4 лекция. Жұмыс орнын суреттеу. Қызметтік нұсқау
1. Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері
2. Күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер
3. Қызметтік нұсқау және құрылымдары
1. Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері
Жұмыс Уақыты – қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі. Жұмыс күнінің ұзақтығы ғасырлар бойы әлеуметтік жанжалдардың нысаны болып келді. 20 ғасыр басында көптеген дамыған елдерде жұмыс күнінің ұзақтығы 10 – 12 сағат болып белгіленді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында қызметкерлердің жұмыс уақыты тынығу уақытымен тығыз байланыста белгіленген. Аталған бапта «Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істегендерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын, демалыс және мереке күндерінде, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі» делінген.
Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек туралы заңның 45 – бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленген нормадан азырақ көзделуі мүмкін.
Қызметкер жеке еңбек шартында белгіленген еңбек міндеттерін жұмыс уақыты ішінде орындауға міндетті, дегенмен бұл уақыт нақты жұмыс істелген уақытыпен сәйкес келе бермейді. Нақты жұмыс істелген уақыты дегеніміз - жұмыс уақытын есепке алу тізімдігінде көрсетілген жұмыс уақыты. Еңбекке ақы төлеу нақты жұмыс істелген уақытқа төленеді.
Өндірістік күнтізбелікке сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағат болып белгіленген қызметкерлер үшін жұмыс күннің ұзақтығы:
5 күндік жұмыс аптасында – 5 күн – 8 сағаттан
6 күндік жұмыс аптасында – 5 күн – 7 сағаттан, ал бір күн – 5 сағаттан болып белгіленген (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 05 – 2 (8008 хаты).
Қысқартылған жұмыс уақыты жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін қорғау, оқу мен өндірісті оңтайлы ұштастыруға жағдай жасау, өндіріске кәмелетке толмаған жетекшілерді және еңбекке қабілеттіліктері төмендеген тұлғаларды тарту мақсатында белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |