Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет61/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   193
Аударма трансформациясы мағынасын  
кейбір ғалымдар тіларалық ассиметрия тер-
минімен бекітіп, тек аудармашылық транс-
формациялық іс-əрекеттерді ғана трансфор-
мациялық операциялар деп атауды ұсынады.
Белгілі ғалым Л.С. Бархударов трансфор-
мация терминіне сүйене отырып өзінің ау-
дарма концепциясын құрады. «Лингвистикалық 
аударма теориясының пəні аударма үдерісін 
тіларалық трансформация ретінде ғылыми 
сипаттау болып табылады», - деп жазады зерт-
теуші [1, 116]. Аударма теориясында трансфор-
мация термині тек тілдің жалпы синхронды 
сипаттамасында ғана қолданыла алатындығын 
ескертіп кетеді.
Л.С.Бархударов «аударма үдерісінде жүзеге 
асатын барлық өзгертулер немесе трансфор-
мациялардың түрлерін төрт қарапайым типке 
апаруға болады деп есептеді. Олар: 1) ауыс-
тыру; 2) алмастыру; 3) қосу; 4) түсіру. Ауыс-
тыруды ол «аударма мəтіндегі тілдік элемент-
тердің орнын (орналасу ретін) түпнұсқа мəтін-
мен салыстырғанда өзгерту» деп анықтады. 
Ауыстырылуы мүмкін элементтерге ол мəтін-
дегі сөздер, сөз тіркестері, күрделі сөйлемдер-
дің бөлшектері (clauses) жəне жеке сөйлемдерді 
жатқызды. Зерттеуші аударма трансформация-
ларының ішіндегі ең жиі кездесетін түрі – 
алмастыруларды, тіл деңгейлерінің айырмашы-
лығын негізге ала отырып, грамматикалық 
жəне лексикалық деп бөледі. Грамматикалық 
алмастырулар тобының ішінен ол сөз пішінінің, 
сөз таптарының, сөйлем мүшелерінің, күрделі 
сөйлемдегі синтаксистік ауыстыруларды ажы-
ратады. Лексикалық алмастыру ретінде ол 
нақтылау, жалпылау жəне себеп-салдар қатына-
сына негізделген ауыстыруды қарастырады.
Аудармаға қосудың қажеттілігін тудыратын 
себептердің бірі ретінде Л.С.Бархударов түп-
нұсқа тіліндегі сөз тіркестерінің семантикалық 
компонентттерінің айқындалмауын, сөйлем 
құрылымын синтаксистік қайта құру кезінде
қосымша компоненттерді қосу керектігі, сон-
дай-ақ түпнұсқа тіліндегі грамматикалық құ-
ралдармен берілген мағыналарды лексикалық 
құралдармен жеткізу қажеттілігін айтады. Се-
мантикалық тұрғыдан артық элементтерді
алып тастау – түсіру болып табылады. «Негі-
зінде трансформациялардың барлығы бір уақыт-
та, бір-бірімен үйлесімділікте орындалады. 
Яғни, орын ауыстыру алмастыруға, граммати-
калық өзгеріс лексикалыққа ұласады. Транс-
формацияның дəл осындай күрделі əрі кешенді 
сипаты аударманы қиын əрі күрделі етеді» [1, 
173] – деп тұжырымдайды Л.С. Бархударов.
Л.С.Бархударов теориясында аудармашы-
лық трансформациялар аудармалық тəсілдер-
мен үндеседі. Ғалым осылайша ауыстыруды
аудармашылық трасформацияның ең тараған 
əрі көп қырлы түрі екенін анықтаса, ал нақты-
лауды лексикалық ауыстырудың бір типі ре-
тінде қарастыра отырып, оны тəсіл деп те 
атайды.
Белгілі аударматанушы З.Д.Львовская Бар-
хударовтың ізімен аудармашылық трансфор-
мациялардың барлығын «эквиваленттті өзгер-
тулер» деп атай отырып, оларды жоғарыдағы
төрт қарапайым типке апарып қосады. Алайда, 
аудармашылық ауыстыруларды түрлерге бас-
қаша жіктейді: а) ортақ типтің ауысуы, б) сөй-
лем мағынасының ауысуы, в) бір сөйлемді екі 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1(147). 2014 
Аударма үдерісіндегі трансформалау типтері 


74 
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
немесе бірнеше сөйлемге ауыстыру, г) нақты-
лау т.б. [2, 123]. Бұндай типология кез-келген 
классификацияға қажет нақты ортақ логикалық 
негіз қарастырылмағандықтан да шашыраңқы 
көрінеді.
Аударма трансформациясының типология-
сын құрудың басқа да жолдары бар. Мəселен, 
В.Н. Комиссаров «өзгеру сипатына қарай 
аударма трансформациясы лексикалық, грам-
матикалық жəне лексика-грамматикалық деп 
бөлінеді деп жорамалдайды» [3, 375], яғни,
тілдік жүйенің деңгейлерінің ажыратылуы негіз 
ретінде қабылданады. Лексикалық трансфор-
мация «түпнұсқа мен аудармадағы сөздер мен 
сөз тіркестерінің арасындағы формалық жəне
мазмұндық қатынастарды сипаттайды». Комис-
саров лексикалық трансформациялар тобын өз 
ішінен формалық өзгертулер мен лексика-
семантикалық ауыстырулар деп бөле отырып,
трансформация/транслитерация жəне калька-
лаудың біріншісіне жататынын жазады. Ал, 
лексика-семантикалық ауыстыруларға нақты-
лау, жалпылау жəне модуляция (мағыналық 
даму) жатады. Зерттеуші сөзбе-сөз аударма, 
сөйлемнің бөлшектенуі, сөйлемдердің бірігуін 
жəне грамматикалық ауыстыруларды грам-
матикалық трансформацияның жиі кездесетін 
түрі ретінде қарастырады. Зерттеуші лексикасы 
да, түпнұсқаның синтаксистік құрылымдары да 
өзгеретін аударма трансформациясын ерекше 
топ деп атайды. Лексика-грамматикалық транс-
формацияның кең тараған түрлеріне антони-
миялық аударма, сипаттама аударма жəне 
компенсация тəсілдерін кіргізеді.
Аударматанушы Я.И. Рецкер барлық транс-
формациялар тппологиясын тілдік жүйелер 
деңгейіне негіздей отырып, лексикалық жəне 
грамматикалық деп бөледі. Ол лексикалық 
трансформацияны контекстегі бөтен тілдегі 
сөздің мағынасын ашатын логикалық ойлауд-
ың тəсілдері деп анықтады. Я.И. Рецкер лекси-
калық трансформациялардың ішінен жеті ерек-
шелікті көрсетеді: 
1. мағыналардың дифференциациясы; 
2. мағыналардың конкретизациясы; 
3. мағына генерализациясы; 
4. мағыналық даму; 
5. антонимдік аударма;
6. толығымен өзгерту; 
7. аудармадағы компенсация. 
Зерттеуші: «Грамматикалық трансформа-
циялар АТ нормаларына сəйкес аударма үде-
рісіндегі сөйлемнің құрылымының өзгеруі бо-
лып табылады. Трансформация сөйлем құры-
лымы толығымен немесе жартылай өзгеруіне 
байланысты толық немесе жартылай болуы 
мүмкін. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері алмас-
тырылса, толық трансформация, ал тек тұрлау-
сыз мүшелері алмастырылса – жартылай бо-
лады. Сөйлем мүшелерінен басқа, сөз таптары 
да ауыстырыла алады», – деп қорытынды-
лайды [4, 39].
А.Д.Швейцер аударма ғылымы туралы ал-
ғашқы терминдер тізімін жасай отырып, аудар-
ма əдістері мен трансформация тəсілдерін ажы-
ратады. Оның концепциясында аударма əдіс-
тері аударма тəжірибесіне жатады, ал əдістер-
дің негізін құрайтын трансформация көбіне ау-
дарманың теоретикалық моделінің элементтері
болып табылады. Ол трансформацияны семан-
тикалық жəне синтаксистік (грамматикалық) 
деп бөледі. Семантикалық трансформация-
ларды ол «ситуативті модельмен сипатталатын 
жеке сөздер мен айтылымдардың мағыналық 
құрылымының жалпы өзгертілуі» деп, ал син-
таксистіктерді «айтылымның грамматикалық 
құрылымының өзгертілуі» деп анықтайды [5, 
274]. А.Д. Швейцер семантикалық трансформа-
цияларға: 
 векторлық алмастыру; 
 семантикалық компоненттерді қосу; 
 семантикалық категорияларды алмастыру; 
 семантикалық компоненттерді түсіру;
 тасымал; 
 семантикалық компоненттерді бөлу; 
 семантикалық компоненттердің қайта-
лануы; 
 кеңейту; 
 жылжыту; 
 семантикалық компоненттерді қысқарту; 
 тарылту – т.б. жатқызады. 
Оның теориясында синтаксистік трансфор-
мациялар айтарлықтай орын алмайды. Ал, ан-
тонимдік аударма, жалпылау, нақтылауды
А.Д. Швейцер аударма əдістері деп көрсетеді.
Ал ғалымдар Ж.П.Вине мен Ж.Дарбельне 
ең алдымен аударманың тікелей жəне жанама 
деп аталатын екі бағытын ерекшелеп айтады. 
Тікелей аудармаға олар кірме (транскрипция 
немесе транслитерация секілді), калькалау, сөз-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет