Кəсіпорынның маркетингтік қызметі жеке маркетингтік ша- ралардың кешенді жүйесі арқылы іске асырылады. Олар ұсы- нылған тауардың тұтынушы қалауындағы құнын құруға жəне зерттеуге бағытталған. Бұл іс-шараларды орындауға кеткен шы- ғындар маркетинг шығындарының бюджетін құру барысында келесідей реттілікпен анықталады.
Маркетингтік іс-шараларды іріктеу. Маркетинг жөнінде кəсіпорынның алға қойған мақсаты түрлі жолдар, түрлі іс-шара- лар арқылы орындалуы мүмкін. Кəсіпорын менеджерлері мақ- сатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін іс-шараларды іріктеп алу- лары қажет. Мұнда маркетологтар мақсатқа жетудің бірнеше жолын ұсынуы мүмкін.
Іріктелген іс-шаралардың құндылығы мен шығындарын бағалау. Менеджерлер маркетингтік мақсатқа қол жеткізуге мүмкін болған маркетингтік іс-шараларды іріктеп алғаннан ке- йін, бұл нұсқалар тұтынушы үшін құндылығы жəне оларды іске асырумен байланысты шығындар жағынан бағалану керек. Маркетингтік іс-шаралардың құндылығын бағалау эксперттік сипатқа ие болуы мүмкін, себебі оны қалыптасқан əдістермен бағалау қиын болып келеді. Құндылығын бағалаудың негізгі жə- не қорытынды көрсеткіштері ретінде өнімнің сату көлемі, саты- лым бағасын қарастыруға болады. Сонымен қатар маркетингтік іс-шараларды олардың орындалу мерзіміне қатысты бағалау қа- жет: маркетингтік іс-шаралардың құндылығы олардың орында- лу уақытына байланысты қалайша өзгеруі мүмкін.
Маркетингтік шығындардың бюджетін құру. Тауардың құндылығын бағалағаннан кейін маркетинг іс-шаралары төмен- дегідей топтарға бөлінуі мүмкін:
нөлдік құнға ие іс-шаралар;
құндылығы бірдей, бірақ орындалуына кететін шығын кө- лемі əртүрлі іс-шаралар;
құны əртүрлі, бірақ орындалуына кететін шығын көлемі бірдей іс-шаралар;
құндылығы əртүрлі жəне орындалуына кететін шығын кө- лемі де əртүрлі іс-шаралар.
Бастапқы сатыда міндетті сипатқа ие іс-шаралар, кейіннен бірдей құндылықтар жасайтын, бірақ шығын көлемі ең аз жəне құны бірдей кезінде жоғары құндылықтар жасайтын іс-шаралар іріктелініп алынады. Ары қарай маркетингтік мақсатқа қол жет- кізу үшін қажетті өзге де іс-шаралар іріктеледі (5.1-сурет).
Алайда тəжірибеде маркетинг қызметі жасап шығарған ұсы- ныстар кəсіпорынмен əрдайым толық көлемде іске асырылмай- ды. Мысалы үшін, маркетинг қызметі ұсынған тауар бойынша жеңілдіктер мен есептеулер жүйесі қаржылық қызметпен түзеті- луі мүмкін, себебі ондай деңгейде жеңілдіктер жасау немесе тө- лемді кешіктіру мүмкін емес немесе өндіріс бөлімшелері көрсе- тілген сипаттағы тауарды жасап шығара алмауы мүмкін.
Маркетингтік іс-шаралар жоспары негізінде құрастырылған маркетинг шығындарының бюджетін кəсіпорынның қаржылық мүмкіндіктеріне негізделе бағалау қажет, яғни ұсынылған бюд- жетті орындауға оларда қаржылық ресурс бар ма?
Ұсынылған маркетинг шығындары бюджетін орындау мүм- кіншілігін ақша қаражаттардың болуына жəне оларды тарту мүмкіншілігіне (несие алу, акционерлік капиталды көбейтуі ар- қылы) қарай бағалау қажет. Тіптен егер кəсіпорын басшылығы өзінің стратегиялық мақсаттарына ұсынылған маркетинг шы- ғындары арқылы қол жеткіземін десе де, кəсіпорынға оны қар- жыландыру үшін қаражат қажет.
Қаржылық бағалау жүргізгеннен кейін басшылық маркети- нгтік шығындары бюджетіне қатысты төмендегідей шешімдер қабылдауы мүмкін.
Маркетингтік шығындары бюджеті қаржылық мүмкінші- ліктерге сəйкес келеді, яғни оны орындау үшін кəсіпорынның қаражаты жеткілікті.
Маркетингтік шығындары бюджеті кəсіпорынның қаржы- лық мүмкіншіліктеріне сай келмейді. Кəсіпорын басшылығы мұндай жағдайда төмендегідей шешім қабылдауы мүмкін:
өздерінің стратегиялық мақсаттарын өзгерту, маркетинг шығындары бюджетінің қаржыландыру мүмкіншіліктеріне бай- ланысты оларды түзету;
стратегиялық мақсаттарды өзгертпей маркетингтік шы- ғындарын қысқарту мүмкіндіктерін ойлап табу;
келісімді шешімді іздестіру. Стратегиялық мақсаттар мен нақты мүмкіншіліктер арасында ортақ шешімге келу (мысалы, бір уақытта тауарды алға жылжыту шығындарын өнімді өткізу көлемі мен бірге қысқарту).
Достарыңызбен бөлісу: |