Құнанбаева Д.Ə


Экономикалық элементтері бойынша шығындарды топтастыру негіздемелері мен мазмұны



бет10/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69
шб кытап ()

Экономикалық элементтері бойынша шығындарды топтастыру негіздемелері мен мазмұны


Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтас- тыру өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру жəне өткізу шығындар сме- тасында көрсетіледі. Мұнда экономикалық мазмұнының бірлігі жəне табиғи бекітілуі бойынша шығындар жиналған. Барлық өн- дірістік кəсіпорындарда шығындарды құру қарапайым қызмет түр- лері бойынша келесі шығындардың элементтері қолданылады:



    • материалдық шығындар (қайтарылған қалдықтар құнын алу есебінде). Бұл элементке шикізат жəне материалдар, бөл- шектеуші өнімдер жəне берілген кəсіпорында қосымша қайта өңделетін жартылай фабрикаттар құны, сондай-ақ шеттегі ұйымдармен жасалатын өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтер құны, табиғи шикізат, жанармай, сатып алынатын электроэнергия, табиғи жоғалту нормалары шегіндегі материал- дық құндылықтардың жетіспеушілігі бойынша шығындар жа- тады.

Материалды ресурстар шығынының ішінен қайтарылатын қалдықтар құны шегеріледі. Қайтарылатын қалдық – бұл бас- тапқы шикізаттың дайын өнімге айналу процесінен кейін пайда болған, өзінің химиялық құрамын өзгерткен жəне алғашқы тұ- тынушылық қасиеттерін толық немесе жарым-жартылай жоғалт- қан немесе тікелей мақсаты бойынша пайдаланылмайтын ши- кізат қалдықтары;
– еңбекақы шығындары. Бұл элемент бойынша кəсіпорын- ның барлық өндірістік персоналының еңбекақы қоры көрсетіле- ді, қандай категориялы жұмысшы екеніне байланыссыз: өндіріс- тік жұмысшы, қызметкер немесе кіші қызмет көрсетуші пер- сонал. Еңбекақы шығындарына өндірістік нəтижелерге байла-
нысты сыйақылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде [16] кепілденген əртүрлі өтемақылар жатады;

  • əлеуметтік сақтандыруға аударымдар. Мұнда өнімнің өзіндік құнына кіретін ҚР-ның заңнамалық нормалары бойынша еңбекақы шығындарынан 11 % мөлшерінде [8] мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру органдарына, зейнетақы қорына жəне медициналық сақтандыру қорына төленетін міндетті аударым- дар көрсетіледі;

  • негізгі қорлардың амортизациясы кəсіпорынның балансында көрсетілген (өнім дайындалатын станоктар, өндірістік ғимараттар- дың барлық түрлері, оның ішінде зауытты басқару ғимараты, жеңіл жəне жүк көліктері, материалды емес активтер жəне т.б.) негізгі қорлардың барлық түрлері бойынша олар тозған үшін ай сайын аударылатын амортизациялық аударымдардың жалпы сомасын көрсетеді.

– басқа шығындар: салықтар, алымдар, төлемдер, сақтанды-
ру қорлары жəне заңнамада белгіленген тəртіппен жүргізілетін басқа да міндетті аударымдар, зиянды заттарды шығару үшін тө- лемдер, несиенің пайызын төлеуге арналған шығындар, іс-сапар шығындары, байланыс, банк, аудиторлық фирма қызметтері үшін төлемдер жəне бұрын аталмаған басқа да шығындар.
Смета элементтерінің тізімі шығындар құрамын олардың экономикалық тағайындалуы бойынша сипаттайды. Сметада өн- дірістік процесте пайдаланылатын ресурстардың жалпы көлемі жинақталады – «Өндірістік шығындардың жиыны». Осы сома- дан өнім өндірумен байланысты емес шығындар шегеріледі (өн- дірістік емес саладағы жұмыстар мен қызметтер, болашақ кезең- нің шығындары жəне т.б.) жəне жалпы өнімнің өндірістік өзін- дік құны анықталады. Егер жалпы өнімнің өзіндік құнында аяқ- талмаған өндірістік қалдықтардың өзгеруін (қосу немесе алу) ес- керсек, онда тауарлық өнімдердің өндірістік өзіндік құнын анықтаймыз. Оған өнімді өткізумен жəне жоғары тұрған ұйым- дарға міндетті аударымдармен байланысты өндірістен тыс шы- ғындар тобын қосқаннан кейін тауарлық өнімдердің толық өзін- дік құнын аламыз. Сметада өнімді өндіру жəне өткізудегі нəти- желер жоспарланады – пайда немесе шығын. Сметаның барлық көрсеткіштері кварталға бөлінеді.
Экономикалық элементтер бойынша шығындарды жіктеу кəсіпорын үшін маңызды болып табылады. Сметалық шығындар бөлімі кəсіпорын пайдаланатын əртүрлі ресурстың жалпы көле- мін анықтауға мүмкіндік береді. Сметада сырттан алынатын жə- не жабдықтаушыларға төленген ресурстардың шығындары көр- сетіледі. Сметада жоспарланған шығындар кəсіпорынның өнімді өндіру жəне өткізу, аяқталмаған өндірістің қорын құру, қосалқы, жанама шаруашылықтарды, көмекші өндірісті қамтамасыз ету- мен байланысты барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Смета негізінде кəсіпорынның өндірістік-қаржылық жоспа- рының бөлімдерін байланыстыру жүзеге асырылады: материал- дық-техникалық жабдықтау жөніндегі, еңбек жөніндегі, айна- лым қаражаттарына деген қажеттілік анықталады жəне т.б. Биз- нес-жоспардың барлық түрлері, ең алдымен, смета көрсеткіште- ріне негізделеді. Кəсіпорынның ресурстарды жеткізушілермен, қаржы-несие мекемелерімен шаруашылық байланысы, өндіріс- тік шығындар сметасын пайдаланумен қалыптасады.
Сонымен қатар шығындар сметасы негізінде шығындарды пайдаланудың нақты бағыты мен орнын (өндірістік процесс, қызмет көрсету цехы, зауыт басқармасының шығындары жəне т.б.) анықтау мүмкін емес. Сондықтан шығындарды пайдалану- дың тиімділігін талдауға, оларды төмендетудің резервін ашуға мүмкіндік болмайды. Ең бастысы, смета элементтері негізінде өнімнің барлық ассортименті, сондай-ақ əрбір атауы, тобы, түрі бойынша шығарылатын өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау мүмкін емес. Бұл міндеттерді шығындардың калькуляция бапта- ры бойынша жіктелуі шешеді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет