахабалардың қатарына кіреді. Осы аятты үстіртін тәпсірлеп, оның бүге-шегесіне дейін толық түсінбейтін, бүгіңгі күні біз естіп жүрген адамдар туралы ол да естіген сияқты.

Абдуллаһ бин Аббас былай дегені жеткізіледі: «Сендер айтып тұрған күпірлік адамды діннің шеңберінен шығаратын күпірлік болып табылмайды». әл-Хаким «Мустәдрак», 2/313.

Мүмкін, ол бұл сөздерді мүміндердің әмірі болған Алиге, Аллаһ оған разы болсын, қарсы шыққан және соның салдарынан олар мұсылмандардың қанын төккен және мұсылмандарға көпқұдайшыларға көрсетпегенді көрсеткен хауариждерге айтып тұрған болуы мүмкін. Абдуллаһ бин Аббас сондай-ақ былай деді: «Істің мәні - олар айтып немесе шамалап тұрғандай емес, өйткені бұл - күпірліктен кіші болған күпірлік ғана». Құранның ең беделді тәпсіршісінің осы аят туралы қойылған сұраққа берген қысқа жауабы осы болатын. Мен алдын келтірген аяттар мен хадистерді де осыдан өзгеше түсінуге болмайды.

«Күпір» сөзі Құранда және Сүннетте көп рет кездеседі, алайда барлық жағдайларда оны діннен шығу деп түсіну керек деп тұжырымдауға болмайды. Бұған мысал ретінде Абдуллаһ бин Масғудтан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте келтірілген Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық (көрінісі), ал онымен соғысу – күпірлік (айғағы)»85, - деген сөздерін келтіруге болады. әл-Бухари «Сахих», № 48 хадис; Муслим «Сахих», № 64 хадис.

Бұл жерде күпірлік дегенде күнә және мойынсынбаушылық таныту аталып тұр, алайда арабша сөйлейтіндердің ең шешені болған Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, мұндайға ешбір жағдайда жол бермеуді қалап, осындай сөз орамын қолданды, және сондықтан да ол: «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық (көрінісі), ал онымен соғысу – күпірлік (айғағы)», - деп айтты.

Өзге жағынан (келер болсақ), хадистің «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық (көрінісі)...», - деп айтылатын бірінші бөлімінде «бұзақылық» дегенде «Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар» (әл-Мәидә сүресі, 47-аят) деген аятта аталып тұрған нәрсе тұспалдануда ма? Бұған былай деп жауап беруге болады: бұзақылық адамды діннің шеңберінен шығаратын күпірліктің синонимі ретінде де, адамды діннен шығармайтын күпірліктің синонимі ретінде де көрініс бере алады. Бұл жерде Абдуллаһ бин Аббас: «күпірліктен кіші күпірлік» - деп нұсқаған күпірлік аталып тұр. Бұл хадис «күпірлік» сөзіне осындай да мағына салуға болатындығына дәлел болып тұр. Алайда, не үшін? Бұған жауап - мына аятта:

«Егер мүміндерден екі топ соғысса, дереу араларын жарастырыңдар; мұбада екі жақтын бірі екіншісіне өктемдік жасаса, жәбір көрсетуші жақпен, ол Аллаһтың әміріне қайтқанға дейін, соғысыңдар86». (әл-Худжурат сүресі, 9-аят).

Бұл жерде Аса құдыретті және Ұлы Раббымыз өктемдік жасаушы және мүміндермен соғысып жатқан топ туралы атап өтеді, алайда, хадисте: «ал онымен соғысу – күпірлік (айғағы)», - деп айтылса да, Аллаһ бұл адамдардың күпірлігі туралы айтпады. Демек, аталған жағдайдағы соғысу, жоғарыда келтірілген аятқа Абдуллаһ бин Аббас берген тәпсірінде аталған күпірліктен кіші күпірлік болып табылады. Мұсылманның мұсылманмен соғысуы зұлымдықтың, дұшпандықтың, бұзақылықтың және күпірліктің көрінісі болып табылады, алайда, бұл дегеніміз – күпірлік амалдарда да, сондай-ақ сенімде де көрініс табуы мүмкін. Міне сондықтан болар, бұл мәселені шейх-уль-ислам Ибн Тәймийә, Аллаһ оны рахымына бөлесін, ал одан кейін оның шәкірті Ибн Қайим әл-Джаузийя егжей-тегжейлі түсіндірген болатын. Олардың (бұл мәселеде) еңбек сіңіргендігі - Абдуллаһ бин Аббастың ұстанған пікірін ұстанып, тек амалдарда ғана көрініс табатын күпірлікті сенімдегі күпірліктен бөлек (ажыратып) қарастыру қажет деп санауында болып тұр, ал керісінше болған жағдайда күпірліктің бірінші түрін екіншісінен ажыратпайтын мұсылман, өзі байқамай, мұсылман үмметінен, ескі замандарда хауариждер шығып кеткендей, ал қазір олардың ізбасарлары шығып жатқандай, шығып кетуі мүмкін.

Сөйтіп, Пайғамбардың: «ал онымен соғысу – күпірлік (айғағы)», - деген сөздері діннен шығушылыққа нұсқау болып табылмайды. Бұған растауды көптеген басқа хадистерден де табуға болады, ал егер қандай да бір зерттеуші оларды біріктіріп жинақтаса еді, бұдан «жоғарыда келтірілген аятта сенімдегі күпірлік айтылып тұр» - деп табанды түрде тартысатын адамдарға қарсы бұлтартпайтын дәлел бола алатын, өте пайдалы жолдау шығар еді. Ал егер әмірлерді және олардың билігіне мойынсынушыларды күпірлікте айыптайтындарға келер болсақ, олар: «Күнә жасаушылар жасаған күнәсі үшін осындай айыптауға лайық», - деп есептейді.

Сұрақ қойған кісі, басқа нәрселердің қатарында, менің есіме, алғашында өзгелерді күпірлікте айыптаған, бірақ кейіннен Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ оларға дұрыс жол көрсеткен адамдардан естігендерімді салды. Біз олардан: «Сендер күпірлікте кейбір әмірлерді айыптадыңдар, бірақ неліктен сендер мешіттердің имамдарын, ол жерде құтпа оқитындарды, муәзіндерді, тіпті мешіт қызметкелерін де күпірлікте айыптадыңдар? Және неліктен сендер мектептерде шариғат ғылымдарын үйрететін оқытушыларды күпірлікте айыптадыңдар?» - деп сұрадық. Ал олар бізге: «Себебі, олар Аллаһ түсірмеген нәрсемен билік еткен әмірлердің үстемдігімен келісетін еді», - деп жауап берді.

Бұған мен былай жауап беремін, егер сөз Аллаһтан түспеген нәрсеге негізделіп билік атқарумен іштей келісу туралы болып жатқан болса, онда амалдарда көрініс табатын күпірлік сенімдегі күпірлікке айналады. Аллаһ тарапынан түскеннен өзгеге негізделіп үкім еткен және: «Бұл осы заманға сәйкес келеді және Кұран мен Сүннеттің негізінде үкім шығару дұрыс емес», - дейтін әрбір адамның күпірлігі, күмәнсіз, сенімдегі күпірлік болып табылады. Бұл басқа да осыған ұқсас жағдайларға қатысты, алайда, біріншіден, сіз: «Үнемі немесе көп жағдайда батыс заңдарына сәйкес үкім ететін әрбір кімседен (осы туралы) сұрасаңыз, ол міндетті түрде: «Осылай үкім ету - дұрыс, ал Ислам заңдары бойынша үкім етуге болмайды», - деп жауап қайтарады», - деп айта алмайсыз. Ал осындай заңдар бойынша өздеріне қатысты үкім шығарылатындар туралы айтар болсақ, олардың арасында діндарлар да, ізгі адамдар да бар. Ал сіз қалайша оларды, билігі сендерге толық жүрген сияқты, оларға да толық жүретін осындай режимде өмір сүргендігі үшін ғана күпірлікте айыптай аласыз?! Осыған қарамастан, сіздер, діннен шығушылықты меңзей тұра, оларды кәпірлер деп жариялайсыздар. Аллаһтан түсірілген заңдарға негізделіп үкім ету - міндетті болып табылады, алайда бұл - егер адам бұл міндеткерлікті орындамаса, діннен шыққан болып табылады - деген емес.

Олардың қателескенін және адасқанын жарыққа шығарған пікірталастардың барысында мен олардан: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ және Мұхаммед - Аллаһтың елшісі деп куәлік беретін, және намазды аз немесе көп орындайтын мұсылманды қай кезде күпірлікте айыптау керек болады? Бір рет жеткілікті ме, әлде ол өзінің діннен шығуын амалдарымен немесе сөздерімен мәлімдеуі керек пе?» - деп сұрағанымда, олар бұл сұраққа жауап беруге қиналды. Сонда мен мынадай мысал келтіруге мәжбүр болдым: «Үнемі шариғат бойынша үкім ететін белгілі бір қазы (судья) қателесіп, шариғатқа қайшы келетін үкім шығарып қойды делік. Осыны Аллаһтың түсіргені болмаған нәрсемен үкім ету болып есептелетін жағдай деп атауға болады ма?» - дедім. Олар: «Жоқ», - деп жауап берді. Мен: «Не үшін?» - деп сұрадым. Олар: «Өйткені, бұл бір рет қана орын алды», - деп жауап берді. Мен: «Жарайды, ал егер ол екінші мәрте осындай немесе басқа, бірақ бәрібір шариғатқа қайшы келетін, шешім шығарса, бұл адам күпірлікке кірді дегенді білдіреді ма?» - дедім. Және мен егер ол үшінші рет те, төртінші рет те осылайша жасаса - не болатындығы жөнінде, оны қашан кәпір деп атауға болатындығын білгім келіп, сұрай бастадым.

Іс жүзінде, бұл қазының қанша рет шариғатқа қайшы келетін үкім шығарғанын санай отырып, оның иман мен күпірлікті бөлетін сызықтан қашан аттап өтетінін анықтау мүмкін емес, бірақ ол алғашқы ретте-ақ: «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес келмейтінмен үкім шығару – орынды», - деп, және: «Шариғатқа сәйкес үкім шығару - орынды емес», - деп есептесе, онда ол діннен шықты деп бірден айтуға болады. Егер ол түрлі мәселелер бойынша он мәртелеп шариғатқа қайшы шешімдер шығарса және сен одан: «Сен не үшін Аллаһтан түскенге сәйкес келмейтінмен үкім еттің?» - деп сұрасаң, ал ол: «Қорықтым, немесе бұл үшін пара алдым», - десе (екіншісі біріншісінен едәуір жаман болып табылады), бұл жағдайда да, ол: «Шариғат бойынша үкім шығаруды жөн санамаймын», - деп мәлімдемейінше, сен оны күпірлікте айыптай алмайсың, тек ол осылай деп мәлімдеген жағдайда ғана оның діннен шығаратын мағынадағы күпірлігі туралы айтуға болады.

Қысқа қайырғанда, бұзақылықтың екі түрі және зұлымдықтың екі түрі болғандай, күпірліктің де екі түрі бар екендігін есте сақтау керек: өзі істеген (шариғатқа қайшы) амалдарын жүрегімен мақұлдаған жағдайдағы адамды діннің шеңберінен шығаратын күпірлік (бұзақылық, зұлымдық); ал егер ол зина жасаса, немесе шарап ішсе, бірақ осыны рұқсат етіледі деп санамаса, онда адамның амалдары оны діннен шығармайды. Күпірліктің мұндай түрі амалдарда көрініс табады, бірақ сенімде емес.

Сөйтіп, бізге күнаһарларды олар күнә жасап жатқандығы үшін ғана күпірлікте айыптауға болмайды. Олар жүрегінде Аллаһтың тыйым салған (харам) нәрсесін харам деп есептемейтініне біздің көзіміз анық жетпейінше біз оларды күпірлікте айыптай алмаймыз, өйткені Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп қорқытып айтқанынан қорқамыз:

«Егер адам өзінің (Исламдағы) бауырына: «Әй, кәпір!» - десе, бұл олардың біреуіне қайта оралады87, ол (адам)88 ол туралы айтылғандай болса (ол соған лайықты), керісінше болған жағдайда, (айтылған нәрсе айтқан адамға) қайтады. әл-Бухари «Сахих», №6104 хадис; Муслим «Сахих», №60 хадис.

Бұл жөнінде айтылатын басқа да хадистер өте көп. Біздің сұхбатымыздың тақырыбына орай, олардың бірінде бір көпқұдайшылмен соғысқан сахаба туралы айтылатынын еске салу орынды болып табылады. Төбесінен қылыштың көтерілгенін көрген кезде, көпқұдайшыл: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!» - деп дауыстап жібереді89, алайда сахаба бұған мән бермей, оны өлтіріп тастайды. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болған оқиға туралы біле салысымен, бұл амалды қатаң айыптады. Сахаба көпқұдайшылдың өлім қарсаңында болып қорыққандығы үшін ғана куәлік сөздерін айтқанын келтіріп, өз амалын ақтай бастағанда, Пайғамбар оған: «Ал (неліктен) сен, ол бұны жүрегімен айтқан-айтпағанын білу үшін, оның жүрегін қақ жарып кесіп90 көрмедің?!»91 - деді.

Сөйтіп, сенімдегі күпірлік амалдарға емес, жүрекке қатысты болады, бірақ біз, пасықтың, бұзақының, ұрының, зинақордың, өсімқордың, немесе кез-келген өзге күнәһардың жүрегінде не бар екенін, бұл жөнінде ол өзі айтпаса, біле алмаймыз. Егер мұндай адамның амалдары туралы айтар болсақ, олар оның шариғатқа қарсы амал жасағанына айғақ болып тұр және ол, біз оның діннен шыққандығы туралы шешім шығарсақ - бізге Аса Құдыретті де Ұлы Аллаһтың алдында ақтау болуға жарайтын және оның салдары - Пайғамбардың: «Өз дінін ауыстырғанды өлтіріңдер» әл-Бухари «Сахих», № 6922 хадис, - деген сөздерінде айтылған үкім болатын амал істемейінше, біз оған: «Сен шариғатқа қарсы амал жасадың және күнә жасадың», - дер едік, бірақ: «Сен күпірлікке кіріп кеттің және өз дініңнен тайдың», - деп айтпас едік.

Әрі қарай (жалғастырайық), мен алдын да мұны айқанмын және қазір де мұсылмандардың әмірлерін үнемі күпірлікте айыптайтын адамдарға осыны қайталаймын: «Олар шын мәнісінде күпірлікке түсіп кетті және діннен шыққан (муртад) болды, және олардан билігі артық болған әмір олардың осындай күпірлікке кіріп кеткенін анықтаған жағдайда оларға міндетті түрде шариғат бекіткен жазаны қолдану керек еді делік. Бірақ, тіпті осы әмірлердің барлығы кәпір және діннен шыққан (муртад) болды деп шамаласақ та, сендер іс жүзінде осыдан қандай пайда ала аласыңдар. Сендер не істей аласыңдар? Сендер күштеріңді бұған сарп етпей-ақ, барлық басқа нәрселерге негіз бола алатынды жасағандарың жақсы емес пе?»

Бұған Аллаһтың елшісі өзінің сахабаларын тәрбиелеген Сүннетке ілесу арқылы қол жеткізуге болады, біз осындай жағдайларда бұл жөнінде үнемі еске саламыз, және барлық мұсылмандар Аллаһ Тағаланың: ««Ол сондай Аллаһ, мүшріктер жек көрсе де, дінін бүкіл діндерге үстем қылу үшін Елшісін туралықпен92 және хақ дінмен жіберді», (әс-Саф сүресі, 9 аят) - деген сөздеріне сәйкес амал жасау қажеттігіне нұсқаймыз.

Кейбір сахих хадистерде бұл соңынан іске асатындығы туралы айтылады, бірақ мұсылмандар Құранда айтылғанның іске асуына болысу үшін, осы(ндай) адамдар оларды кәпір және діннен шыққан (муртад) деп санайтын, әмірлерге қарсы шығуға оларды шақыру қажет па? Бұдан тыс, мұндай қате болжамдарға негізделіп, олар ешнәрсе істей алмайды. Ал ендеше, қандай жолмен жүру керек? Күмән жоқ, бұл - Аллаһтың елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, үнемі айтып жүретін және әр жұма құтпасында: «...ең жақсы басшылық – Мұхаммедтің басшылығы», - деп сахабаларының есіне салып қоятын жол. Муслим «Сахих», № 867 хадис.

Барлық мұсылмандар, әсіресе олардың ішінен ислам басқаруын қайта қалпына келтіруге ұмтылғандары, Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бастаған нәрсесінен бастауы керек, ал оны екі сөзбен айтуға болады: тазарту және тәрбие. Себеп - әмірлерді күпірлікте айыптауға ғана қабілеті жететін фанатиктер байқамайтын, дұрысрақ айтқанда, байқағысы келмейтін ақиқаттың бізге мәлім екендігінде. Олар осымен әрі қарай айналыса береді, ал бұл бүліктерге ғана әкеп соғады. Мұны сендерге мәлім болған, соңғы жылдардағы, Меккедеге қайғылы уақиғадан бастап және Анвар ас-Садатты өлтіру сынды, салдарынан көптеген жазықсыз мұсылмандардың қаны төгілген уақиғалар растай алады. Бұған мысал ретінде Мысырда, Сирияда және Алжирда орын алып жатқан, және осылардың орын алуына кінәлі адамдар көп жағдайда Құран мен Сүннеттің нұсқауларына, әсіресе олардың ең маңыздысы болып табылатын: «Расында сендер үшін, Аллаһқа да, Ахирет күніне де үміт еткендер үшін және Аллаһты көп еске алған кісілер үшін Аллаһтың Елшісінде көркем өнегелер бар» (Ахзап сүресі, 21-аят), - дегеніне қарсы амал жасауынан туындаған, басқа да өкінішке лайықты уақиғаларды келтіруге болады.

Шынымен де, игі мақсаттарды іске асыру үшін біз ең алдымен, өзіміздің шамамыз оған жетпейтін әмірлермен соғысудан бастауымыз керек пе? Әлде Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бастаған нәрсесінен бастауымыз керек пе? Бұл сұраққа жауап болып, әрине, Аллаһтың мына сөздері табылады: «Аллаһтың Елшісі сендер үшін ең жақсы өнеге (болып табылады)...»

Ал Аллаһтың Елшісі неден бастады? Ол шақырудан бастағаны, және ақиқатты қабылдауға дайын деп санаған адамына шақыруды жолдағаны туралы сендерге мәлім. Содан соң, Пайғамбардың өмірбаянынан белгілі болғандай, адамдардан кейбіреулер оның шақыруына жауап берді, кейін Меккеде мұсылмандарды қудалау кезеңі басталды, содан соң көктен, алғашында бірінші қоныс аудару, кейін – екінші қоныс аудару93 туралы әмірлер алынды, және Аса Құдыретті де Ұлы Аллаһ Исламды Мәдинада нығайтпағанынша осылайша жалғаса берді.

Демек, біз Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, мұны қалай істеген болса, (тура) солай етіп адамдарға Исламды үйретуден бастауымыз керек. Алайда, қазіргі жағдайда біз тек оқытып-үйретумен ғана шектеле алмаймыз, өйткені бүгінгі күні Исламға оған ешқандай қатысы болмаған нәрселер ғана емес, оның күйреуіне себеп болып жатқан нәрселер де араласып кетті. Міне сондықтан да исламға шақырушылар бұл дінді барлық қоспалардан тазартудан бастауы керек және мұсылман жастарын таза Исламның принциптерінде тәрбиелеуі керек.

Егер барлық сан-алуан түрлі ислам топтарының соңғы ғасыр барысындағы атқарған әрекеттеріне үңіле қарайтын болсақ, біз бұл топтарға ілескендердің олар ислам басқаруын қалайтыны туралы үлкен у-шуы мен дабырлы ашық мәлімдемелеріне қарамастан, олардың қол жеткізген бір ғана нәрсесі - осы сылтаумен көптеген жазықсыз мұсылмандардың қаны босқа төгілгендігі болғанын көреміз. Алайда, біз қазір де олардан Құран мен Сүннетке қайшы келетін сөздерді естудеміз, және олардың амалдары Құран және Сүннетпен үйлеспейтінін көрудеміз.

Осыған байланысты мен бір исламға шақырушының айтқан сөздерін келтіремін және оның шәкірттері оның: «Ислам мемлекетін өз жүректеріңде құрыңдар, сонда ол сендер үшін жер бетінде пайда болады», - деп айтқандарын ауытқымай ұстанануын қалайтынымды айтамын.

Істің арқауы мынада, егер мұсылман адам Құран мен Сүннетке негізделген дұрыс көзқарастарға оралса, оның ғибадаты, адамгершілік сипаттары және амалдары дұрыс болады. Өкінішке орай, мұндай адамдар игі сөздерге құлақ салмайды және ислам мемлекетін құру қажеттілігі туралы бос айқай салады, ал төменде келтірілетін ақындық ойлар дәл соларға арналып айтылғандай:

«Сен құтылуды үміттенесің, бірақ оған жеткізетін жолдармен жүрмейсің, алайда кеме құрлықпен жүзе алмайды ғой»!

Менің айтқандарым сіздің сұрағыңызға жауап ретінде жеткілікті болар деп үміттенемін». «Әл-мәджәллә әс-саләфийә», 1/1415.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет