Қорытынды
Қорыта келсек қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша қылмыс туралы хабарламағандық үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстін Ерекше бөлімінде көрсетілген реттерде ғана жүзеге асырылады. Қылмыстық кодекстің 364-бабыңда арнайы көрсетілген аса ауыр қылмысты хабарламағаны үшін ғана қылмыстық жауаптылық көзделген. Аса ауыр қылмыстын түсінігі Қылмыстық кодекстің 10-бабының 5- бөлігінде көрсетілген. Осы бапқа, яғни аса ауыр қылмысқа жатпайтын қылмыстарды хабарламау қылмыс деп саналмайды, сондай-ақ қылмыс істеген адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары — ата-аналары, балалары, бала қылып алушылары, бала боп алынғандар, туған ағалары мен аналары, ата-әже, немерелері. Сондай-ақ діни қызметшілер өзіне сеніп сырын ашқан адамдардың қылмыстарын хабарламағандық үшін жауапқа тартылмайды.
Қылмысқа жол берушілік деп істелгелі жатқан қылмысқа бөгет жасауға міндетті адамның мүмкіндігі бола тұра бегет жасамаушылығын айтамыз. Қылмыстық заңбойынша мұндай міндет заңның тікелей сол міндетті орындау туралы нұсқауымен немесе қызмет бабын атқаруға байланысты міндет-тілегінен туындайды. Объективтік жағынан алғанда қылмысқа жол берушілік істелетін немесе істелгелі жатқан қылмысқа бөгет жасауға міндетті адамның мүмкіндігін пайдаланбай, әрекетсіздік жасауы арқылы жүзеге асырылады.
Субъективтік жағынан алғанда жол берушілік тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қылмыстық жолмен жазаланатын осындай жол берушіліктің нақты түрлері қылмыстық заңда көрсетілген. Ол 315-бап — қызметтегі әрекетсіздік, яғни лауазымды адамның пайда күнемдікпен немесе өзге де жеке мүддесі үшін өзінін қызметтік міндеттерін орындамауы, қылмысқа қарсы құрес жүргізбеуі. Сондай-ақ 119-баптағы жас болуы, кәрілігі, науқастығы салдарынан немесе басқа бір дәрменсіздік себепті өзін-өзі сақтауға шара қолданарлық мүмкіндігі жок адамды біле тұра өміріне қауіп төніп тұғран жағдайда жәрдемсіз қалдыру, егер жәрдемсіз калдырушы ол адам жөнінде қамқорлық жасауға міндетті болса және жәрдем көрсетуге мүмкіндігі болса немесе 118-баптағы заң немесе арнаулы ереже бойынша жәрдем көрсетуге міндетті адамның науқас адамға дәлелді себепсіз көмек көрсетпеуі, т. б. әрекеттер. Басқа жағдайларда қылмысқа жол бергендік үшін арнаулы жауаптылық жоқ Заң бойынша қылмысқа жол берушілік күні бұрын уәде беру арқылы істелсе, онда кінәлінің әрекеті қылмысқа бірге қатысу ретінде сараланады (27, 28-баптар).
Достарыңызбен бөлісу: |