73
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014
рін тұжырымдаған. Аталған термин осы негізде
трансформациялық грамматикадан аударма
теориясына енген.
Отандық аударматануда
трансформация
термині көптеген авторларда кездеседі.
Бірақ
оның қолданылуы аударма үдерісін сипаттаған
кезде бірдей емес.
Трансформация терминін
дəйекті түрде Я.И. Рецкер, Л.С. Бархударов,
А.Д. Швейцер жəне т.б. көптеген аудармата-
нушы-ғалымдар қолданады.
Олар трансформация терминіне келтірілген
анықтамаларда аударма үдерісін
аударма опе-
рацияларының жиынтығы ретінде анықтай
отырып, сол операцияларды «аударма транс-
формациялары» деп атаған. Бұл атау аударма
теориясына арналған көптеген еңбектерде
аударма өзгерістері терминімен қатар қолда-
нылады. Нақтырақ айтқанда,
аударма транс-
формациясы (аударма өзгерісі) аудармадағы
бастапқы мəтіннің түрлі элементтерінің өзгеру
операциясын білдіреді. Трансформация (транс-
формациялық ережелер, операциялар, тəртіп-
тер) ұғымы генеративтік грамматикадан аудар-
ма теориясына
енген бастапқы кезде транс-
формациялық ережелердің бес типін ажырат-
қан: пермутация (компоненттердің өзара ал-
масуы), түсіру(компоненттерді өшіру, кетіру,
қысқарту), қосу, ауыстыру(компоненттердің
орнын өзгерту), субституция (компоненттерді
алмастыру). Негізінде компоненттердің өзара
алмасуы олардың айтылымдағы өзара орын
ауыстыруы болып табылатындықтан, пермута-
цияны ауыстырудың
жеке жағдайы ретінде
қарастыруға болады. Сондықтан аударма тео-
риясында трансформацияның төрт бөлікті
типологиясы қалды: қосу, түсіру, орын ауыс-
тыру жəне алмастыру.
Достарыңызбен бөлісу: