Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Музыкант–орындаушының техникалық жұмысының мәні неде?
2. Байқап көру әдісінің тиімділігі неде?
3. Іскерліктің дағдыға айналу шегін қалай көрсетер едіңіз?
2.2 Көңіл бөлу және бақылау мәселесі
Барлық психикалық үрдістерді дұрыс қалыптастыру үшін, олардың дұрыс өтуін қамтамасыз ету үшін сана әрекетіне көңіл бөлу және оны бақылау жүйесін қалыптастыру тиімді, ал бұған қол жеткізу оңай емес. Ол үнемі сыртқы және ішкі алаңдауға ұрынады және кедергіге ұшырайды. Тек тұрақты көңіл бөлудің арқасында сананың белсенділігіне қол жеткізуге болады, бұл бақылауды да қамтамасыз етеді. Өз кезегінде көңіл бөлуге тұрмайтын әрі кедергі келтіретін көлденең емес, қажетті нүктеге көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Психикалық қызметтің екі жағын жаттықтыру қажет, олар: жеке тұлғаның көңіл бөлуі және ерік-жігер ерекшеліктері. Б. М. Теплов өзінің «Музыкалық қабілеттерінің психологиясы» («Психология музыкальных способностей») деген еңбегінде аталған құбылыстарды былайша сипаттайды: «Көңіл бөлу – кез келген кедергіден өз назарын басқа жаққа аудара білу, шығармашылық үрдіске орала білу, интеллектуалдық және эмоционалдық әрекетті нысанаға бағыттай білу... тұлғаның ерік-жігер ерекшелігі және ішкі және сыртқы жағымсыз факторларды анықтап, соларды жеңе білу іскерлігі».
Көңіл бөлу мәселесіне қатысты ХVIII ғ. француз философы Ж. Ламетридің (1709-1751) пікірін шығармашылық тұрғыдан жалғастырушы П. Я. Гальпериннің еңбегі де өте қызғылықты. Олардың пікірінше көңіл бөлу алдымен бақылау болып табылады. Бұл оны басқа әрекетті әрлендіретін ерекшелік ретінде емес, өз алдына жеке, әрі, бастысы, белсенді психикалық үрдіс – көздеген нәтижеге жету жолындағы мақсатты әрекет деп қарайды.
Көңіл бөлудің түрлі параметрлері (тұрақтылық, басқа бағытқа ауысу, таңдау жасау, біркелкі бөлу) жүйке жүйесінің жекелеген ерекшеліктерімен де, еңбек тәжірибесімен де, жаттығумен де тығыз байланысты. Жүйке жүйесі мықты әрі жүйке жасушалары берік адамдар ұзақ және интенсивті көңіл бөлуге қабілетті; жүйке үрдісі құбылмалы адамдар өз назарларын бір нәрседен екінші бір нәрсеге оңай аудара алады. Жүйке жүйесі мықты адамдарға бөгет жасаған сайын олардың негізгі нысанаға деген көңілі арта түседі, ал жүйкесі әлсіз адамдар үшін мұндай кедергілер көңілін алаңдатып, орындалатын жұмыстың көрсеткішін төмендетеді.
Мұнда интроверcия (ішкі көңіл бөлу, өзінің ішкі түйсігіне сүйену) және экстраверcия (сыртқы көңіл бөлу, сыртқы әлемнің әсеріне назар аудару) сияқты типологиялық ерекшеліктер де маңызды. Интроверттер бір нысанадан екінші нысаға әзер ауысады, есесіне орындалып жатқан әрекеттің ұсақ бөлшектеріне дейін назардан тыс қалдырмайды, тәжірибесі болған жағдайда ішіндегі маңыздыларын теріп ала алады. Экстраверттер өз назарын оңай ауыстырады, назар бағытын өзгерту, сыртқы жағдайға төтеп беру олардың еркінен тыс жүріп жатады.
К. С. Станиславскийдің пікірінше, «шығармашылық біздің рухани және физиологиялық табиғатымыздың толыққанды үйлесімі» болып табылады. «Бір нәрсеге көңіл бөлу - табыстың кілті... Естеріңізде болсын, сабақ үстінде сандық және сапалық көрсеткіштер өзара тепе-тең болса ғана маңызды. Бір нәрсеге көңіл бөлу, тырысу қанша жұмыс істеу керек деген сұрақ туғызбайды», - деген болатын И. Гофман.
Көңіл бөлмеуді туындататын себептер көп. Олардың бастылары мыналар:
- көңіл бөлудегі табандылықтың болмауы психиканың қасиетін көрсетеді немесе сыртқы әсерге төтеп бере алмау қабілетінің жоқтығы;
- музыкалық фактураның бір элементінен екіншісіне ауысуда жылдамдықтың жеткіліксіздігі, әсіресе тараулар мен бөлімдер арасындағы күрделі ырғақты игеруде мәнер құралының болмауы;
- музыкалық шығармаға тән полифония мен көпдеңгейлі дыбыстарды қабылдауда назар аударудың біртектілігін сақтаудағы қиыншылықтар, дирижер әрекетінде жіберілетін қателіктерді жою кезінде аяқ асты туындайтын белгісіз қиыншылықтарды жеңу;
- музыкантта шығарманы орындау кезінде эмоцияның қажетті мөлшерден тыс болуы оның шикілігін танытады, шамадан тыс экспрессия техникасына бейімдігі байқалып қалады. Сөйтіп, өзін өзі бақылау дамымайды да, кәсіби шеберліктің қалыптасуына кері әсерін тигізеді;
Психологтар әдеттегі көңіл бөлудің екі түрін атап көрсетеді: бағытталған және шашыраңқы. Біріншісі – мақсатты бағытталған көңіл бөлу, ол белгілі бір шектелген аймақтың нақты элементтеріне дейін дәлдікпен көңіл бөлуді талап етеді, және басқа да көлденең факторларды белсенді түрде тоқтатып, тіпті жауып тастайды.
Екінші түрі көптеген нысаналарды назардан тыс қалдырмауға құрылған, көптеген құбылыстардың өзара әрекеті мен тұтастығын бақылайды. Дирижерда осы екі қабілеттің екеуі де болуы шарт, ол бағытталған көңіл бөлуді пайдалана отырып өз назарын барлық нысанаға біркелкі бөлшектей алуы керек, олай болмаған жағдайда оркестр ұжымымен жұмыс жасай алмайды.
Г. Берлиоздың пікірінше, дирижер «барлығын көріп, барлығын естіп тұруы шарт» (бұл кез-келген басшы үшін таптырмайтын аса қажет қабілет). Сөйте тұра дирижер қажет кезінде ең басты нысанаға ден қойып, дәл сол сәттегі әрекеттің шығармашылық табысқа жеткізетін нүктесін таба білу қажет. Біртіндеп, дирижер тәжірибесімен қателіктерді анықтап, оларды дер кезінде жою ғана емес, ең маңыздысы оларды алдын ала түйсіну, сөйтіп қателіктердің алдын алу қабілеті қалыптасады. Бұл кез келген саладағы педагог-музыканттар қызметі үшін де аса маңызды фактор.
Психологтардың пікірінше, аталған жүйе (көңіл бөлу мен бақылау) біртіндеп қалыптасады. Алдымен, санадағы қимыл сынның болуымен бірге негізгі әрекетті түйсіну бақыланады, ол негізгі бейнемен (модельмен) тұтастық құрайды. Одан әрі бақылау әрекет сәтіне жақындайды да, онымен бірігіп (автоматты түрде), соңында одан озық шығады. Дәл осы кезде сана әрекеттің қайта өңделген мәселелерінен босап, шығарманы еркін және көркем орындау басталады. Өзін-өзі бақылау автоматты түрде іске қосылатын болады, барлық назар музыканың көркемдігін жетілдіруге бағытталады.
Бағытталған көңіл бөлуді қалыптастыру үшін алдымен назар аударылатын нақты нысана анықталып алуы қажет. Сондықтан педагог көңіл бөлуге жай ғана шақырмай, үнемі шығарманың нақты бір элементтеріне немесе оған тұтастай көңіл бөлуге шақырып отыруы шарт. Ол үшін К. С. Станиславскийдің: «Мен ананы да, мынаны да жасағым келеді», «Мен ананы да, мынаны да жасап отырмын» деген формуласын қолданған тиімді.
Жаттығу кезінде педагог мына шарттарды орындайды:
- шығарманы табысты орындауға қарай кейде тар шеңбердегі, кейде кең көлемдегі міндеттерді араластырып отыруы керек;
- міндеттерді ауызша тілмен айтуда тәлімгерлердің барлығына бірдей түсінікті тілді қолдануы шарт, сөздері қысқа, бейнелі, қажетті деңгейде гипербола, эмоция және әртістік әрекет араластыруы керек;
- тапсырмалар техникалық тұрғыдан жеңіл орындауы шарт;
- тапсырмаларды орындау үрдісінде бағытталған көңіл бөлуге қосымша ескерту жасап, нақтылау қажет емес, мұның бәрі тапсырманы орындап болған соң айтылады.
Көңіл бөлуді біркелкі тасымалдауға дағыдылану да жоғарыда аталған талаптарды қажет етеді, бірақ оның мазмұны басқа:
- музыкалық сызықтардың горизонталь дамуын қадағалау және олардың вертикаль үйлесіміне қол жеткізу;
- көңіл бөлуде горизанталь бағытты назарда ұстай отырып, біртіндеп келесі әрекетті түйсіну нәтижесінде шығарманың біртұтастығына қол жеткізу;
- көңіл бөлудің вертикаль бағыты фактураны, дыбысты, қол әрекетінің біркелкілігін, әріптестердің өзара түсіністігін бақылайды;
- ағымдағы және келесі көңіл бөлу – орындаудың өзін бақылайды;
- өткенге көңіл бөлу орындалған шығармаға баға беру және қабылдауға құрылады;
- соңғы екеуінің үйлесімді бірлігі тізбектелген әрекеттерді біркелкі орындауда сананың сапалық деңгейін қалыптастырады.
Көңіл бөлу мен бақылаудың барлық түрлеріне дағдылану үшін жайлы орта қалыптастырудан басқа жасанды кедергілерді (қосымша шу, қолайсыздық, белсенді алаңдату, аспаптың басқа сапасы, басқа шығармашылық серіктестер) де қамтиды. Оларға қарсылық көрсету кезінде адамның ми қабаты оянып, көңілі бір бағытта ғана жұмыс жасайды, нәтижесінде орындау әрекеттері автоматты дағдыға айналады.
Сананы бақылау жүйесінің басты алғышарттарының бірі уақыт болып табылады. Сондықтан кез келген оқу-жаттығу сабақтарында темп аса маңызды, осының арқасында сана әрбір әрекеттің дер кезінде өз уақытымен, өз кезегімен орындалуын қадағалай алады, ол біртіндеп тәжірибе жинақтай отырып, бақылау функциясын түйсікке аударады. Мұндай жағдайда әрекеттеді жылдамдатуды да ескеру қажет – бұл әдеттегі әрекеттерді орындаудың жаңа темпі ғана емес, сондай-ақ сапалы жаңа әрекеттер, олар жаңа жағдайларға қарай өзгеріп отырады (темпті баяулату да). Мұнымен бірге назардың ептілігі (көбінесе туа біткен), жалпыдан жалқыға және жалқыдан жалпыға ауыса білу қабілеті де маңызды.
Сананы бақылаудың тағы бір маңызды шарты психиканың жайбарақаттылығы, бұл жайбарақаттық әрекетке дейін, және орындау кезінде де сақталуы тиіс. Бұл жердегі жайбарақаттылық дегеніміз инерттілік, тоқтап қалу емес, біркелкі жұмыс тонусы. Орындау мәнерін шектен тыс асырмау керек, «эмоцияның шашырауынан» сақтау керек, ол көбінесе техникалық кемшіліктерді жасыруға тырысады.
Шығармамен жұмыс істеу кезінде сананы бақылау функциясы орындаушылық шеберлікті қалыптастыру кезінде де айтарлықтай өзгереді. Орындаудағы еркіндік (өз еркімен орындау) қажетті әрі мақсатты жаттығудан кейін жылдар өткен соң тиімділігі арта түседі, ол табысқа қол жеткізуге деген сенімсіздік, ашуланшақтық сияқты психикалық құбылыстарды жеңуге мүмкіндік береді.
Қажетті сенімділікті дамыту нәтижесінде сана орындаудың техникалық жағын бақылаудан босайды. Бұл шығармашылық еркіндік үшін аса маңызды кезең. Мұндай жағдайда сананың қадағалауын талап еткен көптеген ұсақ әрекеттер тізбегі бір ғана күрделі әрекетке айналады, әрі ол ерік-жігерге бағынып санасыз орындалатын болады.
Тәлімгер үшін шығармашықтағы еркіндік пен өз назарын ұсақтан ірі, күрделі мәселелерге дер кезінде аудара білу қабілеті аса маңызды. Сана бастапқыда жекелеген ұсақ элементтерге бақылау жасаса (шығарманы талдау және жаттау кезінде), еркін шығармашылық орындау кезінде ол кедергі келтіруі мүмкін. Күрделі әрекеттің жекелеген элементтеріне көңіл бөлу, оларды тұтас мәтіннен бөліп алу, санада қиыншылықтар, негізсіз қауіптену туғызып, орындау кезіндегі сенім мен біркелкілікті жояды. Сананың қадағалауынан біржола қол үзуге болмайды, оның уақытында араласуы қажетті нәтиже беруі мүмкін, мысалы сахнадағы іскер суфлердің әрекетін (айтып жіберу, актерды ұмытып қалу қауіпінен босату) қабылдауды атауға болады.
Сананың шамадан тыс қадағалауы күрделі әрекеттерді орындау кезінде қате әрекет туғызуы мүмкін. Психиканы өзгерту кезінде ол шаршатады, көңіл бөлуді әлсіретеді. Шектен тыс бақылауға икемділік жеке тұлғаның әдеттегі ерекшелігі немесе белгілі бір «экстремалды» жағдайға (емтихан, концерт кезінде жақсы нәтижеге қол жеткізуге ұмтылыс) байланысты туындаған уақытша құбылыс болуы мүмкін. Сәйкесінше, осындай құбылыстардың алдын алу үшін көңіл бөлуді бір бағытта ұштау дағдысын қалыптастыру қажет, кедергіге төтеп беруге жаттығу қажет. Жаттығу амалдары әр түрлі болуы мүмкін, оларды бір принцип біріктіреді: «Үйрену қиын – күресу оңай». Бұл жерде мәселе үнемі кедергілермен ғана күресу емес, қажетті жағдайға қарай икемделу болып табылады.
Әсіресе әрекет қателігі сананың аяқ асты бақылауына ұшырайды да, орындаудың біртұтастығын бұзады, нақты ережеге құралған автоматтанған дағдыларға кедергі келтіреді. Бірақ тәлімгерлердің барлығы бірдей шығарманы орындау кезінде «аса күрделі фрагментті» дер кезінде анықтау қабілетіне ие бола қоюы екіталай. Мұндай фрагменттердің орны орындаушыға мәлім болуы керек (әйтпесе ол аяқ асты туындайтын «қауіптен» де жаман), осыған байланысты шығармамен жұмыс істеу кезінде арнайы жаттығулар жасалуы мүмкін, ол сананың артық қадағалауынан босатады. Кейде «елестерді алмастыру» тәсіліне дағдыланған тиімді, ол аяқ асты кездесетін кедергілерге төтеп бере алады да, көңілдің басқа алаңдауына жол бермейді.
Бірақ «алмастыратын» емес, «жәрдемдесетін» әрекеттер қажет, ол мәселені шешуге қажетті ойлау үрдісін жетілдіруге көмектеседі. Бұған мысал көп, ең бастысы, сананың шектен тыс қадағалауынан босау үшін алдын ала дайындалған әрекеттер нағыз қиыншылықтарды жеңуге кедергі келтірмеуі шарт, ол ең маңызды, басты мәселеден ауытқып кетуге әкеп соғады.
Барлығын бірдей қамту жолдарын таңдау әркімнің өзіне байланысты, оларды еркін қолдану арнайы жаттығуды талап етеді. Психологиялық тұрғыдан алғанда қалыптасып келе жатқан музыкант көркемдікке, музыкалық әуенге басты назар аудару керек. К.С. Станиславский айтқандай, «өнердегі өзіңді емес, өзіңдегі өнерді сүйе білу қажет».
Орындаушылық еркіндікке қол жеткізу үшін оқиғаны жылдамдатып, асықпаған жөн. Бұл мәселеге қатысты Г. М. Цыпинаның кітабында Л. Н. Власенконың төмендегідей пікірі берілген: «Егер бір нәрсе ойлағандай болмай жатса, онда өз өзіңді зорлап күштеме. Кездескен қиыншылықтарды қайтсем де жеңемін деп бір орында ұзақ әрі қиналып отырудың қажеті жоқ. Абзалы сол қиындықты уақытша қоя тұрып, басқа іспен шұғылданған жөн. Уақыттың өзі-ақ жұмыстың аса маңызды бөлігі болып есептелетін құпия сырды ашып береді». Педагог осындай жағдайларды ескеріп, «жұмыстың құпия және аса маңызды» бөлігін уақыт еншісіне қалдыруы керек. Мұндай жағдайда жіберілген қателіктер табиғи жолмен түзетіліп, тәлімгерлерді аяқ асты болатын жағдайларға төтеп беруге дағдыландырады.
Өте нәзік психикалық үрдіс сананың бақылауынан тыс жүріп жатады, оның бастысы қажет мерзімнен бұрын жанталасу. Ескеретін бір жай, кез келген әрекет үрдісінде сананың екі түрлі қызметі қатар жүріп жатады, оның бірі – ағымдағы тапсырмаға тікелей қатысты әрекеттерді орындау, және келесі мәселелерді шешуге қажетті әрекеттердің иннервациясы (дайындау, түйсіну).
Мұндай жағдайда психология аталған үрдістердің бір біріне тәуелсіз болуын талап етеді. Сөйтсе ғана қимыл импульсінің орын тәртібі ескеріліп, әрекеттердің үйлесімді тізбегі орындалады. Қолайсыздық орындаушы бойынан сенімсіздік байқалса ғана туындайды, педагог орындау сапасынан шектен тыс көңіл бөлсе, орындау кезінде артық тырысушылық әрекеттерді біртегсі орындауға кедергі келтіреді.
Түрлі иннервациялар (қажетті және шамадан тыс) өзара күреске түседі (3. Фрейд зерттеген көптеген қателіктер туғызатын санадағы қайшылықтар). Уақытынан бұрын ерікке көнудің мысалы ретінде спортшылар арасында болатын жалған стратты айтуға болады, олар страт тапаншасының белгісінен бұрын орындарынан қозғалып қояды.
Уақытынан бұрын тырысу сананың шамадан тыс бақылауының нәтижесінде пайда болады, тәлімгер алдағы қиыншылықтарды уақытында санасымен қамтуға тырысады да, иннервациясын алдын ала іске қосады, сөйтіп, мерзімінен бұрын қимылдап қателікке ұрынады. Бұл көбінесе қимылдың тоқталуына әкеп соғады. Тәжірибесі аз тәлімгер тоқтап қалған соң, бәрін басынан бастайды да, кедергілерді бір екпінмен жеңуге тырысады, сөйтіп, әр бастаған сайын ойы бөлініп, өзінің «қауіпті тұсына» жете алмайды.
Мұндай жағдай тәлімгердің өзінің ойша елестетуіндегі қателік екенін түсінбегенге дейін жалғаса береді. Тәлімгерлер мерзімінен бұрын асығыс қимылдауын түсінген кезде әрекет тізбегінің орны сақталады, қиыншылықтар «өздігінен» жоғалып кетеді, мақсатты әрекет жақындағы нысананы аттап кетпей, иннервациялар күресі туындамайды.
Иннервация күресін екі қолмен жұмыс жасағанда да бақылауға болады. Қате әрекет оң және сол қолдың үйлесімді әрекеті кезінде де болуы мүмкін, дирижерлық жасау - әр қолдың өздігімен жұмыс жасауы ғана емес, екі қолдың күрделі, жүйелі жұмысы болып табылады. Сана тарапынан қатты қадағалау әрекеттің үйлесімін бұзуы мүмкін, нәтижесінде иннервация күресі туындайды.
Бұдан шығатын қорытынды: ерік импульсын сезініп, екі қолға бірдей бағыттау маңызды, екі қолдың біртұтас, күрделі, жүйелі әрекетіне бағытталуы қажет. Мұндай жағдайда сана бақылауы бір қолдың қателігін түзетуге бағытталмайды, олардың біріккен әрекетін түзетуге бағытталады. Жоғарыда көрсетілгендей, әрекет тізбегінің бұзылу себебі сана бағытталған нүкте емес, техникалық жаттығулармен жоюға болмайтын қателіктер болуы мүмкін. Тәлімгер күрделі фрагменттерді меңгеру үшін қанша күш пен уақыт жұмсағанымен, асығыс әрекет қателікке ұрындыруы мүмкін. Тек психологиялық жайлылық, кез келген қиындықты жеңуге деген сенімділік қауіптің алдын алуы мүмкін.
Олақ оқыту әрекеті нәтижесінде туындайтын қолайсыздықтарға мыналарды жатқызуға болады: белгілі бір фрагментті бірнеше рет қайталай беру өзін өзі қадағалау сапасын төмендетеді, қателікті бір екпінмен түзетуге ұмтылыс жылдамдықты еріктен тыс арттыруға итермелейді, ол өз кезегінде мәселені одан әрі қиындатып жібереді. Қиындықтарды жеңу және жиі қателік жібермеу үшін жай ғана механикалық жұмыстың көлемін арттырып қана қоймай, тәлімгер санасында дамыған иннервация мен дұрыс әрекет қалыптастыру керек. Дұрыс дамыған жас музыкант үшін «дене икемі» анықтамасы тез әрі оңай қалыптасады да, ол әрекет ету тәжірибесіне ұласады.
Тәлімгер санасы «қол даналығына» сенген жағдайда, ол көркемдік жағынан аса маңызды мәселелерге көңіл бөлетін болады. Иннервация күрделі-жүйелі әрекеттерді түйсіну сияқты мүмкіндігінше ерте қалыптасуы керек, ол ойдағы музыкалық шығарманы сол қалпында нақышына келтіріп орындауға мүмкіндік береді.
Асығыс иннервация, асығыс қимыл динамикалық және эгоистік тұрғыдан орындалады. Көбінесе мұндай қателіктер әрекет жиынтығының асығыс әрі тығыз орындалуы нәтижесінде көп байқалады, ол бастапқы орындауда белсенділік танытып, соңына қарай екпінді орынсыз баяулату нәтижесінде шығады. Мұндай келеңсіздікті болдырмау үшін тәлімгер әрекеттер аражігін дәл анықтай алуы шарт, шығарманың басы мен шарықтау шегінің, соңының аражігін нақты тани білуі қажет. Мұның бәрі әдістемеде бірнеше рет айтылады, бірақ оқушының фрагментті барынша «мәнерлі» орындауға деген табиғи тілегі (мұғалімнің көмегімен анықталады) оны қателікке ұрындыруы мүмкін. Нәтижесінде сананың уақытша қатаң бақылауы емес (тырысушылық), немесе мәнерліліктің аяқ асты келуі емес (эмоциялық сезімге толу), музыкалық шығарманы басынан аяғына дейін мәнерлі орындау, әрбір нотаға ерекше ден қою табысқа жеткізеді.
Орындау жылдамдығын шамадан тыс асыру да қателікке әкеп соғады. Кейде бұл ашуланшақтықтан, психиканың шамадан тыс қозғалуынан байқалады.
Біріншіден, тәлемгер сезімтал болған сайын, ол асығыс әрекетке бейім келеді. Мұндай тұлғаларға (аса құнды орындаушылар) дыбыстық бейненің уақытқа тәуелді екенін асқан төзіммен ұқтыру қажет және оларды тап қазір-ақ жақсы нәтижеге қол жеткіземін деген асығыс тілектен бас тартуға үйрету қажет.
Екіншіден, бұл туғаннан шапшаң қимылдау қабілетіне де байланысты болады. Мұндай ең күрделісі – сана мен ақылдың өзара әрекеттесуінің шегін танып білу болып табылады.
Үшіншіден, көбінесе қателіктің шығу көзін тап басып табу қиын, оның себебі білім мен іскерліктің жетімсіздігі, сапасыз жаттығу болуы мүмкін. Сананы бақылау мүмкін болғанда қиындықтарға қарамастан «санасыздықты бақылау» анықтамасы қосымша зерттеуді талап етеді.
Техникалық орындау сананың бақылауынан тыс жүзеге асады. Көркемдік талғам мен музыкалық бейне туралы айқын көрініс өз бетінше әрі ерікті түрде барлық психикалық қызметтермен қамтамасыз етеді де, келесі қажетті әрекетті алдын ала түйсінуге дайындалады. Дирижер үшін психологиялық елестетулер аса маңызды, мұндай көрсеткіштер ішкі музыкаға деген икеммен байланысты, қолында оркестр әуенінің барлық элементтерін орындап беретін музыкалық аспап болмағандай әсер береді.
Бұл жайында Е. Ф. Светланова: «Партиялық мәселелерді техникалық тұрғыдан «шешу» үшін мен онымен алдын ала танысып аламын. Мұны «үстел басындағы» теориялық білім алу кезеңінде жүзеге асырамын. Мұнда дирижердың негізгі әрекеттерінің көмегімен, белгілі бір мақсатты және өзіме қолайлы ишараттарды игеремін. Осыдан кейін оркестрге шыққан кезде менің әрекеттерім алдын ала табылған және әбден ой елегінен өткізілген түрде табиғи нәтиже көрсетеді».
Дирижер әрекеті жоғарыда аталып өткен «алмастырушы елестер» болып табылады. Басқаларға деген қамқорлық, оркестр мүшелеріне алаңдаушылық дирижердың санасынан жағымсыз әсерлерден қорғайды, өзін ғана ойлаудан алшақтатады. Бірақ ереже сол бұрынғы – «Нағыз музыкант үшін қарапайым орын болмайды», болмаса «қарапайым» фрагментке шамадан тыс көңіл бөлу алдағы қиыншылықтарға төтеп беру қабілетінен айырады.
Шынайы педагогикалық тәжірибеден белгілі болғандай, «қамқоршы мұғалім» өз тәрбиеленушісін сахнаға шығарар кезде барлық қауіп-қатерлерді, «су астында кездесетін тастарды» асығыс айта бастайды. Бірақ тап осындай «қамқорлық» педагогтың басты қателігі болып саналады, олар тілімгердің жоғарыда аталған кемшіліктерін қозғауы мүмкін.
Мұндайда тек музыкалық атмосфера туғызатын көркемдік ескертулер болуы қажет, ол орындаушылардың жеке бас уаымдарын ұмытып, басты міндеті – мазмұнды, мәнерлі және нақты орындауға бағытталуы керек. Кезінде мәскеу консерваториясының есігінің жоғарғы жағында «Музыкант сахнаға шығақанда өзі үшін емес, сазгер үшін алаңдайды» деген ұран ілініп тұрған болатын.
Қате әрекеттің бірі қалыс қалған әрекет тәлімгерлер арасында сирек кездеседі.
Мұны оңай жоюға болады. қорқыныш нәтижесінде туындайтын психиканы кідірту бұған қарағанда қиынырақ. Әсіресе мұндай психологиялық жағдайлар қажетті іскерлік пен қабілеттің болмауынан байланысты болмай, соларды жүзеге асыруда күрделі кедергі келтіруі мүмкін. Әлі қалыптаспаған жас орындаушылар бойынан көбінесе түйсік әлсіздігі байқалады да, ол сахнаға шыққан кезде тіптен жоғалып кетеді. Музыкалық шығарманы орындайтын ортаны тиісті дәрежеде ұйымдастыру, комиссия мүшелерінің, көрермендер мен курстардың көңіл-күйі де көп мәселені шешеді.
Шығарманы орындау кезінде тереңдікке қанша шақырғанымымен оның нәтижесі оңтайлы болуы үшін, оқытушы міндетінің бірі аталған ортаны ұйымдастыру болып табылады. Әсіресе бұл қажетті тәжірибесі жоқ төменгі курс тәлемгерлері үшін аса маңызды.
Студент бойында белгілі бір «әскери» қасиеттерді тәрбиелейтін оқытушы әрекеті де аса маңызды. Сондықтан баршаға белгілі «оқыта отырып тәрбиелеу» ережесі көбінесе еңбексүйгіштік, ұқыптылық, шыншылдық сияқты «адамгершілік заңнамасындағы» қарапайым ұғымдарды білдіреді, осы түсінікті жас музыканттың психикалық аппаратын қиыншылықтарды жеңуге, табысқа жетуге тырысуға, қол жеткізген жетістігін соңына дейін жеткізуге, келеңсіз жағдайларға төтеп беруге бағыттауы тиіс.
Аталған үрдістің маңызды бөлігі қате әрекеттердің басты себептерін анықтау, сөйтіп, аяқ асты болатын қателіктердің алдын алады, белгісіз қателіктердің туындау мүмкіндігінен қорқу және соған тәуелді болудан аластады.
Мінез-құлқы белгілі бір типтегі тәлімгерлер өзіне өзі қатаң баға беруге икемді, ол орындаушыны күйзеліске, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне әкеп соғады. Көркемдік бейнеге тұтастай еліктеу, сюжеттің драмалық тұстары табысқа жеткізуі мүмкін.
Өзін-өзі сынай білу, қадағалай білу, тіпті өзін-өзі жазалай білу қабілеті музыканттың «Мен - концепциядамын» деген тұлғалық қалыптасуына тығыз байланысты. Т. Шибутани көрсеткендей «адам өзіне қабылдау нысанасы ретінде қарамайынша және қалай әрекет ететінін нақты білмейінше, ол өзінің әрекеттерін түсіне алмайды». Бұдан шығатын қорытынды: өзін өзі тыңдау дағдысын қалыптастырып қана қоймай, психологиялық өзгеріс нәтижесінде өз-өзіне тұрақты түрде баға беру қажеттілігін дамыту қажет. Бұл психологиялық тұрғыдан жетілгендікті білдіреді. Өз көзқарасын айту кезінде педагог мына нәрсені естен шығармауы тиіс: тәлімгерлер олардың тәртібі, табыстары және т.б. қажетті нормаға немесе өздері сыйлайтын адамдардың талабына сәйкес келмейтінін сезген кезде олар өз кінәларын түсініп, Фрейд айтқандай, өз-өздерін жазалайтын болады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Орындаушылық дағдысын қалыптастыруда ойлау үрдісінің рөлі мен мазмұны қандай?
2. Орындаушының көпшілік алдындағы қорқынышының себебі неде?
3. Музыканттардың орындаушылық әрекетіндегі сыртқы әсердің оңтайлы және кері факторларына мысал келтіріңіздер.
4. Орындау әрекетін жүзеге асыруда сананың бақылауы кері әсер ететіндігіне мысал келтіріңіздер.
5. Көпшілік алдына шыққан кезде «алмастырылатын елестердің» оңтайлы әсеріне мысал келтіріңіздер.
-
Санасыздық процесстердің жағымсыз көріністердің қоррекциялардың әдістері
Сана әрекетінің бұзылуы жайлы айтатын болсақ, уақыт алдында және кеш жігерлі, иннервацияның күшінің көбі белгіленуі психологиялық тұрақталуымен әрекеттер көбінің қателесуі. Күтпеген қателіктер туындаған кезде, сананалылық процессінің ұқсастығы мәлім. Мұнда екі күш жүреді, көбінесе ұқсас емес ойлар, қиындығы оның не біріншісі, не екіншісін білікті түрде қате деп санау мүмкін емес. Бұл категория әрекет үшін автоматтық, инстинктік, олардың санасыздықтың жүруі ешқандай кедергісіз аса маңызсыз. Көбінесе осындай ұғымдар күмәндану, иллюзия сияқты қателіктер біріншінің екіншілеріне жатуы мүмкін ол адам интеллектісінің – ЭГО мен СУПЕР ЭГО « құрастырушымен». Әсіресе ойлауға негізгі бағаның функциясы мен бақылау жатады, демек білік әрекеті де қатысады.
Интуиция немесе санасыздықты әрекетті ғана ұсынбайды, сонымен қатар онымен байланысты себепші болған оның сенімділігі, сезімділігі, болжауы және де жорамалы. Тек саналылық қана әрекеттің қандай болғанын (әсіресе оның нәтижесінен), сезімділікті немесе қорытындыны (интуитивтік) – қате немесе дұрыстылығын, артық немесе жетіспеушілікті және т.б. нақты шеше алады. Демек, бақаша айтқан кезде, дәл солай осы саналылық қателеседі, және де тек сананы ғана бағаламай (физикалық, сондай-ақ интеллектуалдық), сонымен қатар олардың иллюзия (қабылдау) құбылыстары кезіндегі нәтижелері. Онда да «санасыздықтың тлықталуына» жауапкершілік те, қабілетті дағдылары, нақты білімдері және де осындай қасиеттер интуицияларының дамуы, ақ пейілділік және т.б. жатыр.
Ойлы оқытушы ең қателілік әрекетінің негізінде дайындықтың нақты деңгейі жайлы обьективті пікірін, студенттің шығармашылық потенциалын, білімнің проблемаларын және т.б. құрастыра алады. Қателіктер, сұрақтар сияқты қызықты және талантты мен тәрбиеліктің негізгі талаптары « оны, кім сұрайды», тәрбиеліктің негізгісін айтайық « егер, кім қателессе, сол бір емес»).
Қателіктердің талдамасы кезінде екі қасиеттер әрекетіне көңіл бөлу керек, анықталған қателіктер, қайталану мен үстеме, (Фрейд бойынша) олар « Осы әрекеттің шоқы» белгісі болып табылады. Шыныда да, қателіктердің қайталануы оның түсіндірменің өзі кездейсоқ. Үстеме бір әрекеттің басқа әрекет нәтижесінің сақталуының алмасуы күә болуы, негізгі берілген жағдайдың формасы болып табылмайды, керісінше оның қызмет етуі мен жиі «сылтау арасында көріну» кездейсоққа жасырылған. Осыдан нәтиже – педагогтың ықпал етуінен ниет тартылуы қажет, бірінші себеп әрекеттің қателегі емес, басқаша айтқанда ол түр немесе формасын ауыстырады.
Содан кейін шешудің келесі екі сұрақтары туындайды: егер қателік әрекеттер екі бұзақылық пен бұзушылық қақтығысының нәтижесі болып табылады (Фрейдтің терминологиясы), біріншіден не деген ойлар, бір-біріне бөгет келтіретін? Екіншіден олардың қатынастары қандай, олардың бәсекелестіктері қайда? Көбінесе жанжалдар ниеттерде туыстық қатынастар туындайды, бірақ сәйкес келмейтін өзара толықтырулар немесе түзетулер. Біріншінің шешуі мен екіншінің бьективтік талдамасы – педагогикалық практикада ең қиын және күрделі, ол көп білімді, жандық кішіпейілділікті, қатынаста нақты бейненің табандылықты талап етеді. Барлық әр түрлі ең қателік әрекеттер мен индивидтердің реакциялары, олардың аяқталынған, бұзылған ойлар үш топқа бөлінген.
Бірінші – қателік әрекеттер, оларды өзі бұзушылығын түсінетін, туындаған ойларын анықтау, негізгі түпкі ойын бұзатын, сонымен қатар бұл құбылыстарға әкелетін түрткілер, эмоциялар немесе басқа себептер. Көбінесе бұл бекітілмеген білімдер мен дағдылар, жетіспеушілік, оны жаратынды түрде біліктендіруге болады, бірақ берілген жағдайда күтпеген уақыттағы істеген ісі.
Екінші – қателік әрекеттер, индивид оларды істеген және де бұзылғанды анықтайды, бірақ оның қателік алдында анық. Негізінде бұл байланыс үйрену мен дағдылардың ауысу кздейсоғы. Көбінесе себеп шоғырланудың болмауынджа немесе белгілі психикалық жайсыздығында жатыр. Кейбір кезде бұзылған істер «айыпкерде» кейісті шақырады және сол әрекеттіңболмағандығына мойындамауы, олар көбінесе саналылық әрекетінің түрткісіне әшкерлейді.
Үшінші – жағдайлар жататын топ, мұнда фактінің өзі қателік әрекетінен және де бұзылған іс бұзушылықтың өзімен қайтарылады. Олар «айыптыға» бөтен көрінеді, осыдан аффектік реакциясы көрінеді. Бұл мұғалімдерге талап етілетін және үлкен көңіл бөлінетін ең күрделі жағдай.
Барлық үш топқа қателік әркеттің арқасында ашық болып шықты: істеген іс бұл анықталған әркеттің мазмұнын өзгерту, араласқан және толық оны ауыстыру. Осыдан қорытынды: қателік әрекеттің туындауы, негізгі ойдың щарты болып табылады. Бұл принцип қателік әрекеттің барлық түріне таратылады. Басқа істің түрі ретінде туындайды. Феномен туындайды, егер толық болмаған кезде, екі істің арасындағы компромисс. Бұндай компромисстің қалыптасуы келесі талаптар бар және субьективті (шаршау, жаман қылықтар) мен обьективті (дерексіз факторлар, бөгет жасайтын эмоциялар, жаман қоршаған орта т.б.).
Оқытушыға қателік әрекеттердің құбылыстар қасында жүреді;
-
Ешкім қателісуге жақсы көрмейді қателесетіндер жеі жағымсыз сезімдерді сезеді
-
Бөтен қателіктер жеі байқалады жиі өзінен бағаланады өзіңмен өқитындарға негізге себеп б.т. және де ешқандай жағымсыз жағдайды жібермейді;
-
Қателіктер жұқпалы болуы мүмкін, оларды аяғында контроль кезінде қателіспеу, қазір ол өкініш сезінеді;
-
Талапты зерттей, сонаның ұрындыруына бурмалау, жоғарында уақыттық аспектісі айтылған оның манызды тұрақтандырылған және позитивтік фактор түрінде (Қосымша мәлілер бөиынша) мұнда орындаушы өзін жағымсыз жағдайға қойған кезде санасыздықты еске түсіру қажет.
Қосымша мәліметтер бойынша оның бастауы еліктеушілік, белсенділік, сабаққа деген қызығушылықтың төмендеуі, жұмысқа арманы жоқтығы, нәтижеге мазалануы, қорқақтық, темпераменттің пайда болу еместігін орнатуға болады. Студенттердің әрекеті - әрқашан оқытушыға алаңдаушылық сигналы болып табылады. Соған байланысып, саналылық әрекет – ең шын, ең ашық, симптоматикалық және артық әрекеттер қатарына көңіл аудару қажет. Бұл сау адамдарда мақсатсыз киімдер мен заттарға манипуляциялар, аяқ-қолдардың қозғалысы, ойланбастан ыңылдаулар мен сықырлаулар т.б. туындауы. Мұнда біз невротикалық және психогендік актілерді қарастыру ортаға жағымсыз, зиянды, қорлық келтіретін, индивидтердің әр түрлі аурулардың дәлелдемесі, бірақ та олар жалпы механиканың болмауына немесе жасырын ойлау процесстің анықталуы. Жоғарыда қателік әрекеттерді айыру басқа ойдың жоқтығынан, сондықтан әрекеттер жиі жасырын эмоцияларды, санасыздық процесстер және басқа да толық психикалық актілерге жатады.
Олар артық күшке бағынған кезде энергиға артық шығуын береді, ол психикаға қолайлы жағдай туғызып, олардың рөлі позитивтік болуы мүмкін.
Стрессті төмендетуге тырысу және ең әдемі бірнеше мысалдарды табу үшін әр түрлі «жақсы ырымдарға», амулеттер, ритуалдық әрекеттермен байланысты. Мұғалімнің ролі ұйымның осы «жағымды пайдалы нәрселер» тұйықталынады. Өйткені олар оқуға психологиялық дайындыққа маңызды бөліміне кіреді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқушылардың жеке дарындылығын , қабілеттілігін есепке ала отырып, шығармашылық ынта – зеректігін тәрбиелеу – бұл келешекте кәсібилігі жоғары білім алушыны дайындаудың ең басты мәселелердің бірі болып саналады. Аталмыш зерттеу жұмысы кез келген студентті шығармашыл тұлға ретінде қалыптастырып, танытуға болатынын көрсетті. Адамның шығармашылық әлеуетін туғызу үшін кез келген уақытта өз жүйесі, арнайы технологиясы болу керек.
Тұлға ой санасының психологиялық механизмін біліп және түсіну керек. Жеке тұлғаның физиологиялық жағдайы мен ерекшелігін білу мен түсіну – шынайы да нәзік ,ыңғайлы түзетуге мүмкіндік береді. Түрлі әдіс – амалдар арқылы оның табиғи қабілетін санасынан тыс босату арқылы білім алушының дарындылығын бекемдеуде психологиялық сенімділігін қалыптастыру мен күшейту - педагог үшін өте маңызды.
Музыкалық өнерді зерттеу және тану – философия, педагогика, психология саласынан терең білімді болу арқылы игерілетін өте күрделі ғылым. Кез келген педагог – музыкантқа екі түрлі фактормен: музыкамен және студент тұлғасымен, яғни оның ерекшеліктері , талпыныстары және қабілетімен жұмыс істей білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |