Құнанбаева Д.Ə


Өнімнің өмірлік циклі кезеңдері



бет21/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69
шб кытап ()

Өнімнің өмірлік циклі кезеңдері бойынша шығындардың құрамы



Кезең

Шығындар баптары

ҒЗТКЖ

  • жоба алдындағы маркетингтік зерттеулер жəне ойды қайта жетілдіру;

  • техникалық тапсырмаларын жасау;

  • жоба эскизін жасау;

  • техникалық жоба жасау;

  • сынақтық үлгінің немесе партияның конструкторлық жəне жұмыс құжаттарын дайындау;

  • сынақтық үлгі (партия) дайындау үшін жұмыс конструктор- лық жəне технологиялық құжаттарды дайындау;

  • сынақтық үлгіні (партияны) дайындау жəне сынақтан өткізу

Өндіріс

Өткізу

  • тара жəне дайын өнімді тұтыну орнына дейін жеткізумен байланысты көліктік операциялар;

  • өнімнің жəне оны тасымалдау, сату барысындағы экс- плуатациялық сипаттамаларының сақталуын қамтамасыз ету;

  • саудалық өндіруші-фирманың шығындарын жабу;

  • маркетингтік зерттеулер.

Эксплуата- ция

  • сатып алу;

  • монтаж;

  • пайдалануға өнімді жəне кадрларды дайындау;

  • жөндеу жəне қызмет көрсету;

  • өнімнің эксплуатациялық көрсеткіштерін сақтау жəне жақсарт

Утилизация

  • зерттеу;

  • утилизация құралдарын дайындау;

  • тасымалдау;

  • арнайы контейнерлер, таралар жəне т.б.

Өндіріс кезеңінде шығындарды анықтау дəлдігі шығарыла- тын өнім көлеміне байланысты: өндіріс көлемі көп болған сайын шығындарды анықтау үшін қолданылатын норма мен норматив- тер дəлірек болуы тиіс.
Өнімді сату кезеңінде шығындарды есептеу əдістемесі өнім- нің конструкциялық ерекшеліктеріне, оны тасымалдау, сақтау жəне өткізу шарттарына байланысты. Ерекше тасымалдау жəне сақтау шарттарды қажет етпейтін материалдан жасалған, шағын, конструкция бойынша қарапайым болатын өнімдер арзанға тү- седі. Бірақ өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сипаттамаларына қарамастан, өнімді өткізу шығындарына кəсіпорынның нарық- тық стратегиясына байланысты маркетингтік шығындары кіреді. Пайдалану, тұтыну, қолдану, іске асыру кезеңінде шығын-
дар есебі негізделетін нормалар мен нормативтердің нақтылық дəрежесі жəне дəлдігі өнімнің эксплуатациялық мерзімімен шек- теледі.
Утилизациялау шығындары өнімнің қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігімен алдын ала анықталады. Өнімнің құра- мында радиациялық ластанудың көзі жəне адам денсаулығы мен табиғатқа зиянды заттар, мырыш жəне тағы басқалар кіруі мүм- кін. Осындай жағдайлар қауіпсіздік нормаларын жəне қоршаған ортаны қорғау нормаларын ұстануды талап етеді жəне көп жағ- дайда көп шығындарға əкеледі. Бұл шығындарды өнімді өндіру- ші фирма өтейді, өнімнің бағасында немесе өнімді пайдалана- тын кəсіпорынның эксплуатациялық шығындарына кіреді. Бар- лық жағдайда утилизация шығындары қолданылатын қалдық ре- сурстар (жалпы лом, қымбат металдар ломы, екінші рет пайда- лануға жарамды бөлшектер) құнына төмендетіледі.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет