Н. Қ. Жүсіпов С. Торайғыров атындағы пму, Филология, журналистика және өнер факультеті, «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ. д., профессор


Мәшһүр- Жүсіп мұражайы осылай ашылған еді



бет5/5
Дата10.06.2016
өлшемі1.87 Mb.
#126408
1   2   3   4   5

Мәшһүр- Жүсіп мұражайы осылай ашылған еді

С. Мұқанов

Ұзынбұлақ ауылы
1977 жылдың маусым айында Баянауыл ауданының шаруашылық басқармасының нұсқауымен Жаңажол совхозына экономист қызметіне қабылданған болатынмын. Ол кездегі совхоз шаруашылығын ауданымыздың ардақты азаматы Рахметов Мұрат Дүйсенбайұлы баскаратын. Қашанда іскер, аскан жауапты, азамат калпынан өзгермей танылатын ағамыз мен сияқты сол кездегі еңбек жольш енді бастаған бірқатар жас мамандарға берген бағыт-бағдары, тәлім-тәрбиесі, мол еді. Мұрат Дүйсенбайұлы Рахметов басқарған уақытта совхоздың экономикасы алға басып, аудандағы алдыңғы катарлы шаруашылықтарымың бірі болды. Сол еңбегін, ұйымдастыру, басқару қабілетін облыс, аудан басшылары ескерген болу керек 1983 жылы аудандық партия комитетінің хатшылығына ұсынылып, сол қызметке ауысты.

Бұл кісі бірыңғай шаруашылық мәселесімен айналыспай, мәдени салаға да жан ашырлық мінез көрсете білді. 1979 жылы шаруашылықтың басшы мамандарының бас қосқан жиналысында мәселе қойды: - Ел болғаннан кейін, оның үстіне Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы ауылы болғаннан кейін осыған лайықты мәдениет ошағы болуға тиісті - деген еді. Сол жылы шаруашылықтын егіні бітік шығып, совхоз астық тапсырудың 5 жылдық жоспарын орындаған болатын. IIIаруашылық еңбеккерлерінің қажырлы еңбектерінің арқасында совхоздың экономикасы нығая түсіп, сол жылдың күзінің аяғына карай Мұрат Дүйсенбайұлы аға прораб марқұм Зарқын Мағзұмұлына тапсырма берді. Қыс айларында жаңадан салынатын мәдениет үйінің жоба-проектісін жобалау институтында дайындатамыз деп, және ол ғимараттың ішінде Мәшекеңе арналған мұражай орналасу керектігін баса тапсырды. Облыс, аудан жоспарларында Мәшһүр-Жүсіп ауылында Мәдениет үйін салу болмағандықтан, бұл құрылысты бірыңғай өзіміз шаруашылық жолымен саламыз деп ескертті.

Сөйтіп, 1980 жылы қыс өтіп, күн жылысымен Мәдениет үйінің құрылысына кірісіп кеттік. Күндіз жұмыс уақытында мамандар әркім өзінің негізгі қызметін атқарады, кешкі 5- тен қас қарайғанша және демалыс күндері құрлыс жұмысына жұмылдырылады. Бетон дайындаймыз, оны носилкамен тасып, қалыпқа кұямыз. Сол жылы іргесі көтеріліп, енді төбесін жабуға келгенде оған лайықгы 12 метрлік плита керек болды. Мұндай ғимарат салу облыс, аудан жоспарында болмағандықтан аталмыш плиталар табылмауға айналды.

Мұрат Дүйсенбайұлы маған сол кездегі облыстық атқару комитетінің төрағасы М.Қ. Қайырбаевтың атына хат дайындауға тапсырма берді. Қысқасы, арнайы тапсырмамен 12 метрлік плита құйылып, ауылға жеткізілді. 1981 жылы Мәдениет үйінің кұрылысы толық аяқталып, оның ашылу салтанатына сол кездегі облыстық мәдениет бөлімінің бастығы Марданов Камалбек арнайы келді. Өзі де сындарлы да сырлы, әнші, домбырашы азамат екен, салтанатты кештің ажарын аша түсті.

Халық қашанда өзінің гұлама, ақиық адамдарымен кұдіретті дегендей сондай құдірет иесі ғұлама Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының бүгінгі мұражайының іргетасы сол жылы қаланған болатын, оның ашылуына менің білетінім - екі адам ерекше еңбек сінірді. Бірі -совхоз директоры Рахметов Мұрат Дүйсенбайұлы, екіншісі -жауынгер-панфиловшы, ардақты ағамыз Ахметов Нағи-ақсақал. Ахметов Нағи ол кезде 70-тен асқан қарт адам еді. Алматы қаласынан келіп, ауылдың басшыларымен, үлкендермен жолығып, Мәшекеңе мұражай ашу туралы әңгіме қозғайтын. «Алматыда ашпаған есік-тесігім қалған жоқ, бәрі селқос, жүре тыңдайды. Ендігі қалғаны, Д. Қонаевтың босағасына көлденең жатып алуым қалды», деп айтып жүретін.

Бірде Нағи-ақсақал менің үйімде қонып жатыр еді: «Мұратпен ақылдастым, совхоз еңбеккерлерінің атынан партия съезіне жеделхат жолдаймын.» - деді.( сол кезде қай съезд екені есімде жоқ„ Мәскеуде Кеңес Одағының коммунистерінін съезі жүріп жатқан.) Жеделхаттың мәтінін көрсетті, орысша жазылған екен: «Трудовой коллектив совхоза Жанажол просит Съезд Коммунистической партии СССР вернуть казахскому народу имя его великого сына, поэта-философа Машхур-Жусупа Копеева» делінген.

Мұрат Дүйсенбайұлы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Даржұманов Қ.Б. алдына барып: Мәшһүр атамыздын мұра-жайын ашайық деп едік, қандай көмегіңіз бар дегенде «Көмегім де, қарсылығымда да жоқ. Бірақ байқа, партбилетіңді тапсырып жүрме,» деп ескертті дейтін.

Сол кездегі коммунистік идеялогиясын үстемдік жасап, ешкімге және ештеңеге дес бермей тұрған шағында осындай батылдық әрекеттерге барып ашылған мұражай еді…

Кейінірек осы мұражайдың жұмысын жүргізу үшін Мұрат Дүйсенбайұлының шақыруымен көрші Сұлтанмахмұт Торайғыров ауылынан әуесқой өлкетанушы-мұғалім, Аман Омаров көшіріліп алынды. Оған бір штаттық зоотехник-бірлігінің жалақысы тағайындалды. Мұражай ешқандай жерде ресми түрде тіркелмегендіктеноның штаттық зотехник - бірлігінің жалақысы тағайындалды. Мұражай ешқандай жерде ресми түрде тіркелмегендіктен оның штаттық қызметкерлері де қаралмады. Мұражайдың ашылуына ауданның бір де бір басшы қызметкерлі келмеді, тек қана аудандық газеттің редакторы Шалбаев Шакрат Дәулетжанұлы келіп құттықтаған болатын.

Мұра-жайдың экспонат, жәдігерлерімен жабдықтануына ауыл адамдары қатысып, қолда бар азғантай дүниелерін әкеле бастады; бесік, кигіз үй макеттері тағы сол сияқтылар. Мұражайдың экспонтпен толықтыруына сол кезде облыстың мәдениет бөлімін басқаруға келген Сейсенбеков Балтабай ағамыздың еңбегін, қамқорлығын ұмытуға болмайды. Сол кісінің күшімен Мәшекеңе арналаған мұражай ресми түрде тіркеуге алынып, штаттық қызметкерлер ұстауға қаражат қаралды.

«Айтылмаса ақиқат жасиды» деген сөз бар. Сол оймен ғұлама Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұражайы қалай ашылғаны туралы азды-көпті көргенімемен бөліскен болдым.
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы құран, хадистердің қолданылуы
Р.М. Мүтәлиева

С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті


Мәшһүр Жүсіп шығармаларының барлығы дерлік Ислам дінін уағыздауға арналады. Өйткені әрбір мұсылманмын деген адамға дінді насихаттау парыз боп есептеледі. Мәшһүр Жүсіп өзінің ақындығы мен діни білімін осы мақсатқа ұштастыра білген. Оның бір өлеңі- бір хадис немесе Құраннан алынған аят боп шығады. Ол жұртқа өз атынан құрғақ сөзбен ақыл айтпайды. Сөзін Құран, хадиспен бекітіп отырады. Мысалға «Бес парыз» деген өлеңінде намаз турлы былай дейді:

Екінші, намаз екен бізге парыз,

Айтпасақ білмегенге бізге қарыз.

Нәпсіні құрбан қылып бауыздасақ,

Құдайға жетеді екен сонда ғарыз.

Бір Құдайдан басқаны ойламаңдар,

Ой түбіне жетем де, бойламаңдар.

Жалғыз қылда тұрғандай сол намазда,

Жан-жағыңа көз салып, ойнамаңдар.

Қайдағы жоқ нәрсені шайтан салар,

Жаңылып бұл намаздың көбі қалар.

Көңілге Ібіліс, Лағын орнаған соң,

Ойда жоқ жамандықты тауып алар.

Құранда намаз туралы «Бақара» сүресінің 238- аятында Аллаһ былай дейді «Намаздарға, сондай-ақ орта намаздарға сақ болыңдар. Аллаһ Тағалаға бой ұсына, бағынған түрде тұрыңдар!» Мұндағы «бой ұсына, бағынған түрде тұру» дегеніміз- намазда дүниелік нәрсені ойламай, көңіліңді тек Аллаһқа арнау. Мәшһүр Жүсіп болса: «Жалғыз қылда тұрғандай сол намазда» деген теңеу арқылы намазда тұрған адамның жағдайы қандай болатынын бізге бейнелі түрде көрсетеді. Қылдың үстінде тұрған адам құлап кетпеуі үшін арпалысып тұрады. Өйткені, жоғарыдағы өлеңде айтылғандай намазда тұрған адамға шайтандар ойына дүниелік нәрселерді салып, жаңылдыруға тырысады. Адамның Аллаһқа сәжде қылғанына олар қызғаныш білдіреді. Ойы бөлініп кеткен адамның намазы қабыл болуы екіталай. Өйткені намаздың біз үшін маңызы өте зор. Хадистер жинағында намаз туралы мынадай сөз бар: «Аллаһ Тағала, парыз екенін біле тұра намаз оқымаған пенденің істеген барлық жақсылығын жоққа шығарады. Тобасына келмейінше ондай пендеге Аллаһтың қамқорлығы нәсіп болмайды». Бұл хадисті Омар ибн Хаттаб риуаят еткен. Міне, намаздың осындай маңыздылығы болғандығынан шайтандардың кедергі жасауға тырысатыны сондықтан.

Жоғарыдағы өлеңдегі «Нәпсіні құрбан қылып бауыздасақ» деген сөз Құранда былай айтылған: «Кім өзінің нәпсісін әуейілілікпен тыйса, оның барар орны жәннат» («Назиғат» сүресі, 40-41 –аят).

Мәшһүр Жүсіптің ақындық шеберлігі дінді насихаттауда ерекше қызмет етіп тұр. «Нәпсіні құрбан қылып бауыздау» қолданысы- соның айғағы. Қазақтар малды құрбандыққа шалып бауыздауды білетін болғандықтан ақын қолданған тіркес ұғымға жеңіл болады.

Ақын «Бес парыз» өлеңінде жеті түрлі жұмақтық мінез бен жеті түрлі тозақтың мінезді атап өтеді.

Және айтты: «Тозақтық- жеті түрлі,

Дүниеде ғапылдықтан болған сорлы .

Суық жүз, бұзық сөзді бола қалса,

Міне, тозақ,- деп айтты- оның орны!»

Көңілінде қорқыныш жоқ, болар пасық,

Бой салмай жақсылықтан жүрер қашық.

Беруге қолы жұмық Құдай үшін,

Боғауыз, бейпіл сөзді қылған машық.
Ақын айтып отырған «бұзық сөзді, боғауыз, бейпіл сөзді» дегендер бір сөзбен айтқанда, тілдің кесапаты. Оған өтірік айту, өсек, біреуді сыртынан жамандау жатады. Хадисте бұлар «ғайбат» сөзімен түсіндіріледі: «ғәйбат»- араб сөзі, «қорлау», «сөгу», «тіл тигізу», «жаман сөз», т.б. мағыналарда қолданылады (4,9).

«Ғайбат- бір адамды жаман нәрсемен, тіпті ол қылық оның бойында болғанның өзінде де оған естіртпей сөз етуің» (4, 9).

Аллаһтың өзі Құранда ғайбатқа тыйым салады:

«Аллаһ (Т) жаман сөздің жарияланып сөйленуін жақсы көрмейді. Бірақ зұлымдыққа ұшыраған біреудікі басқа. Аллаһ әр нәрсені естиді, біледі» (Ниса» сүресі, 148-аят).

Қазақтың «Басқа пәле- тілден» деген мақалы осы Құран мен хадистердегі тыйымдарға байланысты шыққан болуы керек. Егер адам тілін жаман сөзден тыймай өтетін болса, қабірде оның ернін от қайшымен кесетіні туралы хадис бар. Өсекшілікке қатысты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мынадай хадисі бар екен: «Сөз тасушы жаннатқа кірмейді» (4, 26). Демек, қабір азабынан, тозақтық болудан қорыққан әрбір мұсылман тіліне ие болуға бар күшін салады. Осы кітапта «Сөз тасушы жаннатқа кірмейді» деген хадиске «жаннатқа бірден кірмейді» деп түсінік беріледі (4, 26).

Мәшһүр Жүсіп осылайша Құран мен хадис негізінде адамдарды жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыяды.




Әдебиеттер
1 Жақсыбаев С. Шорманның Мұсасынан бата алған Мәшһүр -Жүсіп / С. Жақсыбаев // Сарыарқа самалы. – 1999. – № 14.

2 Тұрышев А. Қ. М-Ж. Көпеев шығармаларының лексикасы / А. Қ. Тұрышев. – Павлодар : С. Торайғыров атындағы ПМУ. – 2004. – 2. Т. –152 б.

3 Тұрышев А. Қ. М-Ж. Көпеев шығармалары тілінің кейбір мәселелері : оқу - әдістемелік құралы / А. Қ. Тұрышев. – Павлодар :

С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2002. – 118 б.

4 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі / І. Кеңесбаев. – Алматы, 1977. – 445 б.

5 Болғанбаев Ә. Анатомиялық атауларға байланысты фразеологизмдер / Ә. Болғанбаев. – Алматы : Ғылым, 1989. – 152 б.

6 Сүйндік Көпеевтің «Заман Қазақстан» газетіне берген сұхбатты Отарқа. журн. – 1998. – № 31, 32.

7 Жұлдыз. журн. – 1992. – № 12 . – 119 б.

8 З. Ақышев «Ұстаздың асыл сөзі» Қазақстан мұғалімі. журн. – 1969. – 15 мамыр.

9 М-Ж. Көпейұлы Шығармалары. – Павлодар, 2006. – 9.Т. Б. 332–333.

10 Көпеев М-Ж. Таңдамалы / Құрастырып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған: / Дәуітов С. – Алматы : Ғылым, 1990. – 1. Т. – 285 б.

11 Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистері, – Алматы : Жазушы, 1994. – 213 б.




Мазмұны
Алғы сөз..................................................................................................... 3

Шорманның Мұсасынан бата алған Мәшһүр-Жүсіп.............................5

М-Ж.Көпеев шығармаларындағы фразеологизмдердің

Қолданылуы................................................................................................7

М-Ж. Көпеев дастандарындағы есімді

соматикалық тіркестер..............................................................................10

Мұхаммед Фазыл Мәшһүр-Жүсіпұлының

мінәжәттәрі.................................................................................................12

Мәшһүр-Жүсіп және Алланы тану..........................................................18

Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің журналистік ұстанымы...............................22

Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің журналистік ұстанымы...............................30

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармалары туралы.......................... 35

Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы дін тағлымы................................ 38

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы өлеңдеріндегі бейнелілік............................42

Мәшһүр Жүсіптің Қамаралдин хазіретті жоқтауы................................46

Есімде қалғандар...................................................................................... 49

Мәшһүр- Жүсіп мұражайы осылай ашылған еді....................................57

Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы құран,

хадистердің қолданылуы.........................................................................59

Әдебиеттер.................................................................................................62









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет