3. Кадрлық саясаттың типтері
Ұйымдарда құрылатын кадрлық саясатты төмендегідей топтастыруға болады:
пассивті;
реактивті;
превентивті;
- активті.
Пассивті кадрлық саясат. Пассивті кадрлық саясат деген ұғымның өзі қисынсыз болып табылады (ұйымның жетекшілігінде персоналға қатысты іс-шаралар бағдарламасының болмауы, ал кадрлық жұмыскері әсерлерді жоюға әкелетін ахуалға жолықтыруы мүмкін). Дегенмен, ұйымдағы жетекшілердің персоналға қатысты нақты іс-шаралар жиынтығының болмауы мүмкін, ал кадрлық саясат жұмыстың кері нәтижелерінен сақтайды. Мұндай ұйым үшін кадрлық қажеттілікті жоспарлаудың қажеті жоқ, персонал еңбегін бағалаудың құралдарын, жалпы кадрлық жағдайды бағалаудың да қажеті жоқ. Кез келген жағдайда жетекші әр кезде пайда болатын дау-жанжалдарға жылдам жауап іздейді, ол пайда болу себептерін, кейіннен қандай нәтижеге әкелетінін ескермей кез келген құралдармен, іс-шаралар жиынтығымен сол дау-жанжалды шешеді.
Реактивті кадрлық саясат. Ұйым жетекшілерінің бұл саладағы саясаты персоналмен жұмыс істеп жатқан жағдайда пайда болатын кері іс-әрекеттерді бақылау болып табылады, мұнда: дау-жанжалды жағдайдың пайда болуы, қажетті деңгейдегі пайда болады. Ұйымның жетекшілері дағдарысты жоюға қатысты іс-шараларды жүзеге асырады, ол пайда болуға түрткі болған себеп-салдарына негізделіп кадрлық мәселенің пайда болуына әкелген іс-шараларды қарастырады. Мұндай мекемедегі кадрлық саясат әдетте алдында болған тәжірибеге сүйеніп шешім қабылдайды.
Превентивті кадрлық саясат. Саясаттың бұл түрі жетекшінің қолында нақты түсіндіруші іс-шаралар болған жағдайда орын табады. Осындай ұйымдардың кадрлық шаралары персоналды бағалаумен қатар, орта мерзімді кадрлық саясатты жоспарлайды. Ұйымның даму бағдарламасында орта және қысқа мерзімді кадрлық қажеттіліктерді жоспарлау, онда персоналды дамытудың сандық және сапалық іс-шаралары болжамданады. Мұндай ұйымдардың негізгі мәселесі - нақты бағытқа бағытталған кадрлық іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |