Калькуляциялық баптар бойынша шығындар жіктемесі өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтауға, шығындарды ассортимент- тік топтар бойынша бөлуге, жұмыстың əрбір түрі, өндірістік бө- лімшелер, басқару аппараты бойынша шығындар көлемін белгі- леуге, шығындарды төмендету резервін анықтауға мүмкіндік бе- реді.
Шығындарды топтастырудың калькуляциялық қағидасы шет елдің жəне еліміздің халық шаруашылығының барлық сала-
ларындағы бухгалтерлік есеп жүргізудің жоспарын құру негізін- де жатыр. Есеп жүргізу, сондай-ақ өзіндік құнның калькуляция- сының негізінде құрылады жəне талданады.
Калькуляциялық баптар бойынша жіктемеде шығындар олардың қолданылу бағытына, туындау орнына сəйкес (тікелей өнім өндіру, өндіріске қызмет көрсету, кəсіпорынды басқару жə- не т.б.) біріктіріледі.
2.2-кестеде экономикалық элементтер жəне калькуляциялық баптар бойынша шығындар типтік жіктемесінің салыстырмалы сипаттамасы көрсетілген.
2.2-кесте
Экономикалық элементтер жəне калькуляциялық баптар бойынша шығындардың жіктелуі
Экономикалық элементтер бойынша өндірістегі шығындарды топтастыру
|
Калькуляциялық баптар бойынша өндірістегі шығындарды топтастыру
|
1
|
2
|
1. Шикізат пен негізгі материалдар
(қайтадан пайдалануға болатын қалдықтар шегеріледі)
|
1. Шикізат пен негізгі материалдар
(қайтадан пайдалануға болатын қалдықтар шегеріледі)
|
2. Сатып алынған жинақтаушы бұйымдар, жартылай фабрикаттар мен ұйымнан тыс болған өндірістік
қызметтер
|
2. Сатып алынған жинақтаушы бұйымдар, жартылай фабрикаттар мен ұйымнан тыс болған өндірістік
қызметтер
|
3. Қосалқы материалдар
|
3. Қосалқы материалдар
|
4. Сырттан алынған отын жəне
энергия
|
4. Технологиялық мақсатқа кететін
отын жəне энергия
|
5. Барлық қызметкерлердің негізгі
жəне қосымша еңбекақысы
|
5. Өндірістік жұмысшылардың негізгі
жəне қосымша еңбекақысы
|
6. Барлық қызметкерлердің еңбекақы-сынан əлеуметтік
сақтандыруға төлемдер
|
6. Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысынан əлеуметтік
сақтандыруға төлемдер
|
7. Негізгі қорлардың амортизациясы
|
7. Жабдықтарды жұмыс күйінде
ұстау жəне пайдалану шығындары
|
8. Басқа да ақшалай шығындар
|
8. Өндірісті дайындау мен іске косу
шығындары
|
Өндірістік шығындардың
қорытындысы
|
9. Цех шығындары
|
|
Цехтық өзіндік құнның қорытындысы
|
|
10. Жалпыөндірістік (жалпышаруашылық) шығындар
|
1
|
2
|
|
11. Ақаулықтардан болған шығындар
(бекітілген ережелер шегіндегі тек өндірісте рұқсат етілген шығындар)
|
|
12. Басқа да өндірістік шығындар
|
|
Тауарлық өнімнің өндірістік өзіндік
құнының қорытындысы
|
|
13. Өндірістен тыс шығындар
|
|
Тауарлық өнімнің толық өзіндік
құнының қорытындысы
|
Калькуляциялық баптар бойынша шығындардың жіктелуін- де шығындардың алғашқы баптары тікелей жұмыс орнында жү- зеге асырылады жəне əрбір өнім түрінің өзіндік құнына байла- нысты қарастырылады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын калькуля- циялау осы шығындар баптары бойынша жүргізіледі: материал- дар, жинақтаушы бұйымдар, энергия шығыны нормасы бекітіле- ді, жұмыстың еңбексыйымдылығы жəне негізгі өндірістік жұ- мысшылары еңбекақысының сомасы жəне басқа да тікелей шы- ғындар анықталады.
Қалған барлық калькуляциялық баптар кешенді болып та- былады. Олар белгіленген қызметтерді атқаруда немесе өндіріс- тік звеноға қызмет көрсету жəне басқару қызметі бойынша шы- ғындарды жинақтайды.
Сондай-ақ жабдықтарды жұмыс күйінде ұстау жəне пайда- лану шығындары машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету шығынын, жабдықтарды, цех көлігін жəне құ- ралдарды ағымды жəне күрделі жөндеу, цехқа бекітілген негізгі қор амортизациясы, азқұнды жəне тез тозатын бұйымдардың то- зуы т.б. бойынша шығындарды қамтиды.
Өндірісті дайындау мен іске косу шығындарына келесі шы- ғындар кіреді: технологияны жетілдіру, жабдықтардың ауысуы, арнайы жабдықтарды дайындау жəне т.б.
Цехтық шығындар құрамына цехтарды басқару, дұрыс кү- йінде ұстау жəне оларға қызмет көрсету шығындары жатады: цех персоналының (негізгі өндірістік жұмысшылардан басқа мастерлер, цех басшылары жəне цехтың басқару апараты) жа- лақысы, жарықтандыру, жылу, цехті тазалау, ғимарат, жалпы цех жабдықтары жəне көлік құралдарының амортизациясы, ин- вентарь жəне төмен бағалы цех бұйымдарының тозуы жəне т.б.
Жалпы өндірістік шығындар кəсіпорынның бүкіл шаруа- шылық қажеттіліктерінің басқару жəне қамтамасыз ету бойын- ша шығындарын жабуға бағытталады: жалпыөндірістік бағыты бар басқару аппаратының, ғимаратты дұрыс күйде ұстау, көлік жəне т.б. шығындарын.
Өндірістен тыс шығындар өнімді өткізумен байланысты шығындарды (орау, жарнама, тиеп жөнелту, сату желісі, комис- сиялық төлемдер жəне т.б.) жəне де түрлі аударымдар мен тө- лемдерді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |