Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет19/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
multi-293 x970856161

Толық емес жұмыс уақыты: 

  1. толық емес жұмыс күні

  2. толық емес жұмыс аптасы

  3. күнделікті жұмыс уақытының нормасын бір мезгілде азайту (жұмыс ауысымы) және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерін қысқарту

 Назар аударыңыз!
Толық емес жұмыс уақытымен жұмыс істеген қызметкердің жыл сайынғы еңбек демалысы төлемінің шектелуіне әсер етпейді.
Жұмыс аптасының түрлері:

  1. Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы;

  2. Бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы. 

Күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс ауысымы): 

  1. Еңбек Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспайды.

  2. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты еңбек тәртіптемесі қағидаларында, еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленген талаптар сақтала отырып айқындалады.

  3. Өнер және мәдени саланың кәсіби ұйымның шығармашылықпен айналысатын қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, спортсмендер, жаттықтырушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, жұмыс берушінің актілерімен, ұжымдық және еңбек келісім-шарттарға сәйкес басқа жұмыс уақыты бекітіледі

Түнгі уақыт сағат 22.00 - 06.00 аралығы болып саналады.
Түнгі уақыттағы жұмысқа: 

Үстеме жұмыстар:

  1. әрбір жұмысшы үшін тәулігіне екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, қауіпті (аса қауіпті) және зиянды жұмыстарды атқаратын қызметкерлерге тәулігіне бір сағаттан аспауы тиіс;

  2. айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс;

Үстеме жұмысқа жұмылдыру тек жұмысшынының жазбаша келісуі арқылы, басқа жағдайда Еңбек Кодексі бойынша жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет