«музыкалық білім» кафедрасы



бет8/8
Дата24.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
#16447
1   2   3   4   5   6   7   8

^ Музыкалық материал: видео материал көру – «Моңғолия музыка мәдениеті»; музыка тыңдау – тамақпен ән салу хоомей, Моңғолияның дәстүрлі ән және аспаптық шығармашылығы.



ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 70_

Тақырыптың аты: Жапония музыкасы

Діни – мифологиялық сенімдері. Аспаптары. Жапон дәстүрлі оркестр, Халық – кәсіби музыкасы.
Жапон музыкасы — Шығыс Азияның сансыз көп аралдарын, Хоккайдо көлінен бастап Рюкю архипелагына дейін мекендейтін халықтардың өзіндік музыкалық дәстүрлерінің жиынтығы болып табылады. III ғасырда бастап қытай және Кәріс музыкасымен өзара байланыста дамып, ортаазиялық және Оңтүстік-шығыс азиялық, сондай-ак индиялық-буддалық, XIX ғасырда соңынан бастап еуропалық және америкалық мәдениеттердің ықпалына ұшырады.Яёи мәдениеті кезеңінде (біздің заманымызға дейінгі V ғасырда — біздің заманымыздың IV ғасырда) сиқыршылық ритуалдарда Қытай және Кәріс аспаптарына ұқсатылып, қоладан жасалынған музыкалық аспаптар (барабандар, қоңыраулар қолданылған. Ямато ірі тайпалық одағы құрылған соң,синтоизммен (табиғат Құдайларына және бабаларының діни нанымдарына негізделген сенім жүйесі) байланысты би билеп, ән айтып, аспаптарда ойнау аркылы жүргізілетін мистериялық кагура діни нанымы кең таралады. Буддизмнің калыптасуына байланысты (VI ғасырда) сёмё атты буддалық ән айту салты дамиды. Сёмёнің негізгі категорияларына сан гимндері жатады. Санскрит тілінде — бонсан, қытай тілінде — кансан, жапон тілінде — васан деп аталады. Өн айту құрылысы (композициясы) қысқа ұзінділерден (сэнрицу-кэи) құралады. XIII ғасырда бастап Жапонияда дзэн - буддизм мектебінің таралуына байланысты ыдыс (тәрелке), сылдырмақ, барабан сияқты соқпа аспаптар ұнімен үйлестіріліп айтылатын Сұң кезеңінің (X—XIII ғасырлар) қытай-буддалық ән айту мәнері енді. Буддалық дәстүрлер (өсіресе орта ғасырда) ақсүйектік жапон музыкасының жеке өн түрлеріне, жанрына, стиліне әсер еткен. Нара жәнеХэйан дәуірінде (VIII—XII ғасырлар) конфуцизм әсерімен Жапонияның сарай маңындағы музыкалық өмірі Таң

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 71_

дәуіріндегі Қытайдағыдай ұйымдастырылған еді, яғни "Гагакурё" музыкалық басқармасы, "0 ута докоро" ән айту баскармасы, маманданған музыканттар кауымы құрылды. Сарай ән-би өнерінің түрі және жанрлары, өсіресе "Гагаку" Қытай, Кәріс, Үндістан, Тибет, Орта, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, маньчжур-тунгус халықтарының әсеріне ұшырады. VIII ғасырда бастап сарайда жапон аңыздарында сүйенген, бимен бейнеленген жапон музыкасының өзіндік түрі калыптасты. Гагакуді жапондандыру барысында халықтың музыка стильдері негізінде жаңа вокалды- аспапты жанр пайда болды. Ол Сайбара (әнші мен хордың гагаку оркестрінің сүйемелдеуімен кезектесіп айтылатын "Жылқышылар өні"), имаё (тәрелкелер-ыдыс және барабандардың сүйемелдеуімен айтылатын "жаңа кезеңдегі әндер"), роэй (хордың және ұш флейтаның сүйемелдеуімен поэмаларды кытай, жапон тілдерінде дәстүрлі әнмен айту) сиякты ұлттық стильдерге негізделген. Комакуро (1192—1333) және Асикага (1335/38—1573) дәуірінде әскери жүйенің орнығуына және әскери әулеттің (самурайлар) өлеуметтік рөлінің өсуіне байланысты сарай музыкасының маңызы азайды. Энкёку (сарай мерекелері), жиџанкез монахтардың орындауындағы биве аспабының сүйемелдеуімен айтатын хэйкёку (әйгілі "хэйкэ-моногатари" аңызынан), сондай-ақ өнер театры сияқты вокалды стильдің негізгі түрлері дами бастады. XVI ғасырда ортасынан бастапЖапонияда португал христиандық миссионерлері пайда болды, католиктік мессаның музыкасында дәстүрлі жапон әні колданылды, еуропа музыкалық аспаптары — орган, скрипка,гобой (Арима және Нагасаки қалаларында) кең тарай бастады.Токугава (1603—1867) дөуірінде, яғни Жапонияның сыртқы өлемнен бөлектенуі кезінде христиандықты жою саясаты жүргізілді. Қалалардың маңызының өсуіне байланысты театр жанрлары — ноо музыкалық драмасы, кейіннен кабуки драмасы, буираку қуыршақ театры дами бастады. Мамандандырылған орындаушылар мектебі дең- гейіндегі және әуесқой музыканттар арасында котоның сүйемелдеуімен өнді жеке орындау,сямисэнде, сякухатиде ойнау кең тарай бастады. Музыка жөніндегі жапон ғылымының негізгі ережелері КомаТикадзанэнің "Кёкунсё"(1231), АбэСуэнаоның "Гаккароку" (1690), т.б. трактаттарында айтылған. Гагаку музыкасына қарағанда бива,сякухати, кото, сямисэнеде аспаптарында ойнаумен (әндетіп) байланысты музыкалық дәстүрлер үлкен ұлттық ерекшелік болып есептелінеді. Мёсёбива (VII ғасырда бастап) — будда сутраларын, діни аңыз поэмаларды биваның сүйемелдеуімен өуендетіп айту, хэйкэбива (XII— XIV ғасырлар) — "Хэйкэ-моногатари" эпосынан аңыздар, (соқыр монахтар — мёсё орындаған); сацумабива (XVI

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 72_

ғасырда) —самурайлар арасында, кейіннен жалпы халық арасында кең тараған мёсёбиваның бір түрі; тикуд- зэнбива (XIX ғасырда — XX ғасырда басы — сямисэнға арналған музыка және мёсёбива негізінде құралған) сияқты әр түрлі орындаушылық дәстүрлер бивамен байланысты.Котода жеке ойнау дәстүрі XVI ғасырда соңына қарай дами түсті, яғни будда монахтары мен конфуцилік ортада цикусигото дәстүріндегі музыка кең тарады, ол қытайдағы цин аспабында орындау аясында қарастырылған арнайы философиялық-этникалық доктринаға сүйенді. Атақты орындаушы Яцухаси Кэнгё (XVII ғасырда) Хэйан дәуірінде орындалып жүрген сюита түріндегі котоға арналған таза аспаптық композициясы — данмононы қайта жаңғыртты. Оның орындаушылық мөнері Икутарю (XVII ғасырда аяғы), Ямадарю (XVIII—XIX ғасырлар) атты кейінгі Кото мектептеріне негіз болды. XIII—XIV ғасырлар будда монахтары арасында сякухатида ойнау дәстүрі дамыды. Сякухатиге (XVIII ғасырда бастап) арналған музыканың классикалық түрлері 2 типке бөлінеді: хонкёку (ерекше музыка), гайкеку (өзгелерден қабылдаған пьесалар). XVI—XIX ғасырлар сямисэнеде ойнау дәстүрі барлық әлеуемттік таптар мәдениеті арасында тарады. Әсіресе бунраку қуыршақ театрында және бабуки театрында сямисэн аса маңызды рөл ойнай бастады. Вокалды аспапты композицияларда сямисэн партиясы вокалдан қалыспады. XVII ғасырда бастап кото және сямисэн аспаптарында катар орындау төжірбиесі (дуэт), ал XIX ғасырда екінші жартысынан бастап трио (кото, сямисэн, сякухати), яғни санкёку композициясын орындаушылар қалыптаса бастайды.Ежелгі синтоистік мистериялар, маска киген буддалық би драмасы спектакльдері — гигаку, сарайдағы би қойылымдары — бугаку, қарапайым халықтық сюжеттік қойылым — саругаку, ақсаңдап билеу драмасы — эннэ-но маи, дэнгаку спектакльдері, т.б. Жапон театрының түрлі дәстүрлі формалары XIV—XV ғасырларда ноо музыкалық би драмасында талданып, жинақталып алынды. Нооның көркемдік принципі (негізі) дзэн — буддизмнің ыкпалымен калыптасты. Нооның негізін салушы артистер Киёцугу Канъами (1333—1384) және оның баласы Мотокиё Дзэами (1363—1443),олар Ноопринциптерін арнайы трактаттарда теориялық жағынан

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 73_

калыптастырды. Ноода сөз сөйлеу және көркем сөз оқу шеберліғі ән айтумен кезектесіп келіп отырады. Онда негізгі кейіпкерлермен катар спектакльде дзи вокалды тобы және құрамында тайко, оцудзуми, коцудзуми барабандары, нокан флейтасы бар хаяси аспабы ансамблі бірге қатысады. Нооның дәстүрлі репертуарында 200-ден астам пьеса бар. XVI ғасырда аяғы -- XVII ғасырда басында жапон театр дәстүрінде Ноодан баска Кабуки және Дзёрури театрлары болды. Кабуки — ән айту мен аспапты интерлюдия, нэмбуцу-одори биі негізінде калыптасқан. Сямисэн сүйемелдеу дәстүрлі кабуки және дзёрури театрларының карым-қатынасын жақындастыра түседі. I Миндзокуонгану дәстүрлі музыкалық шығармашылық стилі мен түрлерінің әржактылығымен ерекшеленеді. Рюкю, Окинава аралдары музыкасының құрылымдық негізі ерекше, айндар шығармашылығы да өзінше ерекшеленіп көрінеді. Мамандар 3 негізгі бағытты белгілеп отыр. Олар: варабэута (балалар әні), минъё (халық әндері), миндзокугэйно (дәстүрлі театрлық қойылымдарға арналған музыка). Минъёге 2 музыкалық стиль — оивакэ, ягибуси кіреді. Минъёда 5 сатылы дыбыс текшелерінің 4 түрі қолданылады. Дәстүрлі қойылымдар — идиофоны-дэбёси (табак), канэ, сури-дзасара, биндзасара, ецудакё, т.б. түрлі аспаптардың сүйемелдеуімен жүргізіледі.

* * *


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Галацкая В.С. Музыкальная литература зарубежных стран. Вып. 1.м., 1983

2. Левик Б.В. История зарубежной музыки. Вып.II. Вторая половина XVIII века. М., 1979

3. Левик Б.В. Музыкальная литература зарубежных стран. Вып. II. М., 1979



ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 74_

4. Розеншильд К.К. История зарубежной музыки. Вып. I М., 1978

5.Васильченко Е. В. Арнайы курстың конспект-бағдарламасы «Музыкальная культура Азии и Африки»музыкалық ЖОО-на арналған. –М. : 1982


6 .Васильченко «Звуковые аспекты мира»........
7 .Внеевропейские культуры: вопросы изучения традиций. –М. : 1988
8 .Грубер Р. Всеобщая история музыки. Ч. 1.- М., 1956
9. История мировой культуры / Г. В. Драч редакциясымен.- Ростов-на Дону: Феникс, 2000.
10. Конрад Н. Очерки истории средневековой Японии.-М., 1978 Актуальные проблемы изучения музыкальных культур стран Азии и Африки.-Ташкент, 19831.Виноградов В. С Индийская рага. – М.: 1976
11.Внеевропейские культуры: вопросы изучения традиций. – М.:1988
12.Грубер Р. Всеобщая история музыки. Ч. 1. – М., 1956
13.История мировой культуры // под ред. Г. В. Драча. – Ростов – на Дону: Феникс, 2000.
14.Менон Радхава Р. Звуки индийской музыки. Путь к раге. – М.: 1982
15.Михайлов Д. Удивительный мир африканской музыки // Африка еще не открыта. М.:1973
16.Музыка народов Азии и Африки.Вып. 1- 6. –
0

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет