Мвдициналыќ сипаггаѓы мєжб‡рлеу шаралары


Жауапкершілігінің түсінігі және түрлері



бет10/12
Дата03.01.2022
өлшемі204 Kb.
#451736
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Мансур курсовой

8. Жауапкершілігінің түсінігі және түрлері

Құқықбұзушылық кінәлі адамның заң жауапкершілігін тудырады. Олар құқық нормаларының санкцияларында көзделінген. Санкцияны қолданудың негізі адамның әрекет не әрекетсіздігіндегі құқықбұзушылықтың құрамын анықтау болып табылады (7.1.). Заң жауапкершілігі құқықбұзушыларға заңдарда көрсетілген заңсыз іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздігі) үшін санкцияны қолдану, яғни бас бостандығынан айыру, айыппұл телеу, мүлікті конфисқациялау, т.б.

Әдетте, кез келген құқықбұзушыларға мемлекеттің күштеу шараларын қолданса да, бірақ санкцияны қолдануға болмайды. Мысалы, есі дұрыс емес деп танылған адамға, қоғамдық, қауіпті әрекетті жасаса да сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін (16-бап). Шынында да, бұл мемлекеттік көндіру шарасы, бірақ заң жауапкершілігі емес, өйткені оны қолдануға негіз жоқ, себебі — құқықбұзушылықтың субъектісі иелігінің басты белгісі — деликто қабілеттіліктің болуы. Сөйтіп, құқық бұзушылықтың заңды құрамының толық болмауы заң жауапкершілігін қолдануға кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Заң жауапкершілігінің мынадай белгілерін айтуға болады:

1) құқықбұзушыларға мемлекеттің мәжбүрлеу шараларын қолдануға сүйену;

2) құқық нормаларын оны бұзушыларға қолданатын санкцияны іс жүзіне асыруды білдіру;

3) мемлекет пен құқықбұзушылардың арасында туындайтын ерекше құқық қатынастарын белгілеу;

4) құқықбұзушылықты жасағаны үшін заң жауапкершілігінің қолданылуы;

5) заңдарда кезделген белгілі бір іс жүргізу нысандарын сақтап жауаптылықты жүктеу;

6) құқықбұзушылықты жасауына байланысты кінәлінің орындамаған негізгі міндеттерінен басқа қосымша міндеттерді атқаруды жүктеуге байланысты;

7) құқықбұзушылар үшін қолайсыз зардаптардың көрініс табуы. Олар жеке бастың сипаты болуы мүмкін (бас бостандығынан айыру, еңбекпен түзеу жұмыстары, сөгіс, т.б.) және мүліктік мәнді (айыппұл салу, тәркілеу, материалдық жауапкершілік және т.с.с).

Сөйтіп, заң жауапкершілігі дегеніміз — құқықбұзушылықты жасаған адамға заңда көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі іс жүргізу тәртібімен қолдану.

Заң жауапкершілігі, әрине, ең маңызды болып табылса да, бірақ мемлекеттік мәжбүрлеудің түрі дара емес.

Заң жауапкершіліктің басты мақсаты: құқықтық тәртіпті қорғау, азаматтарды құқықты құрметтеуге тәрбиелеу, өлеуметтік әділетсіздікті қалпына келтіру, жаңадан құқықбұзушылықты болдыртпаудың алдын алу болып табылады. Ол белгілі бір принциптер негізінде іске асуы тиісті. Оған жататындар:

- заңдылық принципі (жауапкершілікті тағайындау процесі кезінде заңдарды сақтау және орындау, құқық субъектінің жауапкершілігі тек олардың кінәлі іс-әрекеті ұшін ғана қолданылады);

- әділеттілік принципі (жазаның іс-әрекеттің мелшерімен тең болуы кінәлі деп танылған адамға заңдардың тиісті бабында белгіленген шекте және жауапкершілік жүктейтін ережелері ескеріліп отырып, әділ жазаның тағайындалуы. Ол үшін жаза тағайындау кезінде жағымсыз іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіпті дәрежесі, кінәліның жеке басы, сонымен бірге құқықбұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлыққа жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындаған жазаның айыптының түзелуіне және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына тигізетін ықпалы ескерілуі тиіс);

- мақсатқа сәйкес (орындылық) принипі (құқықбұзушыға қолданылатын шаралардың ықпалының заң жауапкершілігіне сәйкестігі. Бұл принциптің мәнісі мынада: құқықбұзушылық жасаған әрі кінәлі деп танылған адамның жазадан толық не ішінара босатылуы немесе жауаптылығы мен жазасы женілдетілуі мүмкін, егерде ол келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтырса, не зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттерді жасаса, шын жүректен өкініп, айыбын мойындап келсе, сөйтіп, өзінің іс-әрекетімен түзелгендігін білдіртсе, онда оны жазалау орынды болмас еді);

- ізгілік принципі (құқықбұзушыға адамгершілікпен қарау, яғни кінәліның жеке басының, отбасы мүшелерінің немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуына байланысты (денсаулық-тарынын, ауыр хәлге душар болуы, отбасындағы бақытсыздық, т.б.) жауапкершіліктің тағайындалуын тоқатату не одан мүлдем босату адамгершіліктің белгісі):

- заң жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы (әрбір құқықбұзушылық міндетті түрде жауапкершілікті тудыруы

тиісті. Ол дегеніміз әрбір кінәлі адамның жауапсыз қалмайтындығы. Бұл принциптің іске асуы, әрине, құқыққорғау органының дәйекті қызметімен және жазаны қолдануға тиісті лауазымды адамның іскерлігіне, білімділігіне, өз қызметін жетік біліп, үнемі дайындықта болуына, ұқыптылығына байланысты. Құқықбұзушылықты елемеген, оған енжарлық көрсеткен, оған дер кезінде тиісті баға бермеген құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің кесірінен кінәлі адамдар жауапқа тартылмай қалады, өйткені іс қозғалмай басылып қалады, қозғалса аяқталмай қалатын кездері де болып тұрады. Бұл жөнсіздік іле-шала құқықбұзушылықтың кайталануына, тіпті қылмыс жасалуына да өз ықпалдарын тигізуде. Сөйтіп, заңсыздықтың, құқықтық тәртіптің бұзылуының бірден-бір қадамы ерби түсетініне әкеліп соқтыратыны сөзсіз);

- жылдамдылық принпипі (құқықбұзушылық үшін қолданылатын жауапкершілік дер кезінде, өз уақытында қолданылуы тиісті).

Енді заң жауапкершілігінің түрлеріне келетін болсақ, ол құқық салаларына қарай — конситуциялық, қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, тәртіптік, жұмысшылар мен қызметшілердің материалдық жауапкершілігі; жүктелуінің тәртібіне қарай — соттылық тәртібі, әкімшілік тәртібі; жауаптылықты жүктейтін органдарға қарай — заң (өкілді) органдарының, басқару органдарының, атқарушы органдарының жауаптылықты жүктеуі болып бөлінеді.

Заң жауапкершілігінің түрлері құқықбұзушылықтың түрлерімен пара-пар. Қылмыстық жауапкершілік тек қылмыс жасағаны үшін қолданылады, яғни, қылмыстық құқық нормаларында тыйым салынған қоғамға өте қауіпті іс-әрекет (не әрекетсіздік), оның негізгі қайнар көзі — ҚР Қылмыстық кодексі. Сондықтан қылмыстық жауапкершілік заң жауапкершілігінің ішіндегі ең қатаң түрі болып танылады. Жоғарыда айтылып кеткендей, заң бойынша қылмыстық жазаны қолдануға әкеліп соқтырады. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.

Азаматтық жауапкершілік — шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін және азаматтық заңдарда сәйкес мүліктік зиян келтіргені үшін қолданылатын шаралардың бірі. Бұл жауапкершіліктің түрі құқықты қалпына келтіру санкциясын жиі қолдану негізінде мүліктік нұқсанды өтеуді көздейді. Заңдарда мұнымен қоса кінәлі адамға міндеттемелік шарттарды орындамағаны үшін айып төлеу (айыппұл, өсім) шарасын қолдануы көзделуі мүмкін. Айып төлеу дегеніміз — борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсім). (АҚ, 293-бап). Айып төлеу мелшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді (АҚ, 296-бап). Мысалы, пәтер иесінің пәтерақысын төлеу мерзімдерін бұзған кездегі айып телеуі.

Тәртіптік жауапкершілік— бұл еңбек шартын бұзғаны үшін, яғни қызметкердін кінәсінен оған жүктелген еңбек мінеттерінің орндалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жұмыс берушінің тәртіптік жазаларды қолдануы. Ондайларға жататындар: ескерту, сөгіс, кейбір жағдайларда жеке еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу (ҚР-дағы Еңбек туралы Заңы, 94-бап).

Материалдық жауапкершілік - жұмысшылардың, қызметшілердің өздерінің еңбек міндеттерін орындаған кезде мекемеге келтірілген зиянды (залалды) өтеуі.

Заң жауапкершілігі ұғымының мазмұны толық болуы үшін одан босатылатын және жауапқа тартылуға тиіс емес мән-жайларды еске түсіруіміз қажет.

Жауапқа тартылуды болдыртпайтын мән-жайлардың ішінде мыналар көрсетілген:

1) заңда көрсетілген жауаптылық басталатын жас шамасына толмағандар (194-бетті қараңыз);

2) есі дұрыс еместік, яғни өзінің іс-әрекетінің (әрекет не әрекетсіздігінін.) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адамдар;

3) қажетті қорғану, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттік заңмен қорғалатын мүлделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қоргану шегінен асып кетушіліққе жол берілмеген болса;

4) аса қажеттілік— Қылмыстық кодексте қорғалатын мүлделерге аса қажет болған жағдайларда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардын, өміріне, деңсаулығына, құқықтары мен заңды мүлделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүлделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушіліққе жол берілмесе;

5) объективті-құқыққа қарсы іс-әрекет (казус), яғни кінәсіздік жағдайда жасалған іс-әрекет. Мұны кінәсіздік презумпция принципі деп атайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағында: "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі",— делінген (1-тармақша). Яғни, айыпталушы өзінің кінәсыздығын дәлелдеуге міндетті емес, ал бұларды дәлелдеу мемлекеттік органдарға жүктелінген: тергеуге, прокуратураға, сотқа, т.б. Мынаны да естен шығармауымыз керек: адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;

6) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе;

7) орынды тәуекел ету, яғни қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте заңда қорғалатын мүлделерге зиян келтіру;

8) күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу, яғни адам өзінің іс- әрекетіне (әрекет не әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудін, нәтижесінде заңмен қорғалатын мүлделерге зиян келтіру;

9) бұйрықты немесе екімді орындау, яғни өзі үшін міндетті бұйрықты немесе үкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның заңмен қорғалатын мүлделеріне зиян келтіру. Мұндай зиян келтірген заңсыз бұйрық немесе үкім берген адам жауаптылыққа тартылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет