Құнанбаева Д.Ə



бет30/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69
шб кытап ()

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жалпы

Сег- мент
А

Сег- мент
В

Сег- мент
С

Сег- мент
D

І тауардың сатылым
бірлігінің маркетинг- тік шығыны

тг/дана

















Тауарды сатудан түс- кен түсімдегі марке- тингтік шығынның
үлесі

%

















І тауардың сатылым
бірлігінің жарнама шығыны

тг/дана

















Тауарды сатудан түс-
кен түсімдегі жарнама шығынның үлесі

%

















І тауардың сатылым бірлігінің сатылымды ынталандыру
шығыны

тг/дана

















Тауарды сатудан түс- кен түсімдегі саты- лымды ынталандыру
шығынның үлесі

%

















І тауардың сатылым бірлігінің жеке саты- лымды ұйымдастыру
шығыны

тг/дана

















Тауарды сатудан түскен түсімдегі жеке сатылымды ұйымдастыру
шығынның үлесі

%

















Маркетингтік іс-шаралар мен маркетингтік шығындарының мақсаттылығын қорытынды бақылау жəне талдау кезінде келесі- лер анықталады:



  • қол жеткізілген нарықтық ұсыныстар құндылығының нақ- ты көлемі;

  • нақты маркетингтік шығындарының сомасы жəне олар- дың сатылым көлеміне əсері;

– маркетингтік шығындарының жоспарланған жəне нақты көрсеткіштерінің айырмашылығы.


Кəсіпорынның маркетингтік қызметіне жұмсалған шығын- дардың мақсаттылығы бүкіл кəсіпорын жəне тауар мен қызмет түрі (немесе нарық сегменттері) бойынша маркетингтік шығын- дарының негізгі көрсеткіштері динамикасын талдау арқылы ба- ғаланады.


Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар:

  1. Кəсіпорынның маркетингтік шығындарының қажеттілігі мен ерекшелі- гін көрсетіңіз.

  2. Кəсіпорынның маркетингтік қызметіндегі шығындардың құрамы, түр-

лері.

  1. Сатылымды ынталандыру шығындарын келтіріңіз.

  2. Кəсіпорынның маркетингтік қызметіне əсер ететін ішкі жəне сыртқы

факторлар.

  1. Маркетингтік іс-шаралардың құндылығы мен шығындары негізінде марке- тингтік шығындары бюджетін құру тəртібі.

  2. Маркетингтік шығындарының негізгі көрсеткіштері.

  3. Маркетингтік шығындарының тиімділігі қалай анықталады?

  4. Маркетингтік шығындарын онтайландыру қаншалықты деңгейге кəсіп- орынның пайдасын өсіруі мүмкін? Маркетингтік шығындарын оңтайландыру бойынша іс-шараларды келтіріңіз.


      1. тарау


САПА ШЫҒЫНДАРЫ ЖƏНЕ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АЯСЫНДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ-ҚҰНДЫҚ ТАЛДАУ (ФҚТ)


    1. Сапа шығындарының түсінігі жəне жіктелуі


Сапа шығындары – тұтынушылардың тауармен (қызметпен) қанағаттануын қамтамасыз ету үшін жұмсалуы тиіс шығындар. Сапа шығындарының бірнеше жіктелімі бар. Олардың ішіндегі ең танымалы – А. Фейенбаум жəне Дж. Джуран тəсілі. Бұл тə- сілге сəйкес шығындар төрт санатқа бөлінеді:



  • алдын алу шараларының шығындары – ақаулардың болу мүмкіндігін болдырмау, яғни ақауларды немесе залалды азайту жəне толығымен болдырмауға бағытталған шығындар;

  • бақылау шығындары – сапаның қол жеткізген деңгейін анықтау жəне растау шығындары;

  • ішкі жоғалтулар (ішкі ақау шығындары) – жоспарлаған сапа деңгейіне қол жеткізілмеген кездегі ұйым ішінде шеккен шығындар (яғни өнім тұтынушыға сатылғанға дейінгі);

  • сыртқы жоғалтулар (сыртқы ақауларға кеткен шығындар)

  • жоспарлаған сапа деңгейіне қол жеткізілмеген жағдайда ұйым- нан тыс шеккен шығындар (яғни өнім тұтынушыға сатылғаннан кейінгі).

Осы барлық шығындар сомасы жалпы сапа шығындарын құрайды.
Жоғарыда қарастырылған сапа шығындарының жіктелуіне ұқсас тағы бір тəсілді Ф. Кросби ұсынған, бұл тəсіл бойынша сапа шығындары екі санатқа бөлінеді:

    • cəйкес келу шығындары – барлығын бірінші реттен дұрыс жасау үшін жұмсалуы тиіс барлық шығындар;

    • cəйкессіздік шығындары – бірінші реттен дұрыс жасалма- ғандықтан жұмсауға тура келетін барлық шығындар.

Аталған шетелдік ғалымдардың тəсілдері сапаны басқару саласындағы сапа шығындарын қазіргі заманғы жіктеудің негі- зін құрады. Бүгінгі тəжірибеде сапа шығындары екі санатқа бө- лінеді (6.1-сурет).
Біріншіден, бұл өнім сапасының тиісті деңгейін қамтамасыз ету жəне кепілдік беру үшін əрекеттерді сипаттайтын шығын- дар, яғни сапаның сəйкестікке қол жеткізумен байланысты шы- ғындар. Екіншіден, бұл сапаны қайта қалпына келтіру шығын- дары, яғни сапаның сəйкессіздік шығындары.
Бірінші санатқа тиісті шығындарды ақаулардың алдын алу- мен байланысты шығындар жəне өнімді бағалау мен бақылауға байланысты шығындар деп бөлуге болады. Екінші санаттағы шығындарды ішкі жəне сыртқы бас тарту салдарынан бөлуді көздейді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет