«музыкалық білім» кафедрасы



бет7/8
Дата24.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
#16447
1   2   3   4   5   6   7   8

 махитъя, Уттар-Прадештегі  каджари билері бар. Соқпалы аспаптар құрамында дхол, охолак, дамару, удуккаи, даф, тамматаи, каиджира, , нагара, үрмелі аспапта комбу,сингх (мүйіз тектес), тиручиннам, карна (қуыс

турба)  бансури, мурали, нагасар (сырнай), нафери бар. Ішекті аспаптар  эктар, дотара,тунтуне, джантар, ішекті-қылды аспаптар  камайча, банам, саринда. Классикалық музыка өнерінің түрлері сонау VII ғасырдан бастап етек алып, әрбір ақсүйек сарайында аулада орындалып, кейін храмдар мен сарайлардағы дәстүрлі ұлттық музыка ретінде қалыптасады.



Үнді классикалық музыка өнерінің негізі "рага" болып, көпұлттық (көпшіліктік) салттарды қалыптастырды. Нада әуені ғарыштық энергия алатын өмір бастауы болса, аспаптың даму әуендері музыка дыбыстарын біріктіріп тала жүйесін кұрады. Космологиялық музыка Күн жүйесінің негізгі 7 ғаламаттарына бағытталып, октаваның дыбыс қатынастарының жарты тонынан кіші 22 дыбыс болатын шрути шығарған. Әрбір музыкалық дыбысқа орай ақындық символдық бояу түстерін тапқан. Соған орай Вадиименсамвади өнерін тауып, белгілі образдардың сезімі мағынасында қолданған. Солтүстік Үнді музыка жүйесі 10 бапты — тхата, ал оңтүстіктегілер 72 бапты  мела музыка жүйесін қолданады. Классикалық аспаптар: ішекті-шертпе  вина, ситар, сарот, тампура,қылішектісаранги;үрмелісырнай, шехнай мен нагасварам, кішкене фисгармоидар; ұрмалы — пакховадж, мриданга. XIII ғасырдан бастап Солтүстік Үнді мәдениетінде Алдыңғы және Орта Азия мұсылмандық көркем-өнер әсері байқалды. Үнді классикалық музыкасы 2 бағытта дамыды, Солтүстікте хиндустани бағыты сырттан енсе, Оңтүстікте карнатак бағыты Үнді халқының дәстүрлі бағытында болды. Олардың бір-бірінен өзгешелігі ерекше болмағанымен де орындаушылық дәстүрде әр түрлі жанрдағы өзгерісі сезілді. Оңтүстік Үндіде вокалды музыка (ән) басым болса, Солтүстікте аспапты музыка бара-бара белгілі жанрға айналды. Оңтүстік музыкасының негізі діни әндер — киртанмен пада, XVII ғасырдағы Кшетрайна, XVII ғасырда екінші жартысы мен XIX ғасырда бірінші жартысындағы өмір сүрген Шъяма Шастри секілді ірі музыка қайраткерлері еңбектерінен орын алды. Содан соң жеңіл классикалық музыка түрі тиллана (XVIII ғасырда), джавали (XIX ғасырда) пайда болды. Солтүстік Үнді классикалық музыкасы жанрында белгілі орын алған салтанатты әнұран дәстүрі туды: XVI ғасырда—Дхрупадтың өркендеуі, XVI—XVII ғасырларда Миан Тансеннің шығармаларымен байланысты.

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж

Бет 62_

Жеңіл классикалық музыка Солтүстік Үнді жерінде вокалды өнердің тхумригазалдадратаппатаранасекілді түрлерін тудырды. Солтүстік және Оңтүстік музыка дәстүрлеріне қатар ден қойған Свати Тирунал (XIX ғасырда) болды. Үнді көркем өнеріне тән қасиет — өнердің барлық түрінің араласқан синтездік бағыты. Вокалды ән мен хореографиялық өнер жанрлары Үнділік дәстүрлі музыкада туындап, ДжатраЯкшаганаТамаша тәрізді музыкалық театрларға негізделді. Олар Үнділік классикалық стильдегі билер — бхарат, натъям, катхакали, манипура түрлеріне негіз болды. Үнді еліндегі колонияға қарсы ұлт азаттық қозғалыс (XIX ғасырда бірінші жартысы — XX ғасырда ортасы) ұлттық музыка мәдениетінің жаңа маңызды кезеңіне себеп болды. Оған атакты ағартушы, жазушы, музыкант әрі суретші Р. Тагор шығармашылығы тікелей байланысты. Ұлттық интеллигенция арасында ұлттық музыка мәдениетін зерттеу, мұралық еңбектерге арналған бүкіл Үнді музыкасын камтитын конференциялар өткізіліп, ән жинақтары, классикалық, тарихи және теориялық антологиялар шығарылады. Музыкалық оқу ағарту жүйелері бірізділікке түсіп, түрлі нота жазу, т.б. оқу формалары дамыды. 1928 жылы Мадраста Музыка академиясы, 1930 жылы Кералада Өнер орталығы, 1932 жылы халық өнерін сақтауға бағытталған Бенгал коғамы құрылды, 1901—1908 жылдары Лахорда Гандхарва Махавидьялай музыка институты, 1939 жыл Делиде осы атаумен жаңа институт ашылды, Музыка мәдениеті дамуына елеулі үлес қосқанВишну Нарайяна Бхаткханда, Вишну Дигамбар Палускардың рөлі ерекше болды. 1947 жылы Үнді елі өз тәуелсіздігін алуымен музыкасы өнерінің дамуының жаңа кезеңі басталды. Сахна өнері де даму үстінде болып, Шила Ватстың "Құрғаған жер" атты спектаклі қайта қаралып, тәуелсіздік тұрғысынан өңделіп шығарылды. Сондай-ақ Гулам Хайдардың "Берілмеген Пенджаб" қойылымы, С.Шанкараның"Пойызы" Г. Д. Мадгулькараның "Рама туралы жыр", т.б. қайта жаңғырды. Сазгерлік және киномузыкасы саласында ұлттық музыкасы мен Батыс Еуропа музыкасы біріккен стиль орын алды. Осы бағытта А.Бисвaс, Х. Кумар, С. Чоудхури, Р.Бaрман, С.Бхaскар т.б. еселі еңбек етті. Музыка зерттеу саласына П.Самбмурти, P.Аяйнгaр, С.В.Айяр, С.Праджнананда өз үлестерін қосты. Классикалық жанрдағы орындаушы-музыканттар — К.С.Нарайянасвами, С.Балачандер, Вилайят Хан (виш), Рави Шанкар (ситар), Али Акбар Хан, Амджат Али Хан (сарод), Бисмилла Хан (шехнаи), Харипрасад Чаурасья, Рамана (сыбызғы), Л.Cубраманам, Т.Н.Кришнан (скрищ); әншілер— ағайынды Дагар, Кумар Гандхарва, Б.Чатурведи; әншілер Суббулакшими, Парвин Сұлтана, Шобха Гурти, т.б.болды.Бұл елде көптеген мектептері, колледждері, университеттердің музыка факультеттері мамандар даярласа, көптеген музыка әлемін зерттеуші, оны бағыттаушы мекемелер ерекше қызмет атқарып, форумдар, фестивальдар, т.б.

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж

Бет 63_

өткізеді. Делидегі музыка, би және драма академияы (Сангит Натак академиясы), Бомбейдегі Ұлттық музыкалық орынду орталығы, Мадрастағы Музыка академиясы ұлт музыкасын насихаттауда, дамытуда ерекше орын алып отыр.

Қысқаша тарихи очерк. Үнді цивилизациясының қалыптасу кезеңі. Арийлердің келуі олардың жергілікті дравидиялық тайпаларымен бірігуі. Үндістанның басқа елдермен саудалық, мәдени қарым – қатынастары. Үнді музыкасының ежелгі бұлақтары. Діни – мифологиялық сенімдері. Арийлердің діні (политеизм). Брахманизм (негізгі діни сенімдердің және касталық ерекшеліктер системасының қалыптасуы). Буддизм. Индуизм. Ислам. Музыканың дінмен, оның ғұрыптарымен байланысы.
Музыкалық эстетика. Ведалық әдебиет, әнұрандар жинағы. Музыка теориясы бойынша еңбекткр: «Натья – шастра», «Гита – говинда», т. б.
Үнді музыка системасының негіздері. Дыбысты физикалық, фәлсәфалық тұрғыдан түсіндіру. Жеті сатылы дыбыс тізбек. Дыбыстар классификациясы. Музыкалық терминология. Шрути системасы. Нотацияның әріптік әдісі. Үш сызықты ноталық тұрақ. Ритм, өлшем.
Аспаптары. Ішектілер: ситар, вина, танпура, рубаб, дутар, саранги, эсрадж. Үрлемелілер: бансури, рамашринга. Соқпалы: мридангам, табла, нагара, панава және т. б.
Музыкалық материал: Үнді аспаптық музыкасы – Drams of India.
Тақырыптың аты: Үнді классикалық музыка – Рагасангит. Жанр мінездемесі. Жанр түрлері. Тәулік мезгілдерімен байланысы: таңғы рагтар (лалит), күндізгі рагтар (джаунпури, билавал), күннің екінші жартысы рагтары (мультани, патдит), кешкі, түнеру рагтар (кальян), түнгі рагтар (дарбари, канхара). Жанр формалары.
«Многие исследования историков в области музыки помогли восстановить картину становления и развития индийской музыки, которая вобрала в себя все самое лучшее из культур народов, пребывавших в те времена в тесном контакте с Индией. Сангит является основой индийской музыки. Сангитом называется соединение танца, вокала и самой музыки. Изначально все три вида искусства существовали отдельно друг от друга, однако впоследствии их объединение привело к возникновению своеобразного комплекса под названием «сангит».Индийская музыка наших дней основывается на двух ключевых понятиях: тал и рага. Тал ритмическая форма, а рага – мелодическая. Рага соотносится с тональностями и гаммой западной терминологии музыки. Рага также состоит из семи нот, но значительно отличается от традиционной структуры западной музыки при ближайшем ее рассмотрении. Тал, как ритмическая форма, имеет довольно сложное устройство. Ритмические рисунки и схемы ударов повторяются по кругу, создавая несравнимый ни с чем эффект эйфории.В разных регионах Индии

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж

Бет 64_

представление о мелодичности и ритмичности заметно отличаются. На современном этапе развития индийская музыка имеет две основных традиции: южную и северную. Северная традиция носит название «Индустан Сангит», а южная – «Карнатик Сангит». Оба направления классической индийской музыки схожи, но имеют разную терминологию и стиль исполнения.Многие музыкальные инструменты, используемые в Индии, возникли и существуют в пределах только этой страны. Самыми известными их индийских музыкальных инструментов являются: ситар и табла. Однако существует еще довольно много инструментов сугубо индийских.»

Ән жанрлары мен стильдері. Ән салу стильдері «дхрупад», «кхаяль», «таппа», «тхумри» және т. б. Би өнері. Билік әндер «катхи». Театрлық өнер.
* * *

Тақырыптың аты: Қытай музыкасы.
Қытай музыкасы - Қытай музыкасының тарихы бірнеше мың жылдықтарды құрайды. Оған Орта Азия, Орталық және Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азияның музыкалық дәстүрлері ықпал етіп, әр түрлі тарихи кезеңдерде Қытай мемлекетінің кұрамына енген халықтардың (ұйғыр, тибет, монғол, маньчжурлар) музыкалық элементтерін бойына сіңірді. Өзі де КореяЖапония, кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия және Тынық мұхиты алабы халықтарының музыкаларына үлкен әсер етті. Қытай музыкасы ертеден діни, философиялық-идеологиялық ілім негізінде дамыды. Конфуцийлік трактаттарда музыка табиғатының космологиялық концепциясы зерттелді. Оның мемлекетті баскарудың бір тәсілі, адамдарды тәрбиелеудегі маңызды фактор және әлеуметтік үйлесімділікке жету құралы ретіндегі әлеуметтік-саяси рөлі атап көрсетілді. Даосизмнің түсініктері бойынша, музыка адамның табиғи психоэмоционалдық реакцияларының көрінуіне және оның табиғатпен бірігуіне мүмкіндік жасау керек. Буддистік дүниетаным музыкадағы мистикалық негізді атап көрсетті, ол болмыстың мәнін ұғынуға, адамның рухани жетілу кезіне көмектеседі. Музыкадағы көп дәрежелі символикалық ойлау жеке музыкалық үндердің, музыкалық аспаптардың, музыканың түрлері мен жанрларының әлемнің элементтері мен әлеуметтік-саяси жүйелерімен сәйкес болуын бейнеледі.

Қытайлардың музыка туралы алғашқы деректері біздің заманымызға дейінгі IV—III мың жылдыққа (аңыздар мен мифтер), ежелгі рөсімдік музыка туралы құжаттык деректер біздің заманымызға дейінгі XVI—XI ғасырларға жатады. XI—VIII ғасырларда рәсімдік оркестрлер дәстүрі пайда болды. Бяньцинь литофондары, қола қоңыраулар — бянъчжун; қоңыраулардың әр алуан түрлері, соның ішінде хун-чжуну гоудяоюнбогу барабандары, сазды сюанъ және т.б. жинақтала бастады. 



Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж

Бет 65_

Чжоу дәуірінің (біздің заманымызға дейінгі V—III ғасырлар) соңғы кезеңінде конфуцийлік ілімнің ықпалымен сарайлық рәсімдер жүйесі қалыптасады, оларға вокалдық және аспаптық композициялар сай келетін. Сарай жанында рәсімдер мен музыкаға жауап беретін Дасыюэ мекемесі құрылды.

Хань дәуірінен бастап Солтүстік жәнө Оңтүстік хандықтар кезеңіне дейін (біздің заманымызға дейінгі 206 — біздің заманымыздың 581) музыкалық мәдениет едәуір көтеріледі. Сарайлық музыкалық өнердің маңызды түрлері: я - юэ — ресми конфуцийлік рәсімдер музыкасы және су-юэ — зиялылардың көңіл көтеруіне арналған музыка. Музыканттар Сыма Сянжу, Цай Юн Қытайдың әр түрлі облыстарынан дәстүрлі әндерді жинады. Қытайдың музыкасының кейінгі эволюциясы барысында маңызды рөлін сақтаған көп кұрамды оркестрлер дәстүрі дамиды (300-ден 800-ге дейін орындаушылары бар; дайындалу материалы бойынша аспаптаріи 8 топқа бөлінетін). Ішекті аспаптарда жеке орындау дәстүрі —цинь (әсіресе оқымысты элита арасында), пипе (орындаушылық мектептердің негізін қалаушылар — Су Чжипо, Цзи Лu, Янънянъ т.б.) пайда болды. Сұң және Таң (581—904 династияларының басқару кезеңі, ежелгі Қытай музыкасының өркендеу уакыты — өнердегі, соның ішінде музыкадағы таңдық стиль, сондай-ақ Кореяда, Жапонияда, Вьетнамда тарады. Арнайы кеңселер жұмыс істеді. Сарайлық музыка екі негізгі жанрлық түрге бөлінген — липучи (ашық далада орындалатын музыка) және цо-пучи (ғимараттар ішінде орындалатын), оған я-юэсу-юэ, банкеттер музыкасы (янъ-юэ), аспапты музыка (ху-юэ), әскери музыка (кучуй), театр музыкасы (сан-юэ), циньге арналған музыка (цинъ-юэ) кіреді. Янь-юэ оркестрмен орындалады, оркестр құрамында кытай аспаптарыменқатарҮндістан, Корея, Үнді-қытай елдері, Орта Азияның калалары мен мемлекеттерінің аспаптары және репертуарында осы елдердің музыкасы бар. VII ғасырда таман сарайлық оркестр өзінің Кұрамын молайтады (орындаушылар саны 1500-ге дейін), VIII асыр басында 5 арнаулы оқу орындары ашылды, соның ішінде сарай маңынан "Сaрайлық мектеп" (Цзяофан) және "Алмұрт бағы" (Лиюань) да бар.Білімді адамдардың үйлерінде ішекті және үрмелі аспаптарда (флейтада ди, арфада кунхоу,цинеде, пипеде және т.б.камералық музыканы орындау дәстүрі тарайды.Осы кезеңнің әйгілі музыканттарының ішінде:Сюй Хэцзы, ХЕ



Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж

Бет 66_

Манцьзы, Ли Гуйнянь бар. Поэтикалық форманы (төрт жолдық) көрнекті ақындар (Бо Цзюйи, Ли Бо және т.б.) өлең шығару үшін қолданады, лютняның сүйемелдеуімен әнші әйелдер орындайды. IX—X ғасырларда қалаларда кәсіпқой жыршылардың орындауында бянъ-вэнъ формасында буддистік канондық кітаптардан алынған өлеңдік аңыздар мен эпизодтар тарайды. Сұң династиясы (X—XIII ғасырлар) кезіндегі конфуцийлік идеологияның жаңа өркендеу кезеңінде сарайлық музыканың ежелгі дәстүрінің қайта өрлеyi басталады. Музыканың жаңа әсем түрлері пайда болып, соның ішінде ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын әндік — поэтикалық цы формасы, т.б. көрермендерді тартатын өнер түрлері кең ЕТЕК Алды. Бұл қарапайым адамдар арасында (вацзы) аспаптың сүйемелдеуімен Яжурун-дяо, XII—XIII ғасырлар және т.б. орындалатын ән-аңыздар: чуаньцзю — көп сағаттық драмалар, кытай үшін жаңа болып табылатын сона сияқты аспапты қолданатын нанъцю музыкалық драмалар; 4 ішекті монғол лютнясы (хубос). Юань-Минь (XIII—XVII ғасырлар) династиялары кезеңі Оңтүстік-Шығыс Аимн (Вьетнам) және Қиыр Шығыс (Корея, Жапония) елдерінің музыкасына әсер еткен дәстүрлі музыкалық драманың дамуының шыңы болды. Музыканың көптеген жергілікті түрлерінің ішінде сюяосстық, гэяньдік және т.б. XV—XVI ғасырлар Оңтүстік Қытайда куньцзю (куньшандық пьеса) жанры ерекше көрінді. XVI ғасырда басынан ол Солтүстік Қытайға да тарады. Бұл жанрдың шеберлері — Лян Чэньнюй, Чжан Етан, т.б. XIII—XVII ғасырлар музыкалық мәдениет сарайлардағы, қалалар мен ауылдардағы белсенді музыкалық өмірмен сипатталатын. Көптеген жергілікті вокалды, аспапты және би стильдерінің ішінде — янь-гэ (ән мен халық билері), лянжэнь-чжуань және лянжэнь-тай (пьеса-диалогтер), хуагу, хуадэн (музыкаға қосылып дәстүрлі әндер айтып көріністер көрсету), тибеттік нанма (речитатив пен би) бар. Жергілікті әндік жырлардың түрлері кеңінен тарайды: дагу (барабанмен қосыла және ішекті), цинъшу (цитраның сүйемелдеуімен), танъци (пипенің сүйемелдеуімен), цзоучан (театрландырылған жыр) және т.б. XX ғасырда да мағынасын сақтаған. Жырлардың әуенді типтері пайда болады — баньцянти, ляньцюйти, т.б. Жырлар айтылу ырғағына карай екіге бөлінеді: жылдам — куайбанъ, баяу — манъбанъ.

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 67_

Тақырыптың аты : Қытай музыкалық театры.
Қытай классикалық театры. Сарай маңы театры; онда әнмен драматикалық диалогтың бірігуі, аспаптық музыканың, пантомима мен бидің бірігуі; вокалдық музыканың құрмалас түрлері. Ноталық жазуды дамыту. Пекиндік опера. Авторлықтың жоқтығы. Пластикалық сценография, драматикалық, вокалдық шеберліктің және акробатикалық әдістердің кешені. Музыкалық интонация және ритм – спектакльдың негізі. Тондық әңгімелеу әсерінен рфмаланған диалог пен әндетудің ұқсастығы. Мазмұны: көркем аңыздардың, сказаниелердің, тарихи оқиғалардың қойылымы(жау шапқыншылығы, крестьяндар соғысы). Қытай театрындағы пантомиманың үлкен маңызы. Қимыл - әрекет системасы.Декорациялармен мезансценаның жоқтығы. Әрекеттің жеңіл әрі жиі ауысулары. Кейіпкерлердің бір уақытта әр жерде көрсетуі.Ойластырылған тус комбинациялары, бояулар таңдауы.
Қытай театрының музыкалық жағы. Дыбыстың, бидің, сөздің үзілмес бірлігі. Негізгі мәнерлеу әдістері - ән , аспаптық орындау. Актерлардың қозғалыстарының бір ритмге бағынуы және биге ауысуы.мелодика, ритмика темпімен,оркестр құрамымен байланысты образдар шеңбері.
Соқпалы аспаптардың маңызды рөлі. Мелодиканың халық - ән табиғаты.Провинциялы театр. «Янгэ» жанры – массаклы халық көрінісі. Негізі. Крестьяндық еңбек әндері.
^ Музыкалық материал:видео материал көру «Пекинская драма»

Тақырыптың аты: Оңтүстік – Шығыс Азия музыкасы.
Регионның музыкалық шығармашылығының жалпы сипаты. Діни – мифологиялық сенімдері. Корея музыкалық мәдениеті.Аспаптық , вокалдық музыканың жанрлары. Аспаптары. Музыкалық системаның негізі. Музыкалық театр. Вьетнам музыкалық мәдениеті. Аспаптық және вокалдық музыканың жанрлары. Аспаптары.Музыкалық театр.


ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 67_

Оңтүстік – Шығыс Азияның күрделі әсерлесуі. Қытай, Үнді, Араб мемлекеттерінің ғұрыптық музыкаға ықпалы. Филиппины оңтүстігінде сұлтан Малай тұсынды үлкен Набат оркестрінің құрылуы. Кейбір араб аспаптарының таралуы (ребаб, цитра, лютня). Музыкалық аспаптардың санының зорлығы, дамыған ансамбльмен орындау, көптеген жанрлар мен стильдер. Музыканың вертикалды организациясына бағытталуы. Ансамбльде бір типті аспаптардың жиынтығы – жанұя. Онда жанұя иерархиясының білінуі.
Б. з. д. 3 ғ. – б.з. 4 ғ. Үрлемелі , соқпалы аспаптардан тұратын ғұрыпты – церемониялы оркестрдің құрылуы. Явандық қуыршақ көлеңкелі театрында гамеленды қолдану. Кхмерлік оркестрлекрдің құрамы. Бирмандық оркестрдің спецификасы. Жазбаша музыка негізіндегі классикалық ән жанрлары. Буддисттік монастрладағы музыка маңызы.
Вьет этносының дәстүрлі музыкасы. Музыкалық мәдениеттің ежелгі ескерткіштері – литофн, қола барабан, гонг. Сарай маңы церемониялары үшін қолданған. Қытай, Үнді мәдениеттерімен әсерлесуі. Сарай маңы және храмды музыка сфералары. Дәстүрлі музыка центрлері – динь– ортақ үйлері. Лорада «Батам» ансамбльдерінің құрылуы. Музыкалық мәдениеттің 10 ғ. бастап жарқын дамуы. Ауыл театры «тео»-ның, су бетіндегі қуыршақ театры « руа нуок»- тың қалыптасуы. Соқыр даладағы әншілердің орындауындағы баяндау мінезді әндері. Ритуалды әрі көңілдендіретін форма сияқты дамыған әйелдер әндері дәстүрі – «качу». Музыканың қатал классификациясы – Қытай ықпалы. Екі оркестр түрі «Дай няк» және «Теу няк», оркестр құрамын кеңейту.Аристократиялық музыкалық дәстур – поэмаларды лютня, не цитра сүйемелдеуімен айту. Жанрлар – «ван» және «доктау». Вокалдық формаларға жақындау.
17 – 19 ғғ. – қалалық музыканың дамуы- Хюэ қаласының камералық аспаптық өнері.
Аспаптары: үрмелі – сяо, тиеу (флейта типі), кен, сона (гобой түрі); ішекті – ыспалы: ни, дан бау (монохорд); ішекті – шертпелі – дан ты ба, дан

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 67_

нгуэт, дан дай, дан чань (16 ішекті цитра); соқпалы – литофон, гонг, барабан, қоңырыу, ксилофон және т.б.
Музыкалық теория. Шығыс мәдениетіне тән саздық организация. Ладтардың образдар мен сезімдермен байланысы. Екі лад типі : бак (жарқын) және гам (көңілсіз, сабырлық). 5 – 7 сатылы дыбыстізбектер. Мелодия суретінің орнаменталдығы. Силлабикалық типті ритм. Өрлету әдісі – ладты модуляция.
^ Музыкалық материал:музыка тыңдау: Вьетнам дәстүрлі оркестрі, корея оркестрі; этникалық музыканың шедеврлері( Вьетнам мен Кореяның әртүрлі стилистикадағы аспаптық және вокалдық музыка үлгілері); видео материал көру «Обряд жертво приношения. Лаос», «Ппраздник дракона»
* * *

Тақырыптың аты : монғолия музыкасы. Қысқаша тарихи очерк. Діни – мифологиялық сенімдері. Ән және аспаптық шығармашылығының музыкалық жанрлары. Эпос. Ғұрыптық музыка. Аспаптары.

Монғол музыкасының ежелгі бұлақтары. Онда Орталық Азия регионын нәсілдейтін басқа музыкалық дәстүрлі этностардың өрілуі. Вокалдық музыка орындаудың басым болуы. Ладтық система пентатоника немесе түрлі диапазонның тірек центрлері орын ауыстыра алатын ангемитонды дыбыс тізбектер.Тамақпен ән салу – хоомей. Цуурда (ұзынша флейта), аманхурамда (варган типтес) ойнау.


Негізгі түрлер: регулярлы ритмикасы жоқ баяу музыка, нақты ритмикасы бар тез, билік сапаптық музыка. Аспаптар: Ішекті – ыспалы- дәстүрлі морин – хур, ир – хур, хучир; ішекті – шертпелі - тобшур, шудрага, цитра, ятга, ёочин (цимбала түрі): ағаш үрлемелі – лимбэ, цуур, биш – хур(гобой типі), эвэр – бурээ(мүйіз), соқпалы барабандар хэнгэрэг, бумбур, цан тарелкалары; литофондар, шаман бубендері де

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 69_

қолданылады; храмдық аспаптар – теңіз раковинасы, дун, хонх қоңыраулары, гонг, үлкен мыс трубалары.
Ежелгі музыка түрлерінің аңшылық пен мал шаруашылығымен байланысы (рожоктарда, манка - дудкаларда ойнау, сигнал – дыбыстау мелодиялары, мелодикалық ысқыру т. б. ) Хунну (б.з.д. 3 ғ. – б.з. 2 ғ.) империясы кезеңіндегі монғолдардың бақа халықтармен қатынасы. Жаңа монғолдық музыканың түрі пайда болуы. Ерте феодалды мелекет ұйымдары. Сарай маңы музыкасының музыкасының дамуы( 13 ғ деиін). Оркестрлердің функциялауы. Музыканың ата – баба культінда, шаман ғұрыптарында, әскері қызметте (дыбыстау, декламациялау түрдегі мелодиялар). Керуендік әндер сөзсіз болған (уншууу).
Моңғол империясының пайда болуы (13 ғ.) Юань династиясы. Классикалық моңғол музыкасының қалыптасуына ықпал еткен Шыңғыс хан тұсындағы церемониялық дәстүрлер. Құрамы бойнша кең оркестлер – 400 қатысушыға дейн. Көп бөлімді композициялар – 80 бөлімге дейін.
Музыкалық – поэтикалық жанрлар (ода), және сургаал (дидактикалық өлең). «Панчатантра», «Рамаяна» (14 ғ.) аудармасындағы буддийлік әдебиетті әндетіп оқу дәстүрінің пайда болуы. Тойларға, сайыстарға (күрес, атжарыс, садақпен ату) арналған тұрмыстық музыканың түрлері.
Моңғол эпосын шығару («Гэсэриада»), кеиін «Бэнсэн улигер» (кітаптық сказ); 13 ғ. «Сокровенное сказание» атты классикалық әдебиет.Цин (17 – 20 ғғ.) династиясы кезеңіндегі ламаистикалық монастырлардағы музыка.. Монастырлар маңында театрлық қойылымдар (Хамрынхийд, Гандантэгчинлэн). Моңғол созыңқы әндерінің жанрлық түрлері: созылма – уртын – дуу, қысқа – богино – дуу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет