Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


 Қарызгердің несие қабілеттілігін зерттеу



Pdf көрінісі
бет22/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

7.3. Қарызгердің несие қабілеттілігін зерттеу 
Несиелендіру үшін құжаттар пакетін қарастырған кезде қарызгердің 
несиелік қабілетін зерттеу маңызды мәселе болып табылады. 
Сондықтан, банк несие беру туралы шешім қабылдауда қарызгердің 
төлем қабілетін,несие қабілетін және қаржылық тұрақтылығын нақты бағалауы 
қажет. 
“Төлем қабілеттілік” пен “несие қабілеттілік” түсініктерінің арасында 
айтарлықтай айырмашылық бар. 
Фирманың төлем қабілеттілігі - бұл оның міндеттемелері мен 
қарыздарының барлық түрін уақытында жоюды қамтамасыз ету қабілеті мен 
мүмкіндігі,ал несие қабілеттілігі тек қана несиелік қарызын жою мүмкіндігі 
болып табылады. Сонымен бірге, несиені жою кепілі мүліктерін сатумен,басқа 
банктік кепілдігімен немесе гарант-кәсіпорын,фирманың сақтандыру есебінен 
жүргізілуі мүмкін. 
Несие қабілеттілікті бағалау кезінде алдымен қарызгер қызметтік 
сипаттайтын көрсеткіштермен, оның несиелік қарызын жоюды қамтамасыз ету 
жағынан қарастыру қажет. Осы мақсатпен банк-қарыз берушілер несие 
қабілетті талдау үшін түрлі ақпарат көздерін пайдаланады,оның ішінде: 
1) клиенттің өтініші мен оған қоса жүретін құжаттар пакетінің құрамындағы 
алынған материалдарды; 


36 
2) банк архивіндегі клиент туралы бар мәліметтерді; 
3) қарызгермен іскерлік қатынаста болғандардан алынған ақпараттарды 
(серіктестіктерді – жеткізіп берушілер, несие берушілер, оның өнімін сатып 
алушылар,т.б.); 
4)жеке және мемлекеттік мекемелер мен агенттіктердің есептері, анықтамалары 
және басқада материалдары. 
Алыс шетелдің көптеген елдерінде қарызгер туралы ақпарат (барлық 
тарихын,рейтингтер мен репутациясын,т.б.) жинақтайтын аймақтық несие – 
ақпараттық бюролар бар. Мысалы, АҚШ-та несие алу үшін қашанда болсын 
ықылас білдіретін өте көп заңды және жеке тұлғалардың несиелік тарихын 
білетін үш мыңнан астам бюролар жұмыс істейді. Нарықтық өзгерістерді 
енгізуге байланысты бізде де осыған ұқсас қызмет түрі пайда болғаны дұрыс 
болар еді. 
Отандық, әсіресе шетелдік тәжірибе көрсеткендей қарызгердің қаржы 
жағдайы мен оның банкке қарызды уақытылы жою бойынша сенімділігін, яғни 
оның жалпы несие қабілеттілігін талдаудың көптеген әдістемелері мен 
тәсілдері бар. Мысалы, АҚШ банктерінің жұмыс тәжірибесінде “Алты Си 
ережесі” деп аталатын ереже кеңінен қолданылады. Осы ережеге сәйкес 
клиенттерді (қарызгерлерді) таңдап алу критериялары “Си” әріпімен 
басталатын, ағылшын тіліндегі,сөздермен белгіленген: 
1) қарызгердің сипаттамасы (character); 
2) қаржыны қарызға алу қабілеттілігі (capacity); 
3) ақшалай қаржылар (cash); 
4) қамтамасыздығы (collateral); 
5) шарттары немесе жағдайы (conditions); 
6) бақылау (control). 
Енді “Алты Си ережесі” мәніне қысқаша тоқталайық: 
1. “Қарызгердің сипаттамасы”. Қарызгердің өтінішін және несиелік 
тарихын зерттеулер бойынша материалдар негізінде банк маманы клиенттің 
жеткілікті компетентті екендігіне сенімді болуға тиісті және алынатын несиенің 
мақсатын дәлме-дәл көрсетіп,оны жоюға айтарлықтай құқысы бар екендігін 
білуі керек. Күмәндылық пайда болған кезде қосыша толықтырулар қажет 
немесе мүмкіншілігінше жорамалдап айтатын мәселелерден кету үшін ол 
өтінішті қабылдаудан ол бас тартуы керек. 
2. “Қаржыны қарызға алу қабілеті” қарызгердің заңдық статусының 
түпнұсқалық екендігін, несиелік келісім-шарт жасауға оның өкілінің 
өкілеттілігінің растығын, тапсырылған құрылтай келісім-шартының және басқа 
құжаттардың растығын білдіреді. Банк маманы несие келісімін жасау үшін 
барлық қажетті құжаттардың растығы мен толықтығына сенімді болып ғана 
қоймай,олардың мазмұнын қосымша зерттеп, талдап отыруы қажет. Мысалы, 
келісім-шартта орнатылған тәртіптегі, яғни өкілеттігі жоқ тұлға қол қойған 
жағдайда берілген қаржы соманы сот арқылы қайтарып алу мүмкін болмаған 
жжағдайда несие беруші үлкен зиян шегеді. 
3. “Ақшалай қаржылары” несие өтінішін қарастырудағы басты мақсат, 
қарызгердің несиені жою мүмкіндігін нақты анықтау болып табылады. 


37 
Қарызгерде алған несиені жоюдың үш көзі бар: 1) нақты ақша ағымы; 2) 
активтерді жою немесе сату; 3) қаржыларды тарту. 
Банк үшін бұл аталған көздердің ішінен 1-шісі пайдалы болып келеді, 
себебі активтерді сату (2-ші көз) қарызгер балансын нашарлатуы мүмкін,ал 
қаржыларды тарту, яғни қосымша қарыздану (3-ші көз) несие ретінде банк 
позициясын әлсіздендіруі мүмкін. 
Сондықтан, нақты ақша ағымының жеткіліксіздігі фирманың қаржылық 
жағдайын және несие берушілермен (банктермен) арақатынастықтың маңызды 
көрсеткіштерінің нашарлауының себебі болып табылуы мүмкін. 
4. 
“Қамтамасыздығы” 
несиелік 
өтінішті 
қарастыру 
бойынша 
қамтамасыздықтың нақтылығын талдау барысында несие беруші-банк 
қызметкері несие бойынша қажеттік қамтамасыздықты қарызгердің беруінде 
оның капиталды жеткілікті немесе сапалы активтерді иемденетіндігін 
анықтауға тиісті. Бұл жерде, қарызгердің мынандай жақтарына ерекше көңіл 
аударған жөн: Қарызгер активтерінің құрылымы мен жағдайына, қызмет ету 
мерзіміне, оның моралдық немесе физикалық ескірген жабдықтары мен 
технологиясына немесе басқадай мүліктеріне қарап отырып олардың
қамтамасыздықтың нақты көзі болмауы мүмкін. 
5. “Шарттары” немесе “жағдайы” банк қызметкерінің міндетін 
қарстырады, яғни ол, несие өтінішін қарау үдерісінде болашақ қарызгердің 
жұмыстары қалай жүріп жатқандығын және оның осыған сәйкес саладағы 
жағдайының қалыптасуын, содан соң несиені жоюға мүмкін болатын 
экономикалық өзгерістер мен басқа жағдайлардың әсерлерін анықтауға тиісті. 
Бұл жерде несиелік өтінішпен бірге берілетін құжаттар пакеті бойынша, 
несиеге оның қамтамасыздық жағынан қарағанда сенімді болып көрінуі 
мүмкін, бірақ оның сенімділік дәрежесіне сату көлемінің қысқаруы немесе 
экономикалық құлдырау жағдайындағы табыстардың азаюы немесе инфляция 
салдарынан үлестік ставкалардың өсуі және басқадай факторлар теріс әсерлерін 
тигізуі мүмкін. 
6. “Бақылау”, негізінен қарызгер қызметіне және оның несие-қабілетіне, 
тигізетін заң актілеріндегі, құқықтық, экономикалық және саяси жағдайлардағы 
өзгерістердің әсерін анықтау мен болжаудан тұрады. 
Сонымен бірге, несие өтінішінің банктің несиелік саясатына сәйкестігін, 
несие бойынша келісім-шартын жасау үшін дайындалған материалдардың заң 
жағынан растығы мен толықтығы тексеріледі. 
Несиені қайтару мәселеге айналып, қиындық тудырған жағдайда да банк 
біртұтас шараларды анықтап, белгілейді және жүзеге асырады, оның ішінде: 
1) несие қайтарылуының оперативтік жоспарын жасау
2) несие қайтарылуына әсерін тигізетін барлық мәселелерді кейінге қалдырмай 
анықтау; 
3) несие беруші-банктің сараптау тобын мәселе тудырған қарызгермен жұмыс 
бабында кездесуді ұйымдастыру және оның қаржы жағдайын сауықтыруға 
мүмкін варианттарды талқылау,оның ішінде шығындарды қысқарту,ақша 
ағымдарын ұлғайту және екі жақтың менеджерлер жағынан бақылауды 
күшейту,т.б. 


38 
4) қайтаруы қиындаған несиені өндіріп алу үшін қажетті соманы айқындай 
отырып, оның ішінде активтерді сату құнын және депозиттер мөлшерін 
анықтау; 
5) банктің заңдық департамент қызметкерлері немесе арнаулы сараптау тобы 
салық декларациясын қараулары қажет және қарызгердің басқадай төленбеген 
қарыздық міндеттерін анықтаулары керек. 
Егер бұл шаралар қажетті нәтиже бермеген жағдайда,банк басқадай қатаң 
шаралар қолдануға мәжбүр болады,оның ішінде қарызгердің төлем қабілеті жоқ 
деп жариялауы мүмкін және ең арты онымен соттасуға дейін барады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет