§2 Қазақстанды зерттеп-тану қоғамы – Республикадағы
өлкетанушылық жұмыстардың орталығы.
§2.1 ХХғ. 20-жылдарындағы қоғамдық ғылыми қоғамдар және
олардың өлкетану жұмыстарын қалыптастырудағы рөлі.
Қазақстанды зерттеу қоғамы Орынбор мұрағаттық комиссиясы және Орыс
императорлық географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесінің Қырғыз (Қазақ
– Ж.М.) әскери комиссариаты штабының тарихи-статистика бөлімінің мұрагері
болды. Қазақстанды зерттеу қоғамы 1920 жылы 15 қазанда Қазақ АКСР мен
Халық ағарту комиссариатының ғылыми комиссиясында ұйымдастырылып,
хаттамамен бекітілген. Ал оның жұмысы 1920 жылы 1 қарашадан бастап ресми
тіркелген. 1925 жылы Қазақ Халық-ағарту комиссариатының ғылыми бөлімінен
өз алдына жеке бөлімше болып Қазақстанды зерттеу қоғамы бөлініп шықты.
Қоғамды құруға бастамашы болғандар – тарихшы-өлкетанушы А.П.
Чулошников, Орынбор өлкесін алғашқы зерттеуші, бұрынғы Орынбор
мұрағаттық комиссиясының құрметті мүшесі А.П. Гра, тарихшы-этнографтар
Ә.А. Диваев, С.М. Петров, А.Л. Мелков, Н.В. Мелкова, А.А. Четыркина, И.М.
Расторгуев, Н.А. Чулошникова, жер қыртысын зерттеуші-биологтар А.П.
Лошкарев, М.И. Рожанец, К.К. Саховский, В.Е. Тележников және басқалар
Құрылтайшы-мүшелер арасында Қазақ Орталық Атқару Комитетінің
төрағасы
С.Меңдешов, Қырғыз (Қазақ – Ж.М.) әскери комиссариаты штабының басшысы
Қоғам ретінде өз уставын қабылдады:
134
- республика туралы жергілікті мұрағаттар, кітапханалар, жекелеген
адамдардан мәліметтерді іздестіріп, жүйеге келтіріп, оның ғылыми маңызын
бағалап, өңдейді;
- тұрғылықты жерде ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастырып, өлкені
зерттеу үшін экспедиция жабдықтайды;
- өлкеге ғылыми мақсатпен келген адамдарға көмек көрсетеді және де осы
өлкені зерттеушілерді көптеп тарту, олардың білімі мен тәжірибесін қоғамға
пайдалану, басқа да ғылыми қоғамдармен байланыс орнату;
- ғылыми жадығаттарды, кітаптар, қолжазбалар, актілер, карталар, басқа да
басылымдарды, өнер туындыларын жинау мен сақтау, өлкетану музейін құруға
ат салысу.
Қазақстанды зерттеу қоғамының жұмысын алғашқы он екі жылын әрекет
ету сипаты бойынша үш кезеңге бөлуге болады: Орынборлық, 1920-1925 ж.ж.;
Қызыл-Ордалық 1925-1929 жылдары және Алматылық 1929 жылдан бастап.
Қазақстанды зерттеу қоғамының мақсаты мен міндеттері, сол кездегі
елдегі жаппай бастаған өлкетану қозғалысының мақсаты мен міндеттеріне
сәйкес келді.
Қазақстанды зерттеу қоғамы көп кешікпей өз бөлімшелерін Оралда,
Қостанайда, Ақмолада, Көкшетауда ашты. 1922 жылы Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасының Орталық атқару комитеті ауылдық жерге Қызыл
керуен жіберді, қоғамды белсенді құрушылардың бірі этнограф А.А. Четыркина
Торғай, Ақмола, Семей облыстарының елді-мекендерінде өлең, аңыз, ертегі,
қазақ ою-өрнектерін жинаумен болды. Ал қоғамның келесі мүшесі А.Л. Мелков
1923-1924 жылдары қазақ ауылдарын аралай жүріп көптеген фольклорлық
жадығаттар мен халық қолөнері бұйымдарын жинады. Оның жинаған
экспонаттары 1925 жылы сәуірде Парижде өткен бүкіл дүниежүзілік көркем-
қолөнер көрмесінде көрсетілді.
1923 жылы Қоғам Мәскеуде Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесіне
қатысып, Қазақстан халықтары тұрмысын суреттейтін бөлімді дайындады.
Политехника музейінде конкурс-концерт өткізіліп, әсем қазақ әндерін
тыңдаушыларға жеткізуді сәтті аяқтайды.
Қоғамда ғылыми кітапхана құрылды. Оған бұрынғы Орыс императорлық
географиялық қоғамының бай кітап қоры және Орынбор ғылыми мұрағаттық
комиссиясының қоры кірді. 1923 жылы кітапхана қоры 40 мың болды.
Қоғам қызметінің қажетті бағыттарының бірі 1924 жылы мектеп
өлкетануы бөлімін құру болды. Оның міндеттері - өлкетану жұмыстарына
оқытушылар мен мұғалімдерін нығайту болды. Қазақ Халық-ағарту
комиссариатының тапсырысы бойынша мектептерге арналып Қазақстанның
географиялық картасы жасалынды, оқулықтар қазақ тіліне аударылды.
Әдістемелер дайындалды. 1921 жылы Орынборда «Қырғыз өлкесін зерттеудегі
Орынбор қоғамының еңбектері» тұңғыш шығарылымы жарық көрді. 1924
жылға дейін ол «Еңбектер» алты рет шықты. Тарихи-археологиялық және
этнографиялық секция қазақ халқының тарихын мұрағат жадығаттары арқылы
зерттеуге көп көңіл бөлді.
135
Қазақстанды зерттеу қоғамының тұңғыш төрағасы А.П. Чулошников қазақ
халқының шығу тегін зерттеуде жемісті еңбек етті. Қазақтың тарихи аңыздары
мен басқа белгісіз деректерге сүйене отырып, жаңа мәліметтерді ендірді. Оның
«Қазақ-қырғыз халқының басқа түркі тайпаларымен байланысы очеркі» алға
жылжыған қадам болды.
А.Ф. Рязановтың «Қазақ халқының тәуелсіздік үшін 40-жылғы күресі
(1797-1838)» және «Исатай Таймановтың көтерілісі» еңбектері тарих
ғылымында елеулі үлес қосты. Ірі ғалым, фольклоршы, этнограф, тіл маманы
Әбубәкір Ахметжанұлы Диваевтың еңбегі Қазақстанды зерттеумен тығыз
байланысты. 1920-1922 жылдары Түркістан түпкі тұрғылықты халықтарын
зерттеу үшін ол этнографиялық экспедицияға басшылық жасады. Бұл
экспедиция сегіз айдың ішінде ұланғайыр жадығаттар жинады (3500 парақ).
Соның негізінде этногарфиялық карта құрастырылды. Қоғам мүшесі, белгілі
композитор А.В. Затаевич 1920 жылы қазақ ауылдарын аралап жүріп, қазақ
өлеңдері мен әуендерін жазып алды. Затаевич 1000 қазақ әндерін жинады. Бұл
еңбек Ромэн Роллан, М.Горькийдің жоғарғы бағасын алды. Бұл музыка-
этнография саласындағы үлкен мәдени жеңіс болды. Сол еңбегі үшін 1923
жылы Затаевичке Қазақ Республикасының халық әртісі атағы берілді.
Екінші – Қызыл-Орда кезеңі енді өркендеп келе жатқан өлкетану
қозғалысы үшін оңайға түскен жоқ. Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының қызметі
1924 жылға дейін Орынбор, Орал, Торғай территориясы шеңберінен шыға
қоймады. 1925 жылдан бастап оңтүстік өлкелер ҚазАКСР территориясына
біріккен соң, ол Қазақстанда зерттеу қоғамы деп атала бастады.
Қызыл-Ордада болған кезеңде қоғам өз еңбектерінің 4 томын шығарды.
Онда өндірістік қуат, Қазақстан халық шаруашылығының, физикалық-
географиялық ортасы қазіргі кезге дейінгі түйе шаруашылығы туралы П.В.
Ивановтың жұмысы өз маңыздылығын жойған жоқ.
1927 жылы Қазақстанда 9 музей, 6 ғылыми қоғам, 5 қорық, 5 ғылыми
кітапхана, кітап палатасы, 2 кітап сақтау орны жұмыс істеп тұрды. Бірақ
олардың барлығы материалдық жақсартуды қажет етті. ҚазАКСР Халық
комиссарлар кеңесі 1927 жылы 13 қарашада арнайы қаулы қабылдап, Халық-
ағарту комиссариаты мәдени-экономикалық құрылысқа байланысты өлкетану
жұмысын өркендету, мектеп өлкетануының белсенділігін арттыру, уездер,
болыстар, кәсіпорындарда өлкетану жұмысын жетілдіруді қолға алды.
Қазақстанды зерттеу қоғамы жұмысын Санжар Жаппарұлы Асфендияров
(1889-1937) та көп үлес қосты. Профессор С.Ж. Асфендияров Қазақстан тарихы
туралы көптеген ғылыми мақалалар, монография, оқу құралдары мен құжатты
жинақтардың авторы. Мәскеуден 1928-1930 жылдары оралған ол Қазақстанды
зерттеу қоғамымен тығыз байланыста болды. Өлкетану съездері мен
кеңестерінде бірнеше рет баяндамалар оқыды.
1930 жылы сәуірде Асфендияров Қазақстанды зерттеу қоғамы кеңесінің
төрағасы, кейінірек Қазақ АКСР Өлкетану бюро орталығының төрағасы болды.
Қазақстанды зерттеу қоғамының бөлімшелері Оралда, Семейде, Алматыда,
136
Ақмолада, Қостанайда, Шымкентте, Өскеменде және т.б. қалаларда табысты
жұмыс істей бастады.
Сонымен қатар, Қазақстанды зерттеу қоғамымен қатар Орыс
императорлық географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі, Семей бөлімшесі
өз жұмысын жалғастыра берді. Оның қарамағында музей, кітапхана (13 мың
том), ауа-райын бақылайтын зертхана болды.
Орыс императорлық географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің, әрі
бүкіл Қазақстандағы өлкетану қозғалысының өміріндегі ең маңызды оқиға
бірінші губерниялық өлкетану конференциясының 24-31 тамыз 1924 жылы
шақырылуы. Бұл Қазақстан тарихы мен өлкетану өмірінде тұңғыш
конференция еді, оған қоғамның 74 мүшесі мен 200-дей меймандар қатысты.
Семей бөлімшесінің мүшелері болғандар Б.Герасимов – төраға, М.Әуезов
төрағаның орынбасары, Ж.Шанин, Ш.Айманов, А.Шубин және басқалар.
Мұқтар Омарханұлы Әуезов өлкетану үйірмелерін Өскеменде,
Павлодарда, Риддерде, педагогикалық, ауыл шаруашылық, өндірістік
техникумда ұйымдастырушы болды. Ол Семей конференциясының
ұйымдастырушыларының бірі болып, «Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны»
атты мақала оқыды. 1924 жылы Абайдың қайтыс болғанына 20-жыл толуына
арналған еске алу кешін өткізді. 1927 жылы Мәскеуде өткен ІІІ-Бүкілресейлік
өлкетану конференциясында М.О. Әуезов Өлкетану орталық бюросының
мүшесі болып сайланды.
Сырдария губерниясында өлкетану қоғамының ресми ашылуы және оның
жарғысының бекітілуі 1926 жылы сәуірде болды. Бірінші ұйымдастыру
жиналысында басқарма мына құрамда сайланды. Б.П. Тризна – Сырдария
губерниясы өнер-табиғат көне ескерткіштерді қорғау жөнінде өкіл Басқарма
төрағасы, И.К. Шпота – губерниялық музей меңгерушісі, Басқарма
төрағасының орынбасары, П.Г. Афанасьев – ғылыми хатшы, т.б. 1926 жылы
қазаннан бастап жергілікті қоғам Қазақстанды зерттеу қоғамының Сырдария
бөлімі болып құрылды.
Басқарма өлкетану жұмысына әр түрлі аудан өкілдерін, мектеп
қызметкерлері мен оқушы жастарды тартты. Басқарма мүшелері, оның ішінде
И.К. Шпота Шымкент қаласы және көне Сайрам ауданына тарихи-
археологиялық зерттеулер жүргізді. Археологиялық тұрғыдан Ақсу-Жабағлы
қорығын зерттеді. 1927 жылы шілде айында Б.П. Тризна, И.К. Шпота
Ленинградтан
келген
Мемлекеттік
академияның
қызметкері
А.Ю.
Якубовскиймен Төмен-Арық (қазіргі Қызылорда облысы Жаңа Қорған ауданы
– Ж.М.) сапарға шығып, мазарлардың қалдығын, үлкен мешіттің қираған
орнын, Көк-кесене архитектуралық ескерткіштерін суретке түсірді.
Александр Юрьевич Якубовский (1886-1953) Өзбек және Тәжік КСР-і
ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, археолог-тарихшы-шығыстанушы. 1926-
1927 жылдары Қазақстан мен Орта Азияда жұмыс істеп, бұл өлкені мекен етуші
халықтардың тарихы мен мәдениетін кешенді зерттеді. Оның еңбектері: «Орта
Азия қалалары тарихын зерттеудің басты мәселелері», «Эрмитаждық
археологиялық коллекциялары» (1940), «Темір мен Темір ұрпақтары кезіндегі
137
Самарқанд» (1933), «Темір заманындағы Иран мен Орта Азия шеберлері»
(1979), Қазақстанның оңтүстігі туралы жақсы мағлұмат берді.
Қазақстанды зерттеу қоғамының Сырдария бөлімінің қызметіне Михаил
Евгеньевич Массонның сіңірген еңбегі өте жоғары. 1926-1927 жылдары Әулие-
Ата, Бішкек, Алматы төңірегінің археологиясын зерттеумен айналысты.
Сырдария губерниясы Қазалы уезінің өлкетанушылары ішіндегі Әлқуат
Қайнарбаевты (1898-1979) атап өтуге болады. Ол қазақ халқы тарихы мен
мәдениетінің ауыз өнерін жинаушы. Өзі өлкетану жұмысы мен этнографиялық,
фольклорлық деректемелерді жинауды 1918 жылдан бастап бастаған. Ғылым
Академиясы орталық ғылыми кітапханасының қорына 200 мың жол
этнографиялық, фольклорлық жадығаттар өткізеді. Оның төрттен-үші әдебиет
пен тілтануға, қалғандары қазақ халқының тарихы, этнографиясы, әдет-ғұрпына
арналған. Олар «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары»
(1962), «ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақындарының шығармалары» (1963),
«Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Қазақ эпосы» (T.1. 1958, T.2. 1961, T.3. 1964),
«Айтыс» (T.1. 1964, T.2. 1968).
Орал губерниясы территориясында өлкетану ұйымдары өз қызметтерін
1925 жылы қаңтарда бастады. Бұл бөлімде профессор С.С. Неустоевтың
басшылығымен, мүшелері И.Б. Ларин, Н.И. Мусатова, В.И. Верушкин және
басқалар жұмыс атқара бастады.
1927 жылы «Оралда Орал-Каспий өлкесін мекендейтін орыс
тұрғындарының тұрмысы, экономикасы, географиясы, тарихы туралы
өлкетанулық анықтамалық» атты еңбек шықты. Ол клубтарға, оқу залдары мен
кітапханаларға, мәдени-ағарту ұйымдарына арналды.
Атбасарлықтар 1924 жылы ашылған өлкетану үйірмесін «Мәдениеттің
жаңа ошағы» деп атады. Үйірменің міндеттері - өлкені зерттеу, төл әдебиетті,
көне ескерткіштерді, халық әндерін, ертегілерін, аңыздарды, мақал-мәтелдерін
жинау.
1929 жылы республика орталық мекемелерінің Алматыға көшуіне
байланысты Орта Азия, Орынбор мұрағат, кітап сақтау орны, музейлердің
Қазақстан туралы жадығаттарын жинап, оларды Алматыға орналастыру
басталды. Бұнымен қатар, қоғамның жоспары бойынша 1929 жылы арнайы
экспедиция күшімен Шу және Қостанай аудандарындағы жем-шөп мәселелері,
түйе шаруашылығын өркендету мәселелері үшін арнаулы этнографиялық
экспедиция ұйымдастырылды.
Қазақстанды
зерттеу
қоғамының
Алматы
кезеңі
О.Жандосов,
С.Асфендияров, М.Жұлдыбаева, Т.Шонанова, Б.Дублицкий, А.Горячева және
басқалардың аттарымен тығыз байланысты. 1930 жылы Бүкіл Қазақстандық
ғылыми-өлкетану ұйымдастыру бюросының төрағасы О.Жандосовтың «Өз
өлкеңді таны» мақаласы үлкен қызығушылық тудырды.
О.Жандосовты ұйымдастыру бюросының төрағасы етіп сайлағаннан
бастап, қоғамның беделі артып, оған Жер халық комитеті, Қазақ су
шаруашылығы, мұрағат басқармасы мемлекеттік ұйымдары келіп қосылып,
138
нығайды. Сол жылдары елде өлкетанудың апталығын, айлығын өткізу
тәжірбиеге айналды. Арнайы штабтар құрыла бастады.
1930 жылы 6 сәуірде Қызыл әскерлер үйінде Бүкіл Қазақстандық ғылыми-
өлкетану съезі ашылды. Съезге Мәскеу, Ленинград, Харьков, Ташкент,
Новосибирскідегі ірі ғалым-мамандар келді. Солардың ішінде академиктер А.Е.
Ферсман, П.П. Маслов, профессорлар Н.М. Туйлаков, С.И. Руденко, М.В.
Культпасов, Л.И. Цукерман, инженер-геологтар М.П. Русаков, В.Е. Недзвецкий,
Орталық
Түркістан
өлкетану
бюросының
төрағасы
Т.С.
Козлов,
Шығыстанудың Бүкіл Украиналық ассоциациясының өкілі И.И. Ланде және
басқалар. Барлық тіркелген делегаттар 238 болды. Съезд делегаттары
пленарлық мәжілісте 22 баяндама, ал секцияда: ұйымдастыру-әдістемелік, ауа,
су, жер қойнауы, өсімдік ресурстары, жан-жануарлар ресурстары, Қазақстан
экономикасы, тарихи, мәдениетінде 100-ден аса баяндама тыңдалды.
Академик А.Е. Ферсманның «Қазақстандағы өндіріс күштері, және оның
мәдени-шаруашылық құрылыстағы маңызы», С.И. Руденконың «Қазақстандағы
КСРО Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы мен
болашағы», Н.М. Тулайновтың «Қазақстан ауыл шаруашылығы саласындағы
ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері».
Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы О.Исаевтың «Қазақстанның бес
жылдығы», профессор С.Асфендияровтың «Шығыстағы қоғамның өркендеу
түрлерінің тарихы», О.Жандосовтың «Қазақстандағы ғылыми-зерттеу
жұмыстаны ұйымдастыру мәслелері», т.б. мақалалар үлкен қызығушылық
тудырды. Республикада 30-жылдары геологиялық жорықтар кең қанат жайды.
Ол көпшілік ұжымдар мен өлкетану қоғамдары күшімен іске асты.
Геологиялық жорықтар екі бағытта жүргізілді: біреулер пайдалы қазбалар
туралы тұрғындар арасынан мәліметтер іздесе, келесілері дала іздестіру
жұмыстарын жүргізді. Ауданның өлкетанушы белсенділері жергілікті
тұрғындар арасында сұрау жүргізіп, пайдалы қазбаларды тіркеді, тікелей
іздестіру геологтардың басқаруымен өлкетанушылар мен студенттер күшімен
атқарылды. Облыс және аудан мұрағаттарында жатқан құжаттарға да көп көңіл
бөлінді.
Жалпы, Қазақстанды зерттеу қоғамы мәдениетті тарату, ірі өлкетанулық
түрлі бағыттағы ғылыми зерттеулерді жүргізетін, мектептерде өлкетанулық
жұмыстарды қалпастыру мен дамыту орталығы болды. Қазақ халқының әдет-
ғұрыптары мен тарихын зерттей отырып, қоғам мүшелері жер-жерлерде
бұқаралық-мәдени шараларды өткізіп, баяндамалар мен дәрістер оқыды.
Кітапханалар құрды, музейлер ұйымдастырды, экспонаттар жинап, көне
ескерткіштер мен өнерді жаңғыртты. Сондай-ақ, оларды қорғау шараларын
жүзеге асырды. Бұған 1920 жылы қаңтарда музейлер және өнер ескерткіштерін
қорғау ісі бойынша бөлім ашылуы мысал бола алады.
Жалпы Қазақстанды зерттеу қоғамы мен басқа да өлкетану ұйымдары
қазақ зиялыларының қалыптасуында маңызды рөл атқарды.
139
Достарыңызбен бөлісу: |