Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция


Күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер



бет17/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73
multi-293 x970856161

2. Күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер
Қызметкерлерге күнделікті жұмыс (ауысым) барысында тынығуға және тамақтануға жиынтығында ұзактығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі.
Үзілістің ең қысқа мерзімі көрсетілген. Тынығу мен тамақтану үшін берілетін үзілістің ең көп ұзақтығы өндіріс сипаты мен ауысым кестесіне сәйкес белгіленеді. Тынығу мен тамақтануға берілетін үзіліс жұмыс уақытына кіргізілмейді. Қызметкер үзіліс уақытында жұмыс орнынан басқа жаққа кетуіне болады. Тынығу мен тамақтану үшін үзіліс уақытын беру және оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерімен, жеке және ұжымдық шарттармен белгіленеді. Үзіліс, әдетте, жұмыс басталғаннан төрт сағат өткенде беріледі.
Еңбек туралы заңда арнаулы үзілістер деген де қарастырылған. Мұндай үзілістер суық уақытта ашық аспан астында, жабық жылытылмайтын жайларда, сондай-ақ жүк тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін қызметкерлерге беріледі. Арнаулы үзілістер қызметкерлердің жылынып, тынығуы үшін беріледі және жұмыс уақытына есептеледі. Сондай-ақ, мұндай арнаулы үзілістерді бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге — жұмыс уақытының әрбір үш сағаты сайын, 30 минуттан кем емес уақытқа беру де қарастырылған.
Қызметкерлерге демалыс күндері, яғни апталық үзіліссіз тынығу уақыты беріледі. Қызметкерлерге 5 күндік жұмыс аптасында екі демалыс күні, ал 6 күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Жексенбі жалпыға бірдей белгіленген демалыс күні болып табылады. 5 күндік жұмыс аптасында екінші демалыс күні, егер ол заңда белгіленбеген болса, жұмыс берушінің актісімен немесе кәсіпорынның (мекеме, ұйымдар) жұмыс кестесіне орай белгіленеді. Әдетте, екі демалыс күні қатар беріледі. Ауысымдық жұмыста екінші демалыс күні ауысым кестесінде көрсетіледі. 5 күндік жұмыс аптасы жағдайында жұмыс істейтін министрліктер, ведомстволар және басқа да орталық мекемелер аппараттарының қызметкерлері үшін сенбі мен жексенбі демалыс күндері болып табылады.
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет