Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§2.2 Қазақстанды зерттеу қоғамының Оралдағы бөлімі



Pdf көрінісі
бет61/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§2.2 Қазақстанды зерттеу қоғамының Оралдағы бөлімі. 
Қазақстанды зерттеу қоғамының жұмысын жан-жақты жандандыру үшін 
жергілікті жерлерде оның бөлімшелері құрыла бастады. БК(б)П Қазақстан 
өлкелік комитетінің талабы бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамының жіберген 
№ 31035, 8.02.1926 жылғы есебіндегі 1-пунктінде Қоғамның мүшелерінің 
жалпы саны – 112 адам, оның ішінде орыстар – 79, қазақтар – 33 адам екендігі 
айтылса, келесі 2-пунктте Басқарма белсенділері аталған: төрағасы – А.Л. 
Мелков, қазынашы – Д.В. Гусев, кітапханашы – А.Тимофеев, қоғамның 
басқарма мүшелері қатарында М.Жолдыбаев, Ә.Ермеков және М.Тынышпаев 
есімдері көрсетілген. Ал, 3-пунктте қоғамның бүкіл Қазақстан бойынша 
бөлімшелері аталған. Олар Оралда, Ақмолада, Көкшетауда, Шымкентте және 
Ақтөбеде орналасқан. Әрине, бұл жерде кейінгі құрылған бөлімшелер 
айтылмаған. 
Алғашқылардың бірі болып құрылған Оралдағы бөлімше өз қызметін 1920 
жылы 24 қарашадан бастады. Сөйтіп, Оралдағы кәсіподақтардың рабпросы 
жанындағы жергілікті өлкені зерттеушілердің кішігірім үйірмесінен 1921 жылы 
ақпанда құрамында 52 адам бар Оралдағы Қазақстанды зерттеу қоғамының 
бөлімшесі құрылды. 
Қоғамға адамдарды тарту үшін бөлімше мүшелері белсенді түрде ел 
арасында үгіт-насихат жүргізіп, дәрістер өткізді. Мұғалімдерге табиғатты 
зерттеуде көмекші болатын арнайы нұсқаулар дайындады. Өлке жайындағы 
әдебиеттердің библиографиясын құрастырушы комиссия құрды. 
Орал бөлімшесінің қызметі 1925 жылы қаңтарынан белсенді түрде 
жүргізіле бастады. Қазақстанды зерттеу қоғамы Орал бөлімшесінің қол 
жеткізген жетістігі ретінде жақсы кітапхана құрылғанын және оның ішінде 
қазіргі кезде сирек кездесетін Паллас, Рычков, Левшин, Небольсин кітаптары 
бар екендігін атаған жөн. Жергілікті мекемелер, ұйымдармен тығыз және 
жақсы байланыс орнатқан қоғам бөлімшесінің, сол кездегі нақты мүшелерінің 
саны 42 адамға жетті.
Орал бөлімшесінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын негізінен геоботаника 
саласы бойынша профессор С.С. Неустоев басқарып, оған И.Б. Ларин, Н.И. 
Мусатова қатысты. Ал, гидроихтиология саласын профессор Л.С. Берг 
басқарып, орындауға қоғамның мүшелері И.Х. Кожевников, И. Паллан және 
т.б. қатысты. 
Қоғамның Оралдағы бөлімшесі 1926 жылы Орал мекеніндегі балық өсіру 
мен балық аулауды зерттеуге қаржы бөлу жайында ұсыныс жасады. 
Губисполком мен Губплан бұл ұсынысты қабылдап, 2000 сом ақша бөлді. 
Зерттеу жұмысын Л.С. Берг басқарған жоғары деңгейдегі мамандар өздері 
дайындаған бағдарлама бойынша жүргізді. Бөлімше мүшелері К.В. 
Данилевский және Е.Б. Рудницкий 1927 жылы қомақты еңбек болып табылатын 
«Краеведческий справочник по истории, географии, экономике и быту русского 
население Урало-Каспийского края» атты анықтама шығарды. 
Еңбек баспадан шықпас бұрын ГубОНО (Губерниялық халықтық білім 
беру бөлімі – Ж.М.) құрған арнайы комиссияның тексеруінен өтті. 


140 
Комиссияның басшылығына Қазақстанды зерттеу қоғамының Орал 
бөлімшесінің төрағасы П.В. Калачев тағайындалды. Комиссия өзінің 
қорытындысына «Біз К.В. Данилевский мен Е.В. Рудницкийдің еңбегін 
өлкетану мәселесін жүйелі түрде қарастырған қомақты жұмыс ретінде 
құптаймыз және оны тез арада баспадан шығаруды ұсынамыз. Бұл өлкені 
зерттеушілер үшін таптырмайтын құнды жинақтық материал болып табылады. 
Анықтама оқу залдарында, клубтарда, кітапханаларда, политпросвет 
жанындағы кәсіподақтардың мәдени-ағарту ұйымдарында сонымен қатар, 
жергілікті өлкені кеңірек тану үшін пайдалынылады», деп жазды. 
Орал бөлімшесінің атқарған жұмысы тікелей сол кездегі саяси ахуалға да 
байланысты болды. Әсіресе, сауатсыздықпен күрес, социалистік мәдениетті 
насихаттау, ғылыми кадрлар дайындау және т.б. міндеттерді атқарды. 
Қазақстанды зерттеу қоғамының бөлімшелері Оралдан басқа Семей, Алматы, 
Ақмола, Қостанай, Шымкент, Өскемен және басқа да қалаларда табысты 
жұмыс істеді. 
Қазақстанды зерттеу қоғамының екінші (Қызылордалық) кезеңі Кеңес 
үкіметінің 
социализмнің 
экономикалық 
тұғырын 
нығайтуға, 
елді 
индустриялизациялауға бағытталған шаралары мен халық шаруашылығын 
дамытудың бірінші бес жылдық жоспарының қабылдануына тұспа-тұс келді. 
Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының 1924 жылға дейінгі қызметі Орынбор, 
Орал, Торғай аймақтарынан тысқары жерлерге шығып кеткен еді. ҚазАКСР-нің 
негізгі аумақтарына 1925 жылы оңтүстік аудандарын қосылуынан кейін 
республика атына сәйкес қоғам «Қазақстанды зерттеу қоғамы» деп атала 
бастады. Осының өзі оның ықпалының бүкіл республикаға таралғандығын паш 
етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет