Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


Несие алуға өтінішті және құжаттар пакетін қарастыру



Pdf көрінісі
бет21/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

7.2. Несие алуға өтінішті және құжаттар пакетін қарастыру 
Банктік несиелендіру үдерісі негізгі 4 кезеңнен тұрады: 
1) несиелік өтінішті, оған қоса жүретін қажетті құжаттар пакетін қарау және 
қарыз алушымен пікірлесу; 
2) қарыз алушының несие қабілеттілігін зерттеу;
3) несиелік келісім-шартты даярлау,қарау және қорытынды түйіндеме беру;
4) несиелік мониторинг. 
Сұратылып отырған инвестициялық несиеге қажетті құжаттар пакеті 
құрамында несиелік өтініш банкке тапсырылады (бұл пакетпен банк клиентті 
алдын-ала таныстырады). 
Пакет ішінде мынадай негізгі құжаттар болады: 
1) қарыз алушының құрылтай құжаттарының нотариальды куәландырылған 
көшірмесі; 
2) соңғы 3 жылдағы толық баланстық көрсеткіштермен қаржылық есеп 
(пайда,зияндар,активтер құрылымы,капитал,міндеттемелер және т.б.); 
3) қорлар қозғалысы түрлі статьяларының өзгерістерін көрсетілуімен т.б., 
кассалық түсімдер қозғалысы туралы есеп; 
4) өте толық бөлшектенумен ішкі қаржылық есептер; 
5) ішкі оперативтік есеп пен жалпы есеп мәліметтері; 
6) нысанның (жобаның) техникалық-экономикалық негіздемесі; 
7) салықтық декларация; 
8) бизнес-жоспар. 
Несиелендіретін банктің жоба менеджері (несие инспекторы) сыртқы 
жалпы реквизиттердің растығын және құжаттардың толықтығын тексеру 
мақсатымен несиелік өтініш пен барлық қоса жүретін құжаттарды алдын-ала 
жалпылама түрде қарайды. Осы кезде қарыз алушының компетентті өкіліменде
алдын-ала әңгімелесу тәжірибесі кеңінен қолданылады. Осы пікірлесуде 


34 
мынадай негізгі мәселелер қарастырылады: қарыз алушының сенімділігі және 
байсалдығы, оның репутациясы (абыройы), клиенттің несие қабілетті туралы 
дәлелдемені алдын-ала алу, несиені жою көздері мен болашағы, тәуекелдің 
мүмкін болатын дәрежесі, табыстардың тұрақтылығы мен көздері, клиенттің 
басқа банктермен қатынасы туралы және т.б. 
Осы алдыңғы кезеңдегі несие өтініші мен қоса жүретін құжаттарды қарау 
(аталған әңгімелесумен бірге) кезінде несие беретін банк негізгі бес мәселеге 
аса көңіл аударуға тиісті: 
1) клиент туралы негізгі мәліметтерді алу, яғни мына мәселелерге жауап 
алу: қарыз алушының құқықтық формасы; қамтамасыз ету ретінде ұсынылған 
мүліктерді бағалау қалай жүргізілген; бұл мүліктер бүлінуге ұшыраған ба?; 
басқарушы тұлғаның біліктілігімен тәжірибесі қандай;фирма (қарыз алушы) 
пайда алуда – табысты ма?;негізгі клиенттер кімдер - өнімді жеткізіп 
берушілер мен сатып алушылары кімдер және т.б. 
2) сұралып отырған несие бойынша қажетті несиенің жалпы сомасы: бұл 
сома қалай анықталады;қаржылық қажеттілік болжамдарын анықтаудың дұрыс 
жеткілікті түрде болуы; қарыз алушы несие алу жағдайын есепке алады ма?; 
несие көмегімен қаржыландыратын активтердің қызмет мерзімі. 
3) несиені жою туралы мәселелер: қарыз алушы несиені қалай қайтаруды 
қарастырып отыр;қарызгерде несиені жоюдың арнаулы көзі бар ма?;кепіл 
болуға келісім берген заңды тұлға бар ма және оның қаржылық жағдайы 
қандай? 
4) несиені қайтару қамтамасыздығы туралы: қамтамасыздықтың түрі 
қандай; оның иесі кім; ол қай жерде тұр және кімнің бақылауында; 
қамтамасыздыққа ұсынылған мүлікті бағалау қалай жүргізіледі. 
5) қарыз алушының басқа банктермен қатынасы туралы: қазіргі кезде 
клиент қандай банктердің қызметін пайдаланады; ол басқа банктерге несие алу 
үшін өтініш білдірді ме?; клиенттің жойылмаған несиелері бар ма,олардың 
сомасы және қайтару мерзімдері қандай? 
Осылайша өтінішті және оған қоса жүретін құжаттарды талдау мен қарау 
керек, содан соң әңгімелесу нәтижелерінің шешуші кезеңі болашақ қарызгердің 
жан-жақты сипатымен оның несие қабілеттілігін анықтау да қажет. 
Банк менеджері, болашақ қарызгерге көмектесе отырып,өтінішті және 
оған қоса жүретін құжаттар пакетін дайындайды, несиені жою үшін 
қарызгердің қолында бар активтердің бағалылығын (мысалы, жоғарғы өтім 
құжаттар, жинақ депозиттері, т.б.) және нақтылы табыстар көлемін анықтайды. 
Тәжірибе 
көрсетіп 
отырғандай, 
қарызгер 
өкілетінің 
ауызша 
жауаптары,мәліметтерді жазбаша жазып бергеннен де көп ақпарат алуға 
болады. Өз уақытынан кешіртпей, банк менеджері несиелік өтінішті қарастыра 
отырып, қарызгермен бірлесіп жұмыс жүргізген немесе жүргізіп отырған басқа 
банктерге сұрау салады. 
Банкттің несиесімен айналысатын қызметкері қарызгер табысының 
шамасына ғана емес, оның тұрақтылығына аса көңіл аудару қажет. Бұл жерде 
клиенттен таза табыс (төлемдерден кейінгі табыс) туралы алдын ала алған 
ақпараттың көп артықшылықтары бар. 


35 
Жанама болғанымен, маңыздылығы жағынан жоғары, табыс мөлшері мен 
тұрақтылығының көрсеткіші болып келетін клиенттің депозиттік шотындағы 
күндік орташа қалдық туралы мәлімет те керек. Бұл мәліметті, (қарыз берген), 
банктің маманы басқа банктерден алған ақпараттармен салыстырады. 
Несиелік өтініш пен құжаттар пакетін алдын-ала қарастыруда банк 
клиенттің сенімділігі және несиені алуда оның берген ақпараттарының 
растығын анықтауға тырысуы қажет. Бұл жерде клиент өзінің барлық 
қарыздарын көрсеткенде, оның көлемін несиелендірген банктің мәліметтерімен, 
сонымен бірге несиелік бюроның да мәліметтерімен салыстыруға аса көңіл 
аударған дұрыс, бұл арқылы бірқатар клиенттердің “ұмытшақты” анықталауы 
мүмкін. 
Егер алдын-ала қарау нәтижесі бойынша өтініш шеттетілмей, 
қабылданатын болса, онда жобаны қаржыландыруға байланысты банктің 
клиенттерімен 
жұмыс 
жүргізу 
регламентіне 
сәйкес 
тапсырылған 
материалдарды, оның осыған сәйкес құрылымдық бөлімдерінде тыңғылықты 
бөлшектеп зерттеу жұмыстары ұйымдастырып, жүргізіледі (мысалы, жобаны 
талдау, оның құқық негізі, несиелік және стратегиялық жоспарлау, 
т.б.департаметтермен атқарылатын жұмыстар). Аяғында, өтініш пен жобаны 
несиелендіруде қабылдау мүмкіндігі туралы жинақтық түсініктеме - 
қорытынды даярланады. Бұл жиынтық материалды несиелік комитет (немесе 
директорлар кеңесі – Директорат) өз мәжілісінде қарап, осыған сәйкес шешім 
қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет