Нагашбаева нуршат талгатқызы


жақсы оқу – үлгілі оқушының бірінші белгісі



Pdf көрінісі
бет15/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

жақсы оқу – үлгілі оқушының бірінші белгісі. Мен осы тоқсанның ішінде 
қалай еткенде де озат оқушылардың қатарына қосылуым керек. Ол үшін:...». 
«Тегінде көздің жасы жылаушыға ғана емес, көрушіге де ауыр ғой. Оны 
сүюге, тамашалауға болмайды, тек түсіну керек. Адам басындағы қайғыға 


41 
ортақтасу – әрбір бауырмал, адал адамның әдеті. Ал дәл жылап отырған 
адамның жүзі мен еңіреген дауысы ешкімге де сұлу, нақысты болып көріне 
алмайды. Ондай жүзді жақсы көрудің өзі қиын. Мәніке болса сондай жылау мен 
көз жастан жиреніп отыратын» (М.Әуезов). Осы үзіндідегі «Адам басындағы 
қайғыға ортақтасу – әрбір бауырмал, адал адамның әдеті» деген жолдарды 
автор алғашқы екі сөйлемге қорытынды ретінде беріп тұр. Тағы бір мысалға 
назар аударайық: «Күле білмейтін адамды күлімдей жүретін ету үлкен 
еңбектердің бірі болу керек. Сол бір еңбек Ұлпанның қолынан келіп еді. 
Есеней оған күлімдей келді» (Ғ.Мүсірепов, «Ұлпан»). Байқап
тұрғанымыздай, 
автордың бұл сөзін сентенция ретінде қарап, шығармадан бөліп алып, дамытуға 
болады. Ар-ұждан, адамгершілік, ұят, бауырмалдылық тақырыбындағы 
трактаттың бөлігі ретінде қарап немесе бұдан да үлкен тілдік пайымдауға 
жеткізуге болатыны сөзсіз. Ал үзіндідегі соңғы сөйлем – болып жатқан оқиғаға, 
мәтінге қайта оралдырып тұр да, сентенция шығарма мен автор ойын 
жалғастырушы қызметін атқарып тұр. Демек, сентенция – шығарма ішіндегі 
абзацта не тарауда келтірілген автор ойы мен диалог кезінде кейіпкердің 
айтатын ойы және ол баяндалып отырған оқиғаға әсер, жаңаша серпін беретін 
элемент қызметін атқарады. 
Сентенцияның автор сөзі ғана емес, шығармада кейіпкер образын ашу 
үшін де қолданылатынын айттық. Енді соған мысал ретінде мына үзіндіге назар 
аударайық: «–Немене, менен бұрын беті жылтыраған қыз көрмеп пе? –
Таңдарлық қыз әрі есті, әрі сұлу болу керек емес пе? Сұлулығы жеңсе, есінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет