Кадрлық саясат – кадрлармен жұмыс істеудегі басты бағыт, кәсіпорынның кадрлық қызметімен жүзеге асырылатын негіз салатын қағидалар жиынтығы.
Кадрлық саясат кәсіпорын мен оның жұмыскерлерінің мақсаттары мен басымдықтарын біріктіруге және ең жақсы жолмен ықпал етерліктей еңбек ұжымын құру бойынша саналы, мақсатты бағытталған қызмет әрекеті болып келеді.
Кадрлық саясатты таңдағанда:
- кәсіпорынның даму стратегиясы, ағымдағы жұмыстарды орындау талаптары;
- кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері, персоналды басқаруға белгіленетін немесе болуы мүмкін шығындар деңгейі белгіленеді;
- қызметкерлер құрамының сандық және сапалық мінездемелері, болашақта олардың өзгеруінің бағытталуы;
- еңбек нарығындағы жағдай (кәсіпорын кәсіптері бойынша еңбек ұсынудың сандық және сапалық сипаттамалары);
- жалақы деңгейі;
- кәсіподақтардың ықпал етушілігі, беделдігі, жұмыскерлердің мүдделерін қорғаудағы қатаңдылық;
- еңбек заңнамаларының талаптары, жалданған персонал мен жұмыс істеудің әдеттегі мәдениеті сияқты кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасына тән себепшарттар ескеріледі.
Кадрлық саясатқа қойылатын талаптар:
- кәсіпорын дамуының стратегиясымен тығыз байланыстырылу;
- икемділік (тұрақтылық пен дамудың ұштасуы, бірге қолданылуы);
- экономикалық негізделу;
- жұмыскерлерге жеке тұрғыдан қарау.
Кадрлық саясат кәсіпорын жұмыс істейтін экономикалық жағдайға, кәсіпорынның өзінің хал-күйіне байланысты өзгереді.
Дұрыс таңдап алынған кадрлық саясат:
а) өндірістің үздіксіз қызметін, салынған қаржыларды уақытылы игеруді қамтамасыз ету мақсатында жұмысшы мен маман кадларымен уақытында жинақтап, іріктеп алу;
б) ең төмен деген шығынмен (жұмыскерлерді жалдаумен, ағымдағы кезеңде ғана емес, кейінгі қайтадан дайындықтан өту мен біліктілікті арттыруға да жұмсалған шығындарды есепке алып, кадр дайындаумен байланысты шығындарды ойға қонарлық шектерде үнемдеу), кәсіпорын ұжымының еңбек әлеуетінің қажетті деңгейін қалыптастыру;
в) жұмыскерлердің мүддесін есепке алу, біліктілігін өсіру мен басқа жеңілдіктер үшін мүмкіндік беру арқасында ұжымды тұрақтандыру;
г) жоғары өнімді еңбекке жоғарырақ болып келетін ынталандыруды қалыптастыру;
д) біліктілігі бойынша және арнайы дайындыққа сәйкес жұмыс күшін тиімді пайдалану.
Кадрлық саясат кәсіпорында кадрлар қызметімен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |