Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция


Жұмысшының келісімінсіз үстеме жұмыс мына жағдайда беріледі



бет20/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73
multi-293 x970856161

Жұмысшының келісімінсіз үстеме жұмыс мына жағдайда беріледі:

  1. елдің қорғанысына қажетті жұмыстарды өндіруде, сонымен қатар төтенше жағдайлар, табиғи апаттар мен өндірістік апаттардың алдын алуға немесе оларды жоюға байланысты жұмыстар кезінде;

  2. суқұбырлары, газқұбырлары, жылуқұбырлары, энергияқұбырлары мен басқа да жүйелердің қалыпты қызметін бұзатын басқа жағдайларға жол бермеу;

  3. ауысымдағы қызметкер келмеген жағдайда, егер жұмыс міндетті түрде адам ауыстыру арқылы үзіліссіз жүруді талап етсе жұмысты жалғастыу кезінде.

 Үстеме жұмысқа мыналар жатпайды:

  1. жүкті әйелдер;

  2. он сегіз жасқа толмаған қызметкер;

  3. мүгедектер.

Жұмыс уақытына мыналар кіреді:

  1. күнделікті жұмыс уақыты (жұмысшының өтеген және өтелмеген уақыттары кіреді);

  2. үстеме жұмыстар, түнгі уақыттағы жұмыстар, демалыс күндері, мейрам күндері, іссапарлар;

  3. жұмыс уақытында жұмысшыны басқа орында қызметке жұмылдыру, сол уақыт мерзімін бекітілген еңбек келісім-шартына сәйкес есеп құжаттарына толық жұмыс уақыты ретінде белгілеу.

Дeмалыс уақыты - бұл жұмысшының қызметтік міндеттерін атқарудан бос кезеңінде өз қалауынша пайдалана алатын уақыт. 
Демалыс уақытының түрлері

  1. жұмыс күні кезеңіндегі үзілістер (жұмыс ауысымы) - демалыс және тамақтану үзілісі;

  2. ішкіауысымдық және арнайы үзілістер;

  3. күнделікті демалыс (ауысымаралық);

  4. демалыс күндері (аптасайынғы үзіліссіз демалыс);

  5. мейрам күндері;

  6. еңбек демалыстары.

Демалысқа және тамақтануға берілетін үзілістер
Күнделікті жұмыстың (жұмыс аусуының) ішінде жұмыскерге ас ішуге және демалуға жарты сағаттан аз емес үзіліс берілуі қажет.
Демалуға және түскі асқа арналған үзіліс уақыты жұмыс тәртібмен, және еңбек әрі ұжым шарттарымен орнатылады.
Демалуға және түскі ас ішуге арналған уақыт жұмыс тәртібіне қосылмайды. Еңбек шарттары бойынша үзіліс берілуі мүмкін емес жұмыс орынадарда, жұмыс беруші жұмыскерге демалуға әрі ас ішуге арнайы жабдықталған жерде мүмкіндік беруі тиіс. Осындай жұмыс тізбесі, ас ішу әрі демалуға арналған орындары ұжым шартымен немесе жұмыс берушінің әрекетімен орнатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет