Н. гумилева ministry of education and science of kazakhstan



бет28/46
Дата13.06.2016
өлшемі5.56 Mb.
#131499
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46

Таблица 3

Исследование психологической адаптации к научно- исследовательской деятельности



Отрасли наук

Интерес к виду науки

Шкалирование и ранжирование

Ранг

спирмену





Влечение

интерес

Очень интерес

Профес (выбор)

СВВ

Шкала ствюдента

Аттест. ППС

Тест кэттела

Ретертуарная шкала




Биология




+




Д ,3




4,7

А







0,7

Физиология




+




Д ,4




4,7

А







0,7

Химия

+

+




Д ,2




4,0

Аа







0,9

Физмат




+

инт

Д ,2




4,3

Аа







1,0

Педагогика







ноі

Д ,5




4,0

А







0,6

Психология







оі

Д ,3




4,7

А







0,8

Условные обозначения, аббревиатура: Д3;инт – интересно; ноі – не очень интересно; оі – очень интересно; А- аттестация ППС; Аа – аттетация ассистета.
Преподавательская деятельность в вузе естественно связана с здоровьем человека. В частности у преподавателей вуза профессиональной является заболевание верхних дыхательный путей и особенности иногда повреждаются голосовые связки, которые подвергаются многочасовым включением в работу артикуляционного аппарата.

Здесь можно привести перечень заболеваний. ППС вуза пути их профилактики.

1.У начинающих молодых преподавателей на первых порох возникает сложность связи с аудиторией. В должном случае пребывают такие психологические процессы как тревожность страх. Эти явления имеют некоторые отрицательные воздействия на педагога:1. Педагог теряется с подачей материала, неслаженно работает внимание и его свойства: распределяемость, переключаемость, сосредоточение и т.д.

У педагога появляются головные боли, нарушение соматики, сухость во рту, першение горла, гиподинамика и др.

Связь педагога с аудиторией, создание условий и момента для обратной афферентации дело опыта. Поддержка афферентации необходима для закрепления нового материала.


  1. Аудиторные занятия (лекций, семинары, практические и др. виды) в известной мере влияют на ЦНС в плане несения значительных психологических нагрузок. Одним из постоянно включенных является направленность, усилия сознания педагога на передачу учебного теоретического материала и при этом идет большая нагрузка на процессы рече - мышления. Здесь необходимо делать соответствующие паузы с демонстрацией необходимого наглядного материала, пособий и др.

  2. От педагога требуется опыт для правильного распределения внимания собственного и обучающихся, чтобы при объяснении материала одновременно вели бы соответствующую запись в конспектах.

Сильное напряжение ЦНС ведет быстрой утомляемости. Для снятия напряжения необходимо преодолеть тревожность, боязнь, страх и т.д.

Научно- исследовательская работа ППС в вузе заключается в написании статей, монографических материалов, участие в научно - практических и других конференциях с сообщениями или подачей публикаций для издаваемых материалов данного научного форума. В качестве примера сошлось на следующие научные форумы, имеющие международный резонанс: 1.VIII Международный Евразийский научный форум, посвященный 20 - летию независимости РК. Моя статья на тему: Великая Степь: от Аль Фараби до Л.Н. Гумилева. - Материалы означенного форума. Астана- 2011, с 321. 2. ІХ Евразийская научный форум «Наследие Л.Н.Гумилева и современная Евразийский интеграция». Опубликовано моя статья на тему- «Гуманизм и психологизм произведений Л.Н.Гумилева» Астана- 2012, с. 390-393.

В гуманитарных вузах исследовательская работа направлена на проведение научно- исследовательских изысканий по профилю специальности. К примеру, «Качество образования: актуальные проблемы и решения. Здесь можно разрабатывать следующие проблемы; 1. Методическое обеспечение образовательных программ; 2. Интеграция образования, науки и производства; 3. Информатизация образования и информационная открытость вуза; 4. Интернационализация образования и ее академическая мобильность; 5. Наследие Л.Н.Гумилева и современная Евразийская интеграция и др.

Глоссарий – Сөздік

Аббревиатура (лат.abbreviabira – ит. brevis-лат.) обозначение слов, понятий из начальных букв – МНС, СНС.

Адаптация- (adaptation- приспособлять) приспособление строения и функций организмов к условиям существования- биологический, психологический, психофизиологический психологический феномен. В психологии – привыкание к сложным видам деятельности.

Абулия – в видах деятельности присутствие сомнения, слабость силы волн- волн.



Апперцепция (от лат. ad – к и perceptio – воспринимаю) - влияние на восприятие предметов окружающего мира предшествующего опыта и установок индивида.

Бихевиоризм (от англ. behaviour – поведение) — психологическое направление, начало которого было положено публикацией в 1913 г. статьи американского психолога Дж. Уотсона „Психология с точки зрения бихевиориста“. В качестве предмета психологии в нем фигурирует не субъективный мир человека, а объективно фиксируемые характеристики поведения, вызываемого какими–либо внешними воздействиями.

Аффект (от лат. affectus — душевное волнение, страсть) — сильное и относительно кратковременное эмоциональное состояние (см. Эмоции), связанное с резким изменением важных для субъекта жизненных обстоятельств и сопровождаемое резко выраженными двигательными проявлениями и изменениями в функциях внутренних органов.

Антрацит (греч. anthrakitis, от anthrax - уголь), ископаемый уголь наиб. высокой степени углефикации (метаморфизма). Имеет серовато-черный или черно-серый цвет с металлич. блеском. Анизотропен. В пористой структуре преобладают микропоры с объемом 0,072-0,075 см3/г; общий объем пор ок. 0,1 см3/г. Характеризуется наиб. твердостью в ряду твердых горючих ископаемых (2,0-2,5 по минералогич. шкале) и электропроводностью, высокой плотностью (1,5-1,7 г/см3).

Анома́лия от греч. ανωμαλία — отклонение от нормы, от общей закономерности, неправильность.

Антрекоз- заболевание дыхательных путей шахтера. Оседание в легких, альвеолах угольной пыли.
Литература


  1. Банщиков В.М. и др. – Медицинская психология М. 1967г

  2. Галтперин П.Я.и др. – Актуальные проблемы возрастной психологии. - М.: Изд. МГУ им. М.В.Ломоносова. -1978.

  3. Муканов М.М.- Жас және педагогикалық психология.- Алматы, 1962.

  4. Лакосина Н.Д., Ушаков Г.К. - Медицинская психология.- М., 1984.

  5. Гамезо М.В.и др. Возрастная педагогическая психология. - М., 1984.

  6. Кэмпбелл Д. Модели экспериментов в социальной психологии и прикладных исследованиях. - М., 1980

  7. Мартин Д. Психологические эксперименты.- Спб., 2002.

  8. Солсо Р.Л., МакЛин М.К. Экспериментальная психология.- Спб., 2003.


Секция 3
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ВОЗРАСТНЫХ ОСОБЕННОСТЕЙ В ПСИХОЛОГИИ
ACTUAL PROBLEMS OF AGE FEATURES IN PSYCHOLOGY


Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие
Абдыханова А.А., магистрант

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
«Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында» экологиялық ахуалды жақсартудың жаңа технологиялық мүмкіндіктері айқындалып, еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайындағы қоғамды экологияландырумәселесі қамтылады.

Қоғамды экологияландыру – бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жаңа жүйесін қалыптастыру процесі.Тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет-әрекетінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналады. Мұны ғылымда «екінші табиғат» деп атайды.

Демек, табиғат заттарының, процестерінің, құбылыстары мен жәй-күйлерінің болмысы өткінші, өтпелі. Олардың болмысы (болмыссыздығы) ауыспалы, қалыптасу, даму, өзгеру процесі кезектесіп отырады. Олардың болмысы – сақталатын да, жоғалатын да болмыс. Гегель қалыптасу процесін саралай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп дәл көрсеткен болатын. Сонымен, табиғат болмысының тағы бір ерекшелігі, тұтастық ретіндегі табиғат дүниесінің тұрақты әрі түпкілікті болмысындағы жекелеген мәндердің өтпелі және тұрақты болмысының диалектикасын танытады.

«Екінші табиғат» қатаң түрде шынайы, бірінші төл табиғатқа тәуелді және соның туындысы десе болады. Әйтседе, «екінші табиғаттың» өзіндік мәнді ерекшеліктері де жоқ емес. Екінші жасанды табиғат дүниесінің шынайы төл табиғаттан айырмашылығы: біріншіден, оны жасап дүниеге келтіру барысында адам табиғат байлығын, табиғи материалдарды пайдаланып, өңдеді, екіншіден, «екінші табиғат» дүниесін жасауда адамның еңбегі, іс-тәжірибесі және білімі пайдаланылды, үшіншіден, «екінші табиғат» бұйымы ермек үшін жасалмайды. Оны дүниеге келтіру адамдардың әлеуметтік өмірдегі белгілі мұқтаждарынан, мақсат-мүдделерінен туындады. Осылайша, екінші табиғат бірінші табиғаттың заңдылықтарына бағынатын төл туындысы, оның материалдарынан адамның білімі, еңбегі, тәжірибесі және дағдысы негізінде қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында жасалды. Яғни, «екінші табиғат» болмысы – табиғи - рухани-әлеуметтік тұтастық құрайтын нақтылы ақиқат. Сондықтан да, бір жағынан, қоғам мен «екінші табиғаттың» үнемі үйлесім тауып отыру қажеттігі еш уақытта маңызын жоймайды, екінші жағынан, «бірінші табиғат» пен «екінші табиғаттың» ортақ заңдылығын, бір тұтастығын, бірегей болмысына қатысты олардың өзара байланысын сақтап, реттеп отыруы да заманымыздың жалпы адамзаттық мәселесі болып табылады.

Дамудың диалектикалық концепциясының басты ерекшелігі мынада: даму дүниеде бар нәрселердің саны жағынан жәй ғана өсуі (көбеюі немесе азаюы) тұрғысында ғана түсіндірілмейді, ол ескінің құру, жойылу және жаңаның пайда болу процесі ретінде ұғындырылады. Бұл процесс сан өзгерістерінен сапа өзгерістеріне және керісінше өту заңына негізделеді. Сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне өтуінде керісінше процесс те болады: жаңа сапа жаңа сан өзгерістерін тудырады. Бұл табиғи нәрсе, өйткені жаңа сапа басқа сандық параметрлермен заңды байланыста болады.

Сан өзгерістері үздіксіз және біртіндеп жүріп жатады. Сапа өзгерістері үздіксіздіктің, бірте-бірте жүретін дамудың үзілісі түрінде болады. Тірі заттың пайда болуы өлі материядағы жәй ғана бір жаңа сан өзгерісі емес, керісінше, оның түбірлі сапалық өзгерісі, жаңа қасиеттері, заңдылықтары бар материяның мүлдем жаңа түрінің тууы деп білеміз. Міне, бұл – дамудағы үздіксіздік.

Дамудың эволюциялық (біртіндеп болатын) және революциялық (үздіксіз түріндегі) формаларының бірлігі қоғамдық дамудың заңын құрайды. Үздіксіздіктің, сапалық өтулердің осындай типтік және неғұрлым жалпы формаларына тоқталатын болсақ ол: біріншіден, бір сапаның басқа сапаға айтарлықтай тез және бірден айналу формасы; бұл өзіне тән құрылымы бар объект біртұтас система ретінде бірден, түбірлі сапалық өзгеріске ұшыраған кезде болады; екіншіден біртіндеп болатын сапалық өту формасы; бұл нәрсе бірден және тұтастай өзгерместен, сапалық өзгерістердің біртіндеп жинақталу жолымен оның жеке жақтары, элементтері өзгергенде, осындай өзгерістердің қорытындысында ғана ол бір күйден басқа күйге өткенде болады. Демек, сапалық жағынан ауысу қаншалықты біртіндеп жүргенмен де, ол үздіксіз болып табылады.

Үздіксіздік нәтижесінде пайда болған жаңа сапа жаңа мөлшерлік өзгерістер туғызады. Сөйтіп, бұл заң даму процесінің механизмін көрсете отырып, «қалай? қайтіп дамиды?» деген сұрақтарға жауап береді. Диалектиканың даму заңдылығынан бастау алған үздіксіздік педагогика ғылымында тігінен, көлденеңінен динамикалық икемділік пен универсалды болу қажеттігін білдіреді. Оқытуды тәжірибеге бағыттау жағы күшейтілсе және тұлғаның білім троекториясын еркін сақтап қалу, білім беру субъектісі ретінде үздіксіз білім беру жүйесі өзіндік негіз болып табылады.

Үздіксіз білім – толассыз, тоқтаусыз білім, ешқашан аяқталмайтын, өміршең білім. Үздіксіз білім адамның өмірге келген күнінен басталып, өмірінің соңғы күніне дейін жалғасын табатын процесс, қазіргі «өмір бойы білім алу» қағидасы білімнің үздіксіздігі идеясының заңды жалғасы.

Демек, «үздіксіз білім беру» термині әлемдік практикада осыдан алпыс жыл бұрын қолданысқа енгенімен, оның негізгі идеялары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ жариялым алды. Үздіксіз білім берудің басты идеясы «өмірлік білім беру» идеясының орнына «өмір бойы білім алу» идеясын басшылыққа алудың дұрыстығы заман талабынан туындап отыр.

Н.А.Лобановтың сөзімен айтқанда «үздіксіз білім беру» біріншіден, жеке тұлғаның даму кезеңдеріне үздіксіз білім берудің белгілі бір басқыштары мен деңгейлері, оның нақты мақсаттарын іске асыру шарттары мен мүмкіндіктері сәйкес келеді.

Екіншіден, білім беру жүйесін біріңғай үздіксіз білім беру жүйесіне айналдыру үшін бірқатар ұстанымдарды негізге алу керек, атап айтқанда: үздіксіздік, демократиялық, жалпылық және т.б. ұстанымдар.

Үшіншіден, үздіксіз білім беру жүйесі оның сатылық және көп құрамдық құрылымынан көрінеді: білім берудің көп деңгейлілігі ( отбасы, балабақша, бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан кейінгі); мамандарды даярлаудың көп сатылығы; оқу орындарының көп қызметтігі (оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары); білім бағдарламалары мен құрылымының вариативтігі.

Осы қағидалардың негізінде үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларын қамтитын кешен қолданылады. Бұл кешенде сабақтастықтың екі принципі сақталады: төменнен жоғарыға дейін; жоғарыдан төменге дейін. Ал, бұл білім беру сатыларының сабақтастығы жүйесін қамтамасыз етеді: отбасы → балабақша →бастауыш мектеп →арнайы орта білім → жоғары білім → жоғарыдан кейінгі білім (Білім жетілдіру). «Жоғарыдан төмен» жүйесі оқу орындарының басқару қызметін білдіреді. Демек, мұндай құрылым білім беру кеңістігінің біртұтастығын, сабақтастығын қамтамасыз етеді. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дұрыс интеграциялаған жағдайда білім алушылар білім берудің төмен деңгейінен жоғары деңгейіне жеңіл өте алады.

Біздің зерттеуімізге сәйкес үздіксіз білім берудің біріңғай жүйесінің бірінші сатысы - отбасы, яғни баланың алғашқы әлеуметтік ортасы - мұнда баланың өзін-өзі тәрбиелеу, білім алуға деген алғашқы іс-әрекет дағдылары қалыптасады. Бұл баланы балабақшаға дайындаудың алғашқы қадамы болып есептеледі.

Үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесінің екінші сатысы - мектепке дейінгі тәрбие. Мектеп пен басқа оқу мекемелері қызметінің нәтижесі негізінен мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты. Бұл ерекшеліктер балабақша мен бастауыш мектептердегі тәрбие сабақтастығының тиімділігін дәлелдейді.

Үшінші саты – бастауыш мектеп, балабақшада берілетін тәрбие мазмұнының жалғасы және жоғары сатыларда берілетін білімнің негізі, алғашқы бастауы.

Үздіксіз білім берудің негізгі сипаты білім беру жүйесінің біртұтастығымен айқындалып, білім беру сатыларының арасындағы тығыз байланыстың болуы сабақтастықты білдіреді. Ал, бұл болса үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие беру сабақтастығын білім беру процесінің барлық сатыларында жүзеге асыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының 2004–2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында еліміздегі толассыз белең алған экологиялық ахуалды жақсартудың жаңаша мүмкіндіктері айқындалып, экологиялық білім мен тәрбиеберу мәселесіне ерекше мән беріледі. 2006 жылы қабылданған «Экологиялық кодексте» экологиялық саясатты дәйектілікпен жүзеге асырудың механизмі реттеліп, оның жоғары деңгейде шешілуі қажеттігі басты назарда болды.

1950 жылы қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық одағының жанынан табиғат қорғау жөнінде білім берудің тұрақты комиссиясы құрылып, табиғатты қорғау, сақтау, оған жауапкершілікпен қарауға жұмылдыру мәселесіне Біріккен Ұлттар Ұйымы назар аудара бастады. 1960 жылдың аяғында педагогикада экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негізін қалыптастыру бағытында «табиғат қорғауға оқыту» термині кең қолданылды. 1970 жылдың ортасында бұл терминді «табиғат қорғауға тәрбиелеу» термині ауыстырып, соңғы жылдары уақыт талабына сай «экологиялық тәрбие», «экологиялық білім» терминдері пайдаланылуда.

Экология – биология ғылымының негізінде ХІХ ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы болып саналады.

Осы тұрғыдан алғанда жалпыға бірдей экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсат-міндеттерін, республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларында жүзеге асыруды, жастардың көзқарасын, табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыруды, мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықты экологиялық білім мазмұнымен жаппай қамтып, оны сабақтастықта жүргізуді талап етеді.

ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ХХғасырдың соңғы 20 жылының «Экологиялық білім беру жылы» деп жариялануы үздіксіз экологиялық білім берудің барлық өркениетті елдерде ең басты әрі көкейкесті проблема болып отырғандығын тағы да дәлелдеп берді.

Экология мәселесі жөніндегі қабылданған мемлекеттік құжаттарда болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері көрсетіліп, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шаралар белгіленген. Мәселен:

- мектепке дейінгі мекемелер мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарында экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту;

- басшы қызметкерлермен мамандардың кәсіби экологиялық даярлығы және қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негізінен білімі болуы;

- қоршаған ортаны қорғау саласынан ғылыми зерттеулердің, конструкторлық және практикалық тұрғыда тәжірибеге енгізу жұмыстарының мемлекет тарапынан қолдау табу мәселелері атап көрсетілген.

Қоршаған ортаны қорғау туралы пікірлерді біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Теофраст еңбектерінен көреміз. Олар өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің біріншіден морфологиялық, екіншіден физиологиялық бейімделушіліктің қоршаған ортаға тәуелділігін экологиялық тұрғыдан қарастырды.

Шығыстың екінші ұстазы, әл-Фарабидің пайымдауынша табиғаттың баға жетпес байлығы біріншіден адамды оқу-білім, тәлім-тәрбие, ізгілік сияқты қасиеттерге баулу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу керек; екіншіден табиғатты аялау, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, үшіншідентабиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады.

Ұлы Абай да өзінің қарасөздерінде табиғат туралы философиялық ой-пікірлер мен табиғат заңдылықтарын терең пайымдап, табиғаттың бар байлығын адам баласының аузына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келе, «Кім өзіне махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз», – деп өскелең ұрпақты табиғат-ананы сүйе білуге үндегені белгілі.

Демек, философтардың, педагогтардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдардан олардың экологиялық тәрбие беруді экологиялық сана,экологиялық таным, экологиялық қарым-қатынас; экологиялық іс-әрекет; экологиялық сезім; экологиялық қызығушылық; экологиялық көзқарас ұғымдарымен бірлікте қарастырғанын байқаймыз. Егер, табиғатты қорғау – әлеуметтік табиғи түзілім десек, оның құрылымын құрайтын экологиялық ұғымдарға зерттеуіміздің мазмұнына сай, біз төмендегідей мазмұндық сипаттама беруді жөн көрдік:

Экологиялық сана - экология саласындағы мәселелерді шешу, ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді, экологиялық сана экологиялық білім, табиғатты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын бұзғандармен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы немесе әрекеті, сол себепті экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.

Экологиялық таным - ақылы, сезімі ретінде баланың ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылысы. Бала айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғатты танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, табиғаттың даму заңдылықтарын білуге әрекет жасайды, өзінің құрдастарымен қарым-қатынасын белгілейді. Демек, экологиялық танымбаланың қоршаған орта жөніндегі жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы болып есептеледі.

Экологиялық қарым-қатынас – баланың табиғатты танып білуге, оны қамқорлығына алуға, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, қызметтің маңызды бөлігі. Экологиялық қарым-қатынас «адам мен табиғат», «табиғат–қоғам» жүйесінің тиімді жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз арасында пайда болады.

Экологиялық іс-әрекет– адамның табиғи ортаны танып білуімен, меңгеруімен, өзгертуімен және сақтауымен сипатталады. Мәселен, техника саласындағы-өндірісті экологияландыру, ғылымдағы-экологиялық проблеманың төңірегіне интелллектуалдық күштерді жинақтау, құқық саласындағы - табиғатты қорғау жөніндегі заңдарды дайындау сияқтыпедагогикада - экологиялық ойлау стилі мен табиғаттағы пайдалы іс-әрекет дағдыларын меңгерту.

Экологиялық сезім – табиғаттағы әсемдікті қабылдап, бағалау кезіндегі рухани ләззат алушылықтың ең жоғары көрінісі. Табиғаттың сұлулығына сүйсіне білу, адамды көріксіз нәрседен жирендіріп, жақсылыққа ұмтылуға бастайды.

Экологиялық қызығушылық – адамның қоршаған ортаға, табиғатқа деген ерекше көңілі. Қызығушылық табиғаттағы белгісіз жағдайларға қызығу, оның заңдылықтарын, құпия сырларын, табиғат құбылыстарының бір-бірімен қатынасы мен өзара байланысының себебін біліп, оны әрі қарай зерттеуге ұмтылудан тұрады.

Экологиялық көзқарас – тұлғаның ішкі сұраныстарынан туындап, объективті дүние мен ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және оған қатынасына байланысты қалыптасатын дүниетанымы мен көзқарастар жүйесі.

Адамзаттың табиғатпен саналы қатынас жасауы, оған құрметпен қарап құндылығын бағалауы ежелден қалыптасқан түсінік. Сол себепті оны тарихи -философиялық ғылымдардағы ой-пікірлермен тығыз байланыста қарастырған жөн. Аристотель «Заттың бастамасы тек материя түріндегі бастама... табиғаттан тыс еш нәрсе жаратылмайды және еш нәрсе өлмейді, олар мәңгілік сақталып қалады»,- деп табиғат құндылығын сақтауды мұрат етсе, Гераклит: «... табиғаттың өзі көп сырын аша бермейді, адамдардың көпшілігі әбден тойынған, сол себепті олар табиғат сырын түсінуге талпынбайды»,- десе, ал неміс философы Л.Фейербах болса: «...адам табиғаттың ең жоғарғы нәтижесі, сондықтан оны табиғаттан бөліп қарастыруға болмайды»,- деп ой түйіндейді. Философтардың зерделі ой-тұжырымдарынан мынадай қорытынды шығаруға болады: біріншіден, табиғат заңдарын өшпенділікпен бұзу жағдайында, адам тарапынан көрсетілген зорлықта табиғат өзінің қасиетін жоғалтып, өсіп-өну қабілетінен айрылады; екіншіден, табиғаттың даму заңдарын білмейінше, табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге көп күш-жігер жұмсалады, үшіншіден, табиғатты тек білімді адамдар ғана түсінеді, адамдардың табиғат туралы білімі, тәрбиесі болғанда ғана, олардың қоршаған ортаға деген аялы көзқарасы қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет