Құнанбаева Д.Ə



бет12/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69
шб кытап ()

Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар:

  1. Өзіндік құнның түсінігі жəне оның экономикалық мəнін ашып көрсетіңіз.

  2. Өнімді өндіру жəне өткізу шығындары қандай негізгі белгілер бойын- ша жіктеледі? Аталған белгілер бойынша шығындардың түрлерін келтіріңіз.

  3. Экономикалық элементтер бойынша шығындарды жіктеу мəні мен маз- мұнын келтіріңіз.

  4. Калькуляция баптары бойынша шығындар топтамасына сипаттама бе- ріңіз. Бұл шығындар топтамасының мəні неде?

  5. Экономикалық элементтер жəне калькуляциялық баптар бойынша шы- ғындар жіктемесінің өзара байланысы мен ерекшелігі.

  6. Төменгі кестедегі берілген мəліметтер негізінде өндіріс шығындарын, біріншіден, экономикалық элементтері бойынша, екіншіден, калькуляциялық баптар бойынша есептеңіз.






Шығындардың атауы

Сома, мың теңге

1

2

3

1

Жабдықтарды жұмыс күйінде ұстау жəне пайдалану шы-
ғындары

6523

2

Материалдық шығындар қайтарылатын қалдық құнын
алғанда

24539

3

Басқа шығындар

763

4

Басқа өндірістік шығындар

590

5

Шикізат пен материалдар

7924

6

Қайтарылатын қалдық (алынады)

95

7

Цех шығындары

5123

8

Əлеуметтік аударым

699

9

Өндірістен тыс шығындар

1691

10

Ақаулықтардан болған шығындар

39

11

Жалпышаруашылық шығындар

7103

12

Өндірістік жұмысшылардың əлеуметтік қажеттіліктеріне
аударым

443

1

2

3

13

Негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы

2949

14

Технологиялық мақсатқа кететін отын жəне энергия

1960

15

Амортизация

952

16

Өндірісті дайындау жəне іске қосу шығындары

1895

17

Өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысы

1143

18

Еңбекақы шығындары

6968

19

Сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдар, жартылай фабрикаттар

679

20

Сырттан алынған отын жəне энергия

2612


      1. тарау


ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫН ЖОСПАРЛАУ ЖƏНЕ БЮДЖЕТТЕУ


    1. Шығындарды жоспарлау міндеттері мен түрлері


Өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру жəне өткізу шығында- рын жоспарлау – шығындарды стратегиялық жəне оперативті басқарудың күрделі міндеті. Өнімді өндіру жəне өткізу бойынша шығындарды жоспарлау, есепке алу жəне бақылауды ұйымдас- тыруға жоғары талаптар қою керек. Өйткені кəсіпорын шығара- тын өнімнің нақты өзіндік құнын дұрыс жəне дер кезінде анық- таумен тікелей басқару шешімдерінің дер кезінде қабылдануы жəне тиімділігі – өндірісті одан əрі дамыту басымдықтарын дұ- рыс анықтауға байланысты.


Шығындарды жоспарлаудың негізгі міндеті кəсіпорын əре- кетінің болашақ кезеңде күтілетін экономикалық нəтижелерді анықтау болып табылады. Жоспарлау кəсіпорынның мақсатын жəне оған қол жеткізетін құралдарды таңдаудан тұратын басқа- ру функциялардың бірі болып табылады. Іс-əрекеттердің кез келген бағытын таңдау барысында, əсіресе ұзақ мерзімде өнді- ріске ресурстарды тарту бағытын, бұл бағыт қандай шығынды жəне қандай техникалық пен еңбек ресурстарын талап ететіні, сонымен қатар сыртқы ортаның болуы мүмкін өзгерістері қан- дай салдарға алып келетіні туралы кəсіпорын басшылығының нақты түсінігі болуы керек.
Шығындарды жоспарлау бұл өндірістік міндеттерді қою
жəне оларды жүзеге асыру құралдарын таңдау нысанында кəсіп- орынның жəне оның бөлімшелерінің мақсаттарын анықтау бо- лып табылады. Жоспарлар шығындарды ақшалай түрде көрсете- тін сметаларда нақтыланады.
Шығындарды жоспарлау олардың құрамын анықтауды, со- нымен қатар өндірістік үдерісте тұтынатын ресурстардың (мате- риалдық, еңбек, ақша) жалпы сомасын анықтауды жəне сапалық
бағалауды, болжамды пайданы есептеу үшін, сондай-ақ ресурс- тарды рационалды пайдалануды бақылау үшін жүзеге асыры- лады.
Шығындарды жоспарлау барысында келесі міндеттер шешіледі:

  • өнімді өндіруге қажетті ресурстардың құнын есептеу;

  • өндіріске қажетті шығындардың жалпы көлемін анықтау;

  • өнімнің түрлері бойынша өзіндік құнды есептеу.

Шығындардың жоспарланған көлемі белгіленген өнімнің құрылымына (номенклатурасы мен ассортиментіне) жəне өнді- ріс көлеміне байланысты есептеледі.
Жоғарыда аталған міндеттер техника-экономикалық есеп жолымен шешіледі. Онда материалды-техникалық нормалар, ең- бек нормативтері жəне басқа да техникалық құжаттармен бекі- тілген өндірістік үдерістің параметрлері қолданылады, сондай- ақ өндірістік қызметтің экономикалық шарттарын, яғни еңбек- ақы жүйесі, ресурстар бағасы, төлемдер мөлшері жəне тағы бас- қа заңдармен, нормативтік актілермен бекітілген көрсеткіштер ескеріледі.
Нормативті жəне нақты шығындарды есептеу нəтижесінде олардың арасында болған айырмашылықты жəне оның себепте- рін анықтауға болады. Нормативті жəне нақты шығындардың арасындағы ауытқудың себептері төмендегідей болуы мүмкін:

  • тікелей жəне үстеме шығындарының əртүрлі көлемі;

  • өндірісті немесе жартылай фабрикаттарды сатып алуды таңдау;

  • сапаны қамтамасыз ету шығындары, стандарттық норма- лардың өзгерісі;

  • өндірілетін өнімнің көлемі;

  • сұраныстың, бағаның əсері немесе басқа факторлар.

Атап кеткен себептерді алдын ала білікті мамандармен баға- лау өндірістік үдерістен қымбат, пайдасы төмен элементтерді алып тастауға мүмкіндік береді.
Соңғы шығындарды бағалау барысында стандартты өнімді шығаруға кететін барлық мүмкін шығындарды ескеру керек. Жаңа өнімді шығару материалдық жəне еңбек шығындарының үлкен көлемін жиі талап етеді, сондықтан осы жаңа өнімге ұқсас, бірақ қазірдің өзінде игерілген өнімнің шығындары мен салыстырып ауытқуды анықтау қажет.
Қазіргі кезде ағымдық жоспарлау барысында өнімнің шы- ғындары деңгейін нарықтық баға белгілейді. Нарық бағасының негізін ұқсас өнімді шығаратын бəсекелес кəсіпорындардың шы- ғындары құрайды.
Шығындарды болжау жəне жоспарлау келешек (ұзақ мер- зімді жоспарлау кезеңінде) пен ағымдағы (қысқа мерзімді жос- парлау кезеңінде) болып бөлінеді.
Ұзақ мерзімді жоспарлау міндеті жаңа өткізу нарықтарын меңгергенде, жаңа өнімді (жұмысты, қызметті) даярлау жəне шығаруды ұйымдастыруда кəсіпорын қуаттылығын жоғарылат- қанда күтілетін шығындар туралы ақпарат дайындау болып та- былады. Бұл маркетингтік зерттеулерге жəне ғылыми-зерттеулік тəжірибе конструкторлық жұмыстарға, капитал салымдарына жұмсалатын шығындар болуы мүмкін.
Ағымдағы жоспарлар кəсіпорынның ұзақ мерзімді мақсатта- рын жүзеге асыруды нақтылайды. Егер ұзақ мерзімді шығын- дарды жоспарлау дəлдігі жоғары болмаса жəне инфляциялық үдерістің ықпалына, бəсекелестердің іс-əрекетіне, кəсіпорында экономикалық басқару саласындағы мемлекеттік саясатқа, кейде форс-мажорлық жағдайларға тəуелді болса, керісінше жақын уа- қыттағы қажеттіліктерді көрсететін қысқа мерзімді шығындар- ды жоспарлау дəлірек болады, өйткені ол жылдық, тоқсандық есептерге негізделеді.
Ағымдағы шығындар қысқа мерзімді (ағымдық) жоспарлау- дың объектісі болып табылады. Олар кəсіпорынның ағымдық жағ- дайына, материалдық, кадрлық жəне қаржылық ресурстарына, кө- бінесе перспективалық жоспарлаудың сапасына байланысты.
Ағымдағы шығындар жалпы кəсіпорынның, бөлек бөлімше- лерінің немесе жеке шығыс элементтерінің сметаларында (жыл- дық, тоқсандық, айлық) көрініс табады.
Ағымдық смета кəсіпорынның ішкі жəне сыртқы жағдайының өзгерістерін ескере отырып, болашақ жоспарды нақтылайды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет