Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


Несиелік келісім-шарттың жағдайы мен құрылымы



Pdf көрінісі
бет24/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

8.2. Несиелік келісім-шарттың жағдайы мен құрылымы 
Несие 
келісім-шартының 
құрылымы 
заң 
жүзінде 
қатаң 
белгіленбеген,бірақ тәжірибеде оның мыныдай бөлімдері жалпылама және 
типтік түрінде қалыптасқан: 
- кіріспе бөлімі; 
- жалпы жағдай; 
- мәміле заты; 
- несие беру жағдайы; 
- есептесу тәртібі мен жағжайы; 
- жақтардың міндеттерімен жағдайы; 
- басқадай жағдайлар; 
- жақтардың реквизиттары мен заңдық адрестері (мекен-жайы). 
Шетелдік және қазақстандық тәжірибие көрсетіп отырғандай, 
инвесициялық қызмет бойыша несие мәмілесін құрастыру мен жасауға 
серіктестердің өте тыңғылықты және жауапкершілікті қатынаста болудың 
маңыздылығы 1-ші кезекте болады. 
Көп жағдайда экономикалық білімділікпен және заңдық негіздемемен 
мәмілені жасай білуден келісім табыстылығы тәуелді болып келеді, өйткені 
инвестициялық несие беру операциялары, оны тиімді пайдалану және 
уақытында қайтаруға алынған міндеттемелерге сәйкес болып табылады. Осы 
жағдайды есепке ала отырып, нарықтық экономикасы дамыған елдердегі өзін-
өзі құрметейтін бірде-бір банкир немесе кәсіпқой мәмілені жасауға тәжірибиелі 
заңгер қатыспаған болса, ондай мәмілеге олар қол қойылмайды. Осы мақсатта, 
біздегі көптеген банктерде арнаулы заңдық қызмет қалыптастырылған, соған 
сәйкес жұмыс атқарылып келеді. 


41 
Мәмілені аталған бірқатар негізгі бөлімдеріне қысқаша сипаттама 
берейік. 
Несие мәмілесінің кіріспе бөлімінде несие беруші – банк пен қарызгер 
туралы 
жалпы 
мәліметтер 
баяндалады; 
олардың 
ресми 
заңдық 
мәліметтері,мәмілеге қол қоятын тұлғаның атқаратын қызметі, фамилиясы мен 
ата-тегі, олардың өкілеттік беретін ресми құжаттардың (доверенность – 
сенімхат, сенім сертификаты) сәйкестігі салыстырылып, тексеріледі. 
Мысалы,банк филиалдарының жетекшісі немесе еншілес фирманың басшысы 
мәмілеге өз атынан қол қоюға өкілетті емес, себебі олар заңды тұлға болып 
табылмайды. Олар қолдарында қажет сенімхат, сенім сертификаттары болған 
жағдайда ғана басты банк немесе фирма атынан өз қолдарын қоя алулары 
мүмкін. 
Жалпы жағдай бөлімінде негізгі терминдер, ұғымдар мен анықтамалар, 
олардың түсініктерінің бәрі бірге беріледі, мысалы, тапсырыс беруші,
орындаушы, серіктестер, жоба, маржа, құрылыс алаңы, агент-банк, т.б. 
терминдері (түсініктері). 
Мәміле заты ең бір басты жағдай болып табылады. Атап айтқанда осы 
бөлімде қарызгер қажеттілігі мен несие беруші-банктің мүмкүндігімен 
анықталатын несие сомасы туралы жақтардың келісімдері бейнеленеді, көбінде 
бұл жекелік сипатта болып келеді. Сонымен бірге, әлемдік тәжірибиеде несие 
келісімнің унификациялық стандарттық мөлшерлері де қолданылады, мысалы, 
5, 10, 25, 50, 100млн АҚШ долларымен. 
Несие сомасымен қатар мәміледе көрсетілетін тағы бір жағдайы бұл 
несиенің мақсаты мен мерзімі болып табылады. 
Мәміледе келісім мерзімі тұрақтандырып көрсетіледі. Бұл жерде несиені 
пайдаланудың шектік уақыты, несиенің негізгі сомасы мен оның үлестік 
ставкасын жою анықтап белгіленеді. 
Жалпы стандарттық мерзімдері бойынша,несиелер қысқа мерзімдік – 1 
жылға дейін, орта мерзімдік – 1жылдан 3(5) жылға дейін,ұзақ мерзімдік – 5 
жылдан жоғары болып келеді. 
Несиелік мәміледе мерзімге байланысты түрлі түсініктер кездеседі. 
Олардың ішінде 4 аса негізгі түсініктері бар:
Толық мерзімдік – бұл,несиені пайдаланудан бастап,оны толық жойғанға дейін 
уақыт аралығы болып табылады.Ол, өз кезегінде үш кезеңнен тұрады: 
пайдалану мерзімі,жеңілдік мерзімі және жою мерзімі. 
Пайдалану мерзімі несиені пайдаланудан бастап,жеңілдік мерзімі басталғанға 
дейінгі уақыт аралығынан тұрады.Банктік несие бойынша, әдетте оны 
пайдалану күні қарызгердің шотына қаржы аударған күннен бастап 
есептелінеді. 
Жеңілдік мерзімі – бұл пайдалану кезеңі аяқталған кезден несие жою кезеңінің 
басталуына дейінгі уақыт болып табылады.Бұл кезең аралығында тек үлестік 
ставканы төлеу ғана жүргізіледі. 
Жою мерзімі – бұл кезең ағымында несие бойынша негізгі қарыз өтеледі. 
Жақтардың өзара келісімдері бойынша несиені қайтарып алу мерзімдері 
бойынша мәміле күшіне енеді: 


42 
- жақтардың қол қою күнінен бастап; 
- несие беру немесе қарызгерге қаржыларды аударған күннен бастап; 
- қарызгердің немесе несие берушілердің шотына қаржылардың түсу күнінен 
бастап есептелінуі де мүмкін болып тыбылады. 
Бұл жағдайлар әрбір нақтылы жасалынған мәміледе анықталып, ескертпе 
түрінде жазылуға тиісті. 
2-ші деңгейдегі банкттердің несие үшін төлемді орнату кезінде ескеретін 
негізгі факторлары мыналар: 
1) коммерциялық банкттерге беретін Ұлттық банктің несиелері бойынша 
рефинансистік ставкасы; 
2) банк аралық несиелер бойынша басқа клиенттерге банктік орташа үлестік 
ставкасы; 
3) депозиттер бойынша басқа клиенттерге банктің орташа үлестік ставкасы; 
4) несиелерге сұраныс және ұсыныс
5) несие түрі және мерзімі,оның ішінде банк үшін тәуекел дәрежесі; 
6) елдегі ақша айналымының тұрақтылығы және т.б. 
Сонымен бірге елдегі экономиканы тұрақтандыру үшін, әсіресе, нарыққа 
өту кезеңінде, Қазақстанның инвестициялық сферасына сыртқы және ішкі 
несиелік ресурстарды тартуға жайлы жағдай жасау бойынша мемлекет 
тәжірибиелік шараларды қабылдап отыр. 
Мәмілелерде “кепілдік”, “мәміле жағдайын бұзу кезіндегі санация”,т.б. 
сияқты бөлімдер қарастырылады. Мысалы, несиені жою жағдайын бұзу кезінде 
мәміленің мынадай шарты өз көрінісін табады: қайтару мерзімі өткен несиені 
дереу жою талабы ғана емес, сонымен бірге барлық қалған несие сомасын және 
үлестер де талап етіледі,содан соң қосымша қамтамасыздық немесе кепілдік 
және т.б. көрсетеді. 
Несие мәмілесін даярлау мен оны жасау несиелер мен қарызгердің білікті 
және қызу жұмыс істеулерін талап етеді. Соның арқасында, оны жүзеге 
асырудағы қиындықтардың алдын-алуға болады,содан соң соттық істі қарау 
кезі қарастырылады. Қолдары қойылған мәміледе түрлі бұрмалаушылық 
(жалғандық) болмауы үшін (қашпауы үшін) оның түпнұсқасының екеуі де 
жақтармен парафирленеді (парафирлеу – алдын-ала келісім беру ниетімен 
құжатта өзінің аты-жөнін жазып қою). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет