Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет62/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   193
бе-сөз аударманы жатқызады. Жанама аудар-
маға – модуляция, адаптация, эквиваленция 
жəне транспозиция. Бірақ, олар оқырманға ау-
дарма терминдерінің глоссарийін бергенде, бұл 
тізімге алғашқы төртеуінің нұсқалары болатын 
басқа да əдістерді қосып береді. Атап айтсақ: 
амплификация, шассе-круазе, компенсация, қыс-
Е. C. Адаева 


75 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
қарту, эксплицитация, жалпылау, граммати-
калау, имплицитация жəне партикуляризация 
(нақтылау)
Сонымен аударма өзгертулері (трансформа-
циясы) типтерінің бірнеше жіктеулері бар екен-
дігіне көз жеткіздік. Əрине, олардың барлығы 
тым шартты, трансформацияның түрлі типтері-
нің арасында қатал кедергі жоқ. Кейбір транс-
формацияларды түрлі типтерге жатқызуға бо-
лады. Бірақ бұл ерекшелік қағидаларды түсіну 
мен оны тəжірибеде қолдануда соншалықты 
маңызды емес. Сонымен, біздер аударма үдері-
сін бір тілдегі мəтінінің екінші тіл мəтініне 
трансформациясы екенін анықтадық. Аударма 
кезінде əрқашан бірі екіншісіне тəуелсіз жаса-
латын - бастапқы, ал екіншісі біріншісінің негі-
зінде анықталған операциялар – тіларалық транс-
формациялар арқылы жасалатын екі мəтін бо-
лады. Өзгерту операциясы кезінде бастапқы бо-
лып қарастырылатын БТ(бастапқы тіл) бірлік-
тері сипатына қатысты аударма трансформа-
циялары лексикалық жəне грамматикалық бо-
лып бөлінеді. Сондай-ақ, кешенді лексика-грам-
матикалық трансформациялар бар.
Контекстегі өзге тілді сөздің мағынасын 
ашатын жəне оған сөздіктегілермен сəйкес кел-
мейтін баламасын табатын сөздерді лексикалық 
трансформациялар деп атау қабылданған
Аударма үдерісінде БТ жəне АТ(аударыла-
тын тіл) қатысуымен қолданатын лексикалық 
трансформациялардың басты түрлері: аудар-
ма транскрипциясы мен транслитерациясы, каль-
калау мен лексико-семантикалық ауыстырулар 
(нақтылау, жалпылау, модуляциялау). Көп тарал-
ған грамматикалық трансформацияларға: син-
таксистік ұқсастық (сөзбе-сөз аударма), сөй-
лемнің бөлшектенуі, сөйлемдердің бірігуі, грам-
матикалық ауысулар (сөз, сөз таптары немесе 
сөйлем мүшелерінің формалары). Кешенді лек-
сико-грамматикалық трансформацияларға анто-
нимдік аударма, экспликация (бейнелеу аудар-
ма) жəне компенсация жатады. 
Транскрипция жəне транслитерация – бұл 
түпнұсқаның лексикалық бірліктерінің қалпын 
АТ əріптері көмегімен құрудың əдістері. Транс-
крипция кезінде шет тіл сөзінің дыбыстық 
қалпы, ал транслитерация кезінде графикалық 
қалпы (əріптік құрам) жаңғырады. Қазіргі ау-
дарма тəжірибесінде жетекші тəсіл транслите-
рацияның кейбір элементтерінің сақталуымен 
жүретін транскрипция болып табылады. Тілдің 
фонетикалық жəне графикалық жүйелері бір 
бірінен ерекшеленетіндіктен, БТ сөз формасы-
ның аударма тіліне берілуі біршама шартты 
жəне ұқсас: kleptocracy-клептократия (ұрлық 
элитасы), skateboarding-скейтбординг (роликті тақ-
тада сырғанау). Тілдің əрбір жұбына БТ сөзінің 
дыбыстық құрамының берілу ережелері шыға-
рылады, транслитерация элементтерінің сақ-
талуы мен осы уақытта қабылданған ережелер 
ішінен дəстүрлі шектеулер көрсетіледі. 
Ағылшын-орыс аудармаларында транскрип-
ция кезінде жиі кездесетін транслитерация эле-
менттеріне: кейбір айтылмайтын дауыссыздар 
мен редуцияланған дауыстылар (Campbell 
[‘kæmbel] - Кэмпбелл жəне т.б.), қос дауыссыз-
дардың дауыстылар арасында жəне сөз соңын-
да дауыстыдан кейін берілуі (Bonners Ferry -
Боннерс Ферри, boss – босс) жəне белгілі үлгі-
лерге аудармада сөздің дыбысталуын жақында-
туға мүмкіндік беретін, сөздер орфографиясы-
ның кейбір ерекшеліктерінің сақталуы (Her-
cules missile – «Геркулес» зымыраны, Columbia 
– Колумбия) жатады. Дəстүрлі шектеулер та-
рихи тұлғалардың есімдері мен кейбір геогра-
фиялық атаулардың аудармасына тиесілі (Wil-
liam III – Виьгельм III, Charles I - Карл I, 
London-Лондон). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет